И дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

И дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 – бөлім «Бізді қоршаған әлем»

Тақырып: Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі

Мектеп: Атырау қаласы №36 мектеп-гимназиясы

Мұғалім: Құбай Әсия Дүйсембайқызы

Тоқсан: 2

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. И дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

И әрпіне байланысты сөздер, мәтін, әңгімелеу барысында жаңа сөз тіркестерін пайдалану.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Шаттық шеңбері










Сабақтың ортасы

8 минут



1 Өткен сабақты еске түсіру. «Cмайлик» ойыны арқылы ойын ойнатып, сұрақ қою:

-Сөз неден құралады?
-Дыбыстың өзі нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не?

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстың өзі нешеге бөлінеді? Ата.

-Дауыссыз дыбыстың өзі нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс қандай түстермен белгіленеді?

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

2 «Пазл» әдісі

Оқушылар үстелдің астындағы әр түрлі қиындыларды алып, құрайды.

-Оқушылар қандай сурет пайда болды?

1-топ:

(инелік)

2-то:
(ине)

3-топ: (ит)

4-топ: (итмұрын)

- Ине, инелік, ит, итмұрын сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр
- И дыбысын айтып көрейік

- Қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен.

- И дыбысы бар сөздерді есімізге түсіріп көрейік.

-ширақ, сирақ, сирек, тиек, иіс су, қи, ти.
- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында сонымен қатар соңында да кездеседі.
- Осы әріпке ұқсас қандай әріп бар?
- И және Й әріптерінің айырмашылығын видео арқылы түсіндіру.

3 Оқылым.

ши

иек

ирек

иық

тиін

Ие

ти

тиек

сирек

қиық

тиын

шие


Керек

Ие керек итке,

Ине керек жіпке,

Икем керек іске,

Иық керек жүкке.

Қастей Баянбай

4 Айырмашылығын тап.



Оқушылар «тиын» мен «тиін»-нің айырмашылықтарын айтып, өз ойларын ортаға салады.




Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

















<iframe width="854" height="480" src="https://www.youtube.com/embed/QZpCvjz1DFM" frameborder="0" gesture="media" allowfullscreen></iframe>

Сергіту сәті

1 минут

«Жұмыр қылыш» видео

<iframe width="854" height="480" src="https://www.youtube.com/embed/wAKpGwfZdk4" frameborder="0" gesture="media" allowfullscreen></iframe>




Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут



Shape1

И



5 Фильм не туралы?

  • Орыс тіліндегі видеоны көрсету

  • Қазақ тіліне аударып, түсіндіру

  • Сұрақ қою арқылы пысықтау

  • Фильмге ат қою.

  • «Ит –адамның досы» дегенді түсіндіру.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

-Фильм не туралы?
- Ит туралы
- Ит не істейді?
- Ит өрт арасынан баланы құтқарып алып шығады.

- Ит сөзі қандай әріптен басталып тұр?

- Олай болса «и» әрпіне байланысты топтық жұмыс орындайық.

1-топ:Адасқан буындар

Ши рек

Си рақ

ти лік

ине ек

2 топ:Дыбыстық талдау жаса

ИShape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 не тиме сирек

Shape9 Shape10 Shape13 Shape12 Shape11

3Shape14 - то 3-топ: ОShape19 Shape20 Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25 Shape15 Shape16 Shape17 Shape18 йлан тап:

Shape32 Shape31 Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26

Shape34 Shape38 Shape37 Shape36 Shape35 Shape33



4-топ: Тиісті әріптерді орнына қой

Picture 1


6 Тыңдалым

Апам-үлкен кісі. Ол ши тоқиды. Мен апама:

-Апа, мына шиді кім тоқиды?-деп сұрадым. Ол:

-Бұл шиді мен тоқыдым,-деді.

6 Жазылым

  • «И» әрпімен танысқан соң «и» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.

  • «И» дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сіздер ауада жазып қайталайсыздар.

Буындарды оқыту. И дыбысының айтылуына мән бергізу.


Сөздік диктант жазады: ине, инелік, иек, тиек,шие, ие.




Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.00.2018
1039
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі