Материалдар / «Хореография – сұлулық негізі» «Би өнері - әлемнің рухани елшісі»

«Хореография – сұлулық негізі» «Би өнері - әлемнің рухани елшісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Хореография – сұлулық негізі» «Би өнері - әлемнің рухани елшісі»
Авторы:
19 Мамыр 2024
104
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ КММ №46 орта мектебі



«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Берикова НазгульАхметжановна



Әр халықтың тағдырына табиғатпен тартылған сыйы: біріншісі – жері, екіншісі – тілі. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры, қатынас құралы.

Демек, тілдің, сөздің орны ерекше екені бесенеден белгілі. Міне, осы орайда ана тілімізді қастерлеу әрқайсымыз үшін парыз. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.

Осынау құнды сыйды бағаламасақ, қазақ болып не керек? Халық болып не керек?

Осы орайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі», деп тілдің мәртебесі нақты анықталып көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 – бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп көрсетілген.

Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал.

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдігін кеңейту және оның өзіне жүктелген міндетті тиесілі деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Басқару тетігіндегі тілдік ахуал әр салаға тура ықпал етеді. Сондықтан, қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы басқарылатындығын ескеріп, мемлекеттік органдарда іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшірудің үлкен стратегиялық маңыздылығына көңіл бөлу.

Қазақша ойлауды жетілдіру. Ол үшін буыны қатаймаған балаға патриоттық тәрбие беру. Баланың санасын ояту, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейту үшін, олардың қызығушылығындағы әлемдік әдеби шығармаларды мемлекеттік тілге сапалы етіп аудару,қазақша сайттар санын көбейту т.б. жолдармен мемлекеттік тілге қызығушылықты арттырып, сол тілдегі ұшқыр ойлардың егесі болуға жетелеу; Егемендіктің нышаны болып табылатын мемлекеттік тілді сүюді, оны құрметтеуді, сол мемлекеттің азаматы болып табылатын әрбір тұлғаға азаматтық айнымас борыш ретінде жүктеу;

Біз бүгін Тәуелсіз Қазақстанда, құқықтық мемлекетте өмір сүріп келеміз. Өз кең байтақ жеріміз, мемлекеттік тіл статусына ие ана тіліміз бар. Бұл – ел ынтымағы мен бірлігінің үлкен жемісі. Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзін жадымыздан шығармайық дегім келеді.! Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.

«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын.

Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді».

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану- әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы адам баласы ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті — ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек.Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола деңгейіне жету мүмкін емес. Еліміздің әр азаматы тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпауы тиіс.

Біздің мемлекеттік тіліміз, ана тіліміз осы тілді жасап келе жатқан халқымыздың өткені, бүгінгісі, ертеңі. Қазақ тілі өзінің даласындай дархан, көңіліндей кең, халқымыздың қасиетті қара домбырасының үнімен үндесіп жатқан тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Ана тіліміз – әкеміздің қанымен, анамыздың бесік тербеп салған әнімен бойымызға сіңген, туған халқымыздың небір асыл жәдігерлерін заманымызға жеткізген қастерлі тіл.Ана тіліміз – ұлтымыздың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасынадарыған ана тілі ғана.Халқымызға сан ғасыр арман боп келген тәуелсіздіктің ең басты тірегі, белгісі де – ана тіліміз, ұлттық мәдениетіміз. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, баға жетпес қазынасы мен байлығына балайды. Оның себебі неде?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екенін ұмытпауға тиіспіз.Тас бұлақтың тұнығы да , ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахара даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілімізде!

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, еліміздің іргетасы, яғни «ұлттың қуаты — тілінде».

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздерекені мәлім.«Тәрбие басы — тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Махмұд Қашқаридың есіміне қатысты.

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы елбасымызды аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Біз барша Қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.


Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қандастарымыз үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, басты кемшілігіміз – осы.қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен. Мен өзім орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беремін, мен сабақ беретін сынып оқушыларының тоқсан пайызы қазақ балалары бола тұра орысша сөзді қолданатындары қынжылтады.

«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті екенін мен оқушыларға үнемі ескертіп олтырамын.

Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл — ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!