Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Х.Санбаев атындағы орта мектеп. Ашық сабақ Тынысалу 8б сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал биология пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге сонымен қатар жас мұғалімдерге көмегі бар деп ойлаймын.Тақырыбы Тынысалу жаңартылған бағдарлама бойынша жасақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:«Тыныс алу».

Х Санбаев атындағы орта мектебі

Мұғалімі:Құрманғазиева Нұргүл Тлешқызы

Күні:20.12.2018жыл

Сынып:

Қатысқандар :

қатыспағандар

Сабақ тақырыбы:

Адамның тыныс алу жүйесі


Оқу мақсаты:

Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу, терминдік сөздермен таныстыру,үш тілде сөйлеуді меңгерту.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысын біледі

  • Құрылысы мен қызметін байланыстыра алады

  • Өкпе мен ұлпада газ алмасу процесін түсіндіреді

Бағалау критерийі:

Оқушылар:

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысын біледі

  • Құрылысы мен қызметін байланыстыра алады

  • Өкпе мен ұлпада газ алмасу процесін түсіндіреді

  • Тақырып бойынша қорытынды жасай алады

Тілдік мақсат:


Оқушылар:

Жұпта тыныс алу механизмін талдайды,түсіндіреді

Пәндік лексика мен терминология

  1. Тыныс алу-дыхание - breathing

  2. Дем алу-вдох - inspiration

  3. Дем шығару-выдох - expiration

  4. Көкет-диафрагма - diaphragm

  5. Қабырғааралық бұлшықет-межреберные мышцы - intercostalmuscles

  6. Трахея-трахея -trachea

  7. Бронхы-бронхи - bronchi

  8. Кеңірдек-гортань - thelarynx

  9. Альвеола-альвеолы - alveoli

  10. Өкпе-легкие - lungs

Құндылықтар

Адамгершілік,бір-бірін сыйлау,ұқыптылық,академиялық сауаттылық

Пәнаралық байланыс

Химия- көмірқышқыл газы мен оттегі түзу, шығару

физика-газ алмасу

Бастапқы білім

Тыныс алудың маңызын,типтерін,омырқалы және омыртқасыз тыныс алу мүшелерін біледі. 3 сынып адамның тыныс алуы

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Оқушыларды топқа бөлу (Түстер арқылы)

3.Сабақ барысын түсіндіру

Жоспары:
1.
Видео арқылы тыныс алу мүшелерін таныстыру

2.Тыныс алу мүшелерін анықтау постер қорғау
3. «Сұрақтар шеңбері»4. Топтық жұмыстар.5.«Терминдер сөйлейді» 6. «Кім жылдам»


Оқушылар амандасып жаңа сабақты бастау барысында түстер арқылы 3-топқа бөлінеді.

Сабақтың басы

3-минут





Сабақтың ортасы

10 минут





















































5 минут























7минут





























































Сабақтың соңы:

10 минут


ІІ.Жаңа тақырып

1-тапсырма: (Ж)Тыныс алу мүшелерін анықтау:Постер қорғау

«Видео арқылы талдау»

Дескриптор:1 Газ алмасудың маңызын түсінеді

2. Тыныс алу кеуде қуысының механизмі туралы біледі

3.Өкпе жұмысының көрсеткіштерін айта алады,тыныс алу гигиенасын біледі.

«Сұрақтар шеңбері» тәсілі
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар топта шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріледі. Сосын талқылауды бастайды, әр оқушы белгіленген уақыт бойынша үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Оқушы сөзін, өз ойымен емес, алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай - ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.

1 - топ тапсырмалары.
1. Қандай мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды?
2. Неліктен тыныс алуды тіршіліктің негізі дейді?
3. Ер адамдардағы бидайық (кадык) неден пайда болған, әйелдерге неге жоқ?
4. Мұрын қуысы құрылысының ерекшелігі мен маңызы неде?
5. Дыбыстар неден пайда болады?
6. Дыбыстың жуан не жіңішке болып шығуын немен түсіндіресің?

2 - топ тапсырмасы.
1. Тыныс алудың ырғақтылығын немен түсіндіресің?
2. Тыныс алу мен тыныс шығару қалай жүреді?
3. Құрсақты тыныс алу типін түсіндіріңдер.
4. Тыныс алу орталығы қандай қорғаныш рефлексін туғызады?
5. Ол немен байланысты?
6. Газ алмасу деген не?

3 - топ тапсырмасы.
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенді қалай түсіндіресің?
2. Адам неге жүгіру кезінде көп ауаны қажет етеді?
3. Өкпедегі ауа сыйымдылығын немен және неге өлшенеді?.
4. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі неге байланысты?
5. Тыныс алуға қандай факторлар кері әсер етеді?

Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап бере алады

2.Оқулықпен жұмыс жасай алады сөйлей біледі

3.Сұрақтарға нақты жауап бере алады.

