Тақырып бойынша 11 материал табылды

І.Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарашаш – «Күйші» поэмасындағы басты кейіпкердің бірі. Автордың түпкі ой қазығы бойынша, ол – ұнамсыз тұлға. Солай бола тұрса да, оның кейбір адамдық қасиеттерін де ақын жарқыратып алға жайып салған. Ол алған беттен таймайтын, орта жолда бөгеліп қалмайтын, алдына қойған мақсатын орындамай тынбайтын, қайратты, кесек мінезді тұтас характер. Ол мәмілеге келуді, шегінуді білмейтін өр тұлға ретінде есте қалады. Қарашаш ақылсыз әумесер де емес. Ашумен қатар ақылы да бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары Қазақ әдебиеті


Мектеп: Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп

Күні: 09.04.18ж Мұғалімнің аты-жөні: Омарова А.С.

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


І.Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Сабақ мақсаттары:

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу,талдау

Бағалау критерийлері:

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашады,талдайды.

Коммуникативтік дағдылар

Білу,түсіну

Бағалау,салыстыру

Анализ және интерпритация

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау, бағалау

Пәнаралық байланыс


Алдыңғы оқу

І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Басталуы



Үй тапсырмасын сұрау:


Ұйымдастыру кезеңі



Зымыран сұрақтар







Ортасы

Жаңа сабақ:







3 4 4І.Поэма мазмұны бойынша композициялық талдау жасасақ.

Қобызшы//Малқыбай шал// Матайдағы - А

3 4 4

Матайда //Кенже, Тұңғат,// Сақайдағы - А

3 4 4

Қазақта// қобызшының //қалғаны сол, - В
 

3 4 4

Жорға еді// маймаңдаған// бақайшағы, - А

1.Авторы – Ілияс Жансүгіров
2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
3. Жанр түрі – поэма
4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру.
5. Шумақ саны –
6. Тармақ саны –
7. Буын саны – 11
8. Бунақ– 3

9 .Ұйқас – Қара өлең

Басталуы: Алатау күй тыңдады ауылдай боп,

Тас болып, толқып жатты бауырдай боп.

(күй құдіретіне тамсанған табиғат)

Дамуы: Өзінің ордасында батыр Кене

Тарттырып домбыраны отыр Кене.

(Хан Кене ордасындағы жиын)

Шиеленісуі: Ордадан бұдан артық тілемеймін,

Бер маған осы адамды басы бүтін.

(Қарашаштың Кенеге қолқа салуы)

Шарықтау шегі: Соғады кейде суық мұздың күйі,

Толғанған жар сағынып қыздың күйі.

(Қарашаштың күйшіге деген сезімі)

Шешімі: Домбыра бостандықтың ырғағын тарт!

(Күйшінің бостандық алуы)

Оқушылар біз І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының мазмұнымен таныс болдық. Бүгінгі сабағымызда поэмаға әдеби талдау жасаймыз.

Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасасақ:

