Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Игтеллектуалды ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ХХІ ғасыр
көшбасшысы»
1 -
жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
ата-аналар!
2 -
жүргізуші: Армысыздар, құрметті ойынға қатысушы
сайыскерлер!
1 -
жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» демекші
бүгінгі біздің мектебімізде 7- 8 сынып оқушылары арасында өткелі
отырған биология пәнінің «Пән көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош
келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан
танылады,
Қатты білім, терең ой
саналады.
Баға берер әділқазы
ортамызда
Сіздерге құрметпен қол
соғылады.
Қазылар орнықтырар
әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты,
Білім мен тапқырлардың
сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты -дей отыра
әділқазы алқаларымен таныс
болайық
1.
Кашенова
Қ.К.
2.
Алишева
Г.Р.
3. Темірбекова
Ж.
1 -
жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие - тәлім табар
мән.
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен
білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс
болыңыздар.
2 -
жүргізуші:
1 –
ойыншымыз 7 Г сыныбының оқушысы - Қалберген
Әсел
2 – ойыншымыз 7 Г сыныбының оқушысы - Асқарбай Аружан
3 – ойыншымыз 7 Ә сыныбының оқушысы - Серикова Карина
4 – ойыншымыз 7 Ә сыныбының оқушысы – Кайсаринова Аружан
5 – ойыншымыз 8А сыныбының оқушысы – Тілеуқабыл Аяулым
6 – ойыншымыз 8 А сыныбының оқушысы – Коксумбаева Маржан
7 – ойыншымыз 8 А сыныбының оқушысы – Ережеп Ажар
8 – ойыншымыз 8 В сыныбының оқушысы – Абильдаева Томирис
9-ойыншымыз 8 В сыныбының оқушысы – Еркетай Елдана
10-ойыншымыз 8 В сыныбының оқушысы – Жакипбекова Амина
Ойыншылармен таныс болсақ оларға сәттілік
тілей отырып 9 «ә» сыныбының оқушылары Султанова Айнұр мен Сұлтан
Аружанның орындауындағы «Менімен биле » әнін қабыл
алыңыздар!
1 -
жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз
5 айналымнан
тұрады:
1.
Бәйге
2.
Көкпар
3.
Полиглот
4. Ғажайып
жетілік
5.Жорға
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлер өздерің таныстырып кетсе
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші
баршаңызға сәттілік
тілейміз!
2 -
жүргізуші: I – айналым
«Бәйге»
Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың,
Қиындықтан өткізер
–
деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық
1 -
жүргізуші: Бәйгенің
шарты:
Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп
бағдарламасынан 15 сұрақ беріледі.Қай ойыншы бірінші қоңырауды
соғып дұрыс жауап берсе сол ойыншы 1 ұпайға ие болады. Егер де
жауап бере алмаса келесі
қоңырауды
басқан оқушы жауап бере алады.Дұрыс жауап 1 ұпайдан есептелінеді.Ұпайы аз 2 оқушы ойынды осы жерден тоқтатады.
1.вирустарды зерттейтін ғылым саласы.........вирусология
2.бактерияларды зерттейтін ғылым саласы......бактериология
3.саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы.......микология
4.өсімдіктерді зерттейтін ғылым саласы........ботаника
5.жануарларды зерттейтін ғылым саласы......зоология
6.жасушалар құрылысын зерттейді........цитология
7.ағзалар құрылысын зерттейді.....анатомия
8.жасушаның құрамындағы заттарды зерттейді.........биохимия,молекулалық биология
9.тірі ағзаның негізгі қасиеттері......зат алмасу,қоректену,тынысалу,қажетсіз заттарды тысқа шығару,қозғалу,көбею,өсу,даму,тіршілігін жою
10.ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.....иммунитет
11.зең саңырауқұлақтарын ата.....пеницилл,аспергилл
12.қазір жер бетінде қанша өсімдік бар ...500000
13.Қазақстанда қанша өсімдік бар..5600
14.жүйелеудің ең жоғарғы сатысы....дүние
15.жүйенің ең кіші бірлігі...түр
2 - жүргізуші: Ендеше ұпайы аз 2 оқушымен қош айтысайық. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
2-ші айналым –Көкпар.Бұл айналымда сайыскерлеріміз 4 ғылым атаулары бойынша ұяшық таңдайды (ботаника, зоология, анатомия,қоршаған орта) Әр ұяшықта 10,20,30 ұпайлар бар. Жауабын дұрыс тапқан сайыскер көрсетілген ұпайларға ие болады. Бәйге айналымында жоғары ұпай жинаған ойынды ойынды бастайды.
Ботаника 10 ұяшық -Жасушаның
көбеюіне қатысатын органоид?
(ядро
Ботаника 20
ұяшық Өсімдікке жасыл түс беретін
пластид?
(хлоропласт)
Ботаника 30
ұяшық Шие,өріктің жемістеріндегі сүйек қандай
ұлпадан тұрады? (тірек
ұлпасынан)
Зоология 10 ұяшық Гидраның асқорыту жасушасының орналасқан қабаты ? (энтодерма)
Зоология 20 ұяшық Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі? (мальпиги түтікшелері)
Зоология 30 ұяшық Балықтар қаңқасының құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді? (шеміршекті және сүйекті)
Анатомия 10 ұяшық. Жасушаның энергетикалық станциясы? (митохондрия
Анатомия 20 ұяшық. Тәулігіне адамға қанша су керек? (1,5-2,5 литр)
Анатомия 30 ұяшық. Адамның омыртқа саны (33-34)
Қоршаған орта 10 ұяшық Тұңғыш рет «Қызыл кітап» қай жылы басылып шықты? (1966 жылы
Қоршаған орта 20 ұяшық Қазақстанда қанша қорық бар? (10)
Қоршаған орта 30 ұяшық Жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы? (Экология)
Көкпар айналымында ұпайы аз 2 оқушымен қош айтысамыз.
Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» демекші бұл айналымда жасырылған жұмбақтың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берулерің керек. Өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.(3 тілде жауап берсе -30 ұпай, 2 тілде жауап берсе-20 ұпай, 1 тілде жауап берсе-10 ұпай)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны айтасыздар.
1 -
жүргізуші: «Ғажайып
жетілік» айналымына да келіп жеттік. Оқушылар өздері
қалаған ұяшықты таңдап, ұяшықтағы сұрақтарға жауап берсе сол ұяшық
ұпайын иеленеді. Ұпайы жоғары ойыншы
бастайды.
1 қатар 20 ұяшық:Құрттарды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (гельминтология)
1 қатар 30 ұяшық :Сүйекті балықтарда болатын ерекше мүше? (торсылдақ)
1 қатар 40 ұяшық :Қызанақ тұқымдасы? (Алқа тұқымдасы)
2 қатар 20 ұяшық :Бидай тұқымында қанша жарнақ болады? (1)
2 қатар 30 ұяшық:Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім?(кеуде қуысы)
2 қатар 40 ұяшық:Қабыршақтылар отрядының өкілдері? (жыландар,кесірткелер,құбылғылар)
3 қатар 20 ұяшық: Тыныс орталығы қайда орналасқан ? (Өкпеде)
3 қатар 30 ұяшық: Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден қанша % ақпарат алады? (90 %)
3 қатар 40 ұяшық:Суда ерімейтін органикалық қосылыстар? (Майлар)
2 -
жүргізуші: Әділ қазы алқалары ұпайы аз 2 ойыншыны
анықтап, олармен қош айттыссақ. Сайыскерлер көңілдеріңізді
түсірмеңіздер, ойын шарты солай.
1 -
жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен
байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен
байқадық.
Әрқашанда осы өнерді
сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер
әрдайым.
2 -
жүргізуші: Келесі айналым «Жорға» соңғы 2 сайыскеріміз
берілген сұрақтарға жауап береді. 1 минут уақыт
беріледі.
I оқушы
1.мүктерді зерттейтін ғылым саласы...бриология
2.ағаш сабағы...дің
3.тәңірді шамдандырған ағаш....баобаб
4.жабайы баклажан қай жерде өседі...үндістанда
5.мәдени өсімдіктердің қанша түрі бар...25000
6.картоптың отаны...оңтүстін Америка
7.адам қажетін өтейтін бағалы дақылдар...мәдени өсімдіктер
8.жануарлардың қолдан шығарылған түрі...қолтұқым
9.мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын зерттеген ғалдым....Н.И.Вавилов
10.өсімдіктердің жаңа іріктемелерін ,жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым...селекция
11.ең ежелгі астық дақылы...бидай
12.Қазақстанда бидайдың қанша түрі өсіріледі.......6
13.цитрусты өсімдіктердің отаны......Оңтүстік-Шығыс Азия
14.жануарларды жіктеудің сызбанұсқасын қалыптастырған ғалым...К.Линней
15.қазір ғаламшарымызда жануарлардың қанша түрі бар....1,5 миллионнан астам
16.жабық тұқымды өсімдіктердің гүлді өсімдіктер деп аталуы не себепті...көбею мүшесі гүл
17.қосжарнақтылар класында өсімдіктердің қанша түрі бар...177000
18.лимон қышқылы неден алынады....аспергилдің бір түрінен
19.қыналардың қанша түрі бар .....26000
20.бір жасушалы балдыр қашан пайда болды....1,6млрд бұрын
II оқушы
1.құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңызды өкілі............мақта
2.лалагүл тұқымдастар қандай өсімдіктер............даражарнақты,шөптекті,көпжылды
3.екпе күріштің биіктігі қанша............50-150см
4.қалқанша безінің жұмысын не жақсартады............ламинария
5.1 грамм топырақта қаншаға жуық балдыр болады......50000
6.Теңіз жүзімі деп нені атаймыз....саргассум
7.бриология ғылымы нені зерттейді....мүктерді
8.мәңгі жасыл өсімдікті ата......плаунтектестер
9.орманның батпаққа айналуына не себепші....көкек мүгі
10.қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған ғылым....кәрім мыңбаев
11.өлі жасушалы өткізгіш ұлпа неде болады.....қарағай сүрегінде
12.қай ағаштың бүрінен мармелад жасалады.....аршаның
13.жабық тұқымдылардың қанша түрі белгілі....250000
14.техникалық дақылдар дегеніміз қандай өсімдіктер....кез келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер
15.сексеуіл,көкпек,бұйырғын ненің өкілі....лалагулділердің
16.мақта тұқымындағы майдың мөлшері....24-26пайыз
17.бунақденелілердің қанша түрі бар .....700000
18.картоп қандай өсімдік....алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын шөптекті көпжылдық жылу сүйгіш өсімдік
19.күрделігүлділердің жер шарында қанша түрі бар ...20000нан астам
20.құртқашаш тұқымдасының жемісін ата....үш ұялы қауашақ
1 - жүргізуші:Бүгінгі сайыс қиын да қызықты өтті деп ойлаймыз.Оқушыларымыз бірінен бірі өткен тапқыр да білімді екендерін көрсетті. Әділ қазы алқалары шешім қабылдағанша 9 «Ә» сынып оқушысы Абдурасулов Ерасылдың орындауында «жаным қазақ» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі сөзді әділқазы алқасына
береміз
2 -
жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік
елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін
жерімізде.
Аман - сау болайықшы
көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс
көгімізде!