Суретпен жұмыс (топтық жұмыс)

Дескриптор:1Суреттерді талдай алады

2.Тыныс алу құрлысын ажырата алады

3.Суретке карап өз ойларын толық жеткізе алады.

Тыныс алу жүйесіне байланысты сәйкестендіру кестесін толтыру

  1. Сәйкестігін анықтау.

Мұрын қуысы

2.Көмей

3.Кеңірдек

4.Бронхылар

А) шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады;

Ә) ауа жылытылады, зарарсыздандырылады, ылғалданады және шаң-тозаңнан тазартылады;

Б) шеміршек сақиналарынан түзілген;

В) сілемейлі қабықта иіс сезу жасушалары болады

Г) сүйекті шеміршекті қалқа бар;

Ғ) сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген;

Е) қалқада үш қалқан орналасқан;

Ж) дыбыс түзіледі



2. тапсырма:

Оң жақ өкпе

а) негізгі бронхылар мен өкпе артериясы кіреді, өкпе венасы шығады

Сол жақ өкпе

ә) сыртқы өкпеқап жапырақшасымен жабылған


б) екі бөлімнен тұрады


в) үш бөлімнен тұрады

3 тапсырма:


1 Мұрын қуысы

а) Шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады

2 Көмей

Б) ауатамыр

3 Кеңірдек

С) Ауа жылытылады,зарарсыздандырады

4 Бронхылар

Д) Сілемейлі қабықпен қапталған,дыбыс саңылауы болады

Дескриптор :1.Кестемен жұмыс жасап ойларын жеткізе алады.

2.Сәйкестендіре біледі

3.Топтасып жұмыс жасай алады.

Терминдік сөздікпен жұмыс.

Тыныс алу-дыхание - breathing

Дем алу-вдох - inspiration

Көкет-диафрагма - diaphragm

Өкпе-легкие – lungs

Спирометр- Spirometr

Газ алмасу-газобмен-Exchange

"Кім жылдам?". /5 минут/ Баспалдақ әдісі.
А. Тыныс алу мүшесі?
Б. Өкпе қайда орналасқан?
В. Диафрагма деген не?
С. Өкпені қаптаған жұқа қабықша
Д. Сероз деген не?
Е. Өкпе қандай бөліктерге бөлінген?
Ж. Өкпе көпіршігі мөлшері қанша?
З. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
И. Адам бір рет тыныс алғанда ауа мөлшері
К. Кеңірдек шеңберінің саны
Л. Дыбыс қай жерден шығады?
М. Газ алмасу деген не?
Н. Тыныс алуға қандай бұлшықеттер қатысады?
О. Тыныс алу орталығы орналасқан жері
С. Оттегі қайда сіңіріледі?

Дескриптор:1Терминдік сөздерді талдай алады

2.Бірлесіп жұмыс жасай алады еркін сөйлей біледі.




Оқушыларға жана сабақты түсіну барысында видео көрсетіледі.

Оқушылар тапсырманы ашу үшін тақырыптарын алып талдайды.Топ басшылары барлық тобындағы оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалап отырады.



Терминдік сөздермен танысу

























Сұрақтар шеңбері арқылы әр топ келесі топтың тапсырмасы арқылы шеңбер арқылы талдап айтып шығады.



































Оқушылар топқа берілген сурет арқылы суретте берілген тапсырмалар бойынша суреттін құрылысын жазады, талдайды.































Сәйкестендіру кесте арқылы өздерінің жылдамдықтарын көрсете алады.









































Уш оқушыдан тақтаның алдына шығып берілген терминдік сөздерді ыммен көрсету арқылы табады.













Сабақтың соңы оқушылар баспалдақ әдісі арқылы бүгінгі сабақты қортындылайды.




2 минут

Өзін-өзі бағалау парақшасы

Сыныбы___________

Аты-жөні______________________

1-тап

2-тап

3-тап

4-тап

5-тап

6-тап

қорытынды
















Сабақтың соңында оқушылар бағалау парақшасындағы баллдарын есептеп шығарады.



1минут

Үйге тапсырма: Тыныс алу мүшелері қызметі бұзылуына не себеп? Шағын мәлімет


2-минут

Кері байланыс: Білім ағашы. Жасыл жапырақ – түсінікті болды, табысқа жеттім. Сары жапырақ – сұрақтарым бар, толық табысқа жеткен жоқпын. Қызыл жапырақ – қиналдым, табысқа жету үшін тағы қайталауым керек.


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып іледі.

Саралау – Сіз

Қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?












Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төмендегі суретті түсіндіріп бер.

Қабілеті жоғары оқушы: Ойланып, жауап бер: Терең тыныс ал. Тынысты барынша ұстап тұр. Тыныс алудың еріксіз/непроизвольно/ қалпына келуіне қанша уақыт кеткенін есепте. Тыныс шығарғанды да осылай есепте. * Неге тыныс алу еріксіз қалпына келеді? * Неге тыныс алу кезінде тынысты тыныс шығаруға қарағанда ұзағырақ ұстай аламыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағ ы байланыс
















































































































 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12