Қарашаш – «Күйші» поэмасындағы басты кейіпкердің бірі. Автордың түпкі ой қазығы бойынша, ол – ұнамсыз тұлға. Солай бола тұрса да, оның кейбір адамдық қасиеттерін де ақын жарқыратып алға жайып салған. Ол алған беттен таймайтын, орта жолда бөгеліп қалмайтын, алдына қойған мақсатын орындамай тынбайтын, қайратты, кесек мінезді тұтас характер. Ол мәмілеге келуді, шегінуді білмейтін өр тұлға ретінде есте қалады. Қарашаш ақылсыз әумесер де емес. Ашумен қатар ақылы да бар.
Қарашаш - әр алуан сыр-сипатымен терең бейнеленген күрделі кейіпкер. Ол тарихи тақырыпқа жазылған поэмалардағы дараланған типтің бірі.
Поэмада күйші жігіт жөнінде онша көп мәлімет жоқ. Кедей екені, шешесі бар екені айтылады. Ақын оның портретін, мінездемесін бере қойған жоқ. 
Поэмадағы күйші жігіт екі түрлі сыр-сипатымен, яғни өнерпаздығымен көзге түседі. Ал, хан феодалдарының құлдық бұғауынан босатуға ұмтылу, рухани байлықты жасау – халықтық қадір-қасиет үйсін күйші жігіт арқылы көрінеді.
Күйші жігіт өмірінің нақтылы көріністерін, сезім күйін, арман дүниесінің бұралаң-қалтарыстарынан нәзік те әсерлі тіл бояуларымен суреттеу арқылы халық өкілінің әп-әдемі бейнесін ақынның мүсіндеп бергені – поэмадағы елеулі көркемдік жетістік. Оның ең басты қасиеті бойына жинаған асқан халықтық дарыны - өнерпаздығы. Шығарманың «Күйші» атануы да осы бір өзекті сарынмен тікелей байланысты.
Күйші жігіт басында оянған махаббат сезімін де ақын келістіре толғайды. Жалпы жастық, махаббат деген үлкен рухани күш. Ол адамды шабыттандырады, қанат бітіріп, көкке ұшырады. Бойға бұрқыраған жігер-күш беріп, тау қопартады. Адам санасын нұрландырып, мол жарыққа кенеледі. Қарашашқа ынтыққан поэмадағы күйші жігіт халі осындай. Бұрынғы өзі тартып жүрген тоқсан түрлі күйді қоя тұрып, шабыт қанатына мінген өнерпаз өз жүрегінің жаңа күйін – махаббат күйін төгеді.
Поэмадағы күйші жігіт – есте қаларлықтай кесек тұлға. Ақын оның асқан өнерпаздығын, өміріндегі бұралаңы бар күрделі сәттерді құлпырта сөз бояуларымен айқын суреттеп берген. Домбырадағы тоқсан құбылған құдіретті күйдің адам сезімдерімен ұштасқан кейде реалистік, кейде романтикалық кейпін -өрісін ақын өрен шабытпен өлең өрнегіне шебер түсірген. Күйші жігіттің барлық қадір–қасиеті – халықтың бойындағы асыл мінез, қадір-қасиеттердің жарқын көріністері. Бұл шығарманың бүкіл рухынан көрініп тұр.
Поэмада адамдар тұлғасы нақтылы сипатталған. Бірі ұнамды, бірі ұнамсыз дегендей. Поэманы оқығанда есте қалып қоятын кейіпкердің бірі - хан Кенесары Қасымов. Кенесары – тарихи шындыққа сәйкес, өзінің зұлымдығымен, жауыздығымен айқын көрінеді. Бұл жөнінде ака
демик Қ. Жұмалиев:
 «Ақын сөз арасына, кейбір ғана қысқаша сурет, баяндау, репликалар арқылы, Кененің жексұрындық мінез-құлық әрекеттері де шеберлікпен көрсетеді. ...Жауыздық, қара жүректілік, менмендік, қара халықты менсінбей, оларға тәкаппарлықпен қараушылық бәрін бір-екі шумақпен-ақ ақын түйіп берген емес пе?» - деп поэмадағы Кенесары бейнесі жөнінде дәл топшылау жасады. 
Ақынның поэмадағы суреттеу шеберлігіне тоқталайық.

Теңеу: Күлдірлеп қоңыраудай, жүйрік аттай, қымыздай балға ашытқан, оймақтай аузы, сұлтандай сүйігімді.

Эпитет: Зарлы күй, ащы күй, алтын күрек, мақпал бау, құс мамық, қылаң қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу, ақиық қыз.

Кейіптеу: Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ-сылқ күлді, ауырып домбыра да ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды.

Метафора: Кенем-құтым, мен-тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып, жаңа толқын-жасыған күй.

Градация:Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып,

сығып, сарқып т.б.
 

Портрет:

Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз,

Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.

  • Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін. Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ. Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр, Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр. Жыландай жиырылған кесерткі қыз…

Күй аттары: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат».

Қорытындылау: Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік сапасы аса жоғары. Сонымен қатар, идеялық мазмұны да терең. «Күйші» кезінде де, кейін де идеялық қадір-қасиетімен жарқырап көзге түседі. Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани байлық екені хақ. Сондықтан да, «Күйші» поэмасы Ілияс талантының шарықтаған шағының тамаша туындысы. Қорыта келе, І.Жансүгіровтың «Күйші»шығармасы өнерді дәріптеген туынды. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- адамның асыл мұрасы»,- деген ойын жеткізеді. Өзінің өнерге деген құрметін, сый-сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, сақтап, қастерлеп ұрпақтан - ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер





Соңы.

Рефлексия











Үйге тапсырма

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ: басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек:бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс істедім?

Ортан терек:ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек: шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек: көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтан алған әсерлерін сұраққа жауап беру арқылы жеткізеді.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Оқушылардың оқуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақта әр түрлі тапсырмалар, топтық, әдістері арқылы сараланған тапсырмалар беріледі.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүзеге асады.

«Бас бармақ», «Бағдаршам», «Парталас көршіңе бір пікірді таңдаңыз», «Көңіл күй таразысы», мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.07.2018
7986
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12