Материалдар / Ілгекті бізді қолға дұрыс ұстау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ілгекті бізді қолға дұрыс ұстау

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінен ілмекпен жұмыс жасау сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2018
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: технология


Тақырыбы: Ілгекті бізді қолға дұрыс ұстау

Мектеп: «Ордабасы» ж.о.м.


Күні:


Мұғалімнің есімі: Мыңбосын Құттықыз


СЫНЫП: 7а


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ негізделген оқу

мақсаты(мақсаттары)


Ілгекті бізді қолға дұрыс ұстауды үйрету


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: Ілгек бізді қолға ұстап үйренеді




Оқушылардың басым бөлігі: Ілгекті бізбен тоқи алады




Кейбір оқушылар: Ілгекті бізбен әр түрлі өрнектер тоқи алады



Табыс нәтижелері


Барлық оқушылар: Ілгек бізді қолға ұстап үйренемін




Оқушылардың басым бөлігі: Ілгекті бізбен тоқи аламын




Кейбір оқушылар: Ілгекті бізбен әр түрлі өрнектер тоқи аламын



Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығулар(төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар


Басталуы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ басында оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеп, сабаққа қажетті жабдықтарды дайындау. Сабаққа оқушылар назарын аудару, түрлі ой тастау,психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Жылы сөз» тренингін өткізу, оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап үлкен әсем жүрекпен бір-біріне жылы сөздер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу. Бағалау критерийлерімен таныстырамын. «Түймедақ» әдісін қолдана отырып, әрбір дұрыс жауапқа жеке оқушы бір күлтешеден жапсырып отырады, ол бір баллға сәйкес екенін түсіндіремін.

Үй тапсырмасын пысықтау Үйге берілген тапсырманы «Керемет ойын » әдісі арқылы сұрау. Бұл әдіс бойынша оқушылар қолдарындағы сан арқылы рет-ретімен сұраққа жауап береді.

  1. Қандай ұлттық қолөнер түрлерін білесіңдер?

  2. Сыммен қандай бұйымдар тоқуға болады?

  3. Ілгекті бізбен қандай бұйым тоқылады?

  4. Тоқу ерекшеліктері қандай?

  5. Қандай жіп түрлерін қолданамыз?

  6. Тоқыма өнері адамды неге тәрбиелейді?

  7. Тоқыма бұйымында заманауи технология дегеніміз не?


Ресурстар

Тоқыма жіп, кеспе қағазы, түймедақ суреті

Жүрек жастық, АКТ

Ортасы

25 минут

Жаңа сабақ:

«Үштік одақ» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты түсіндіреді. Сарамандық жұмыс:

Оқушылар ілгекті бізді, жіпті қолдана отырып оны қолға дұрыс ұстап үйренеді, тоқу барысында қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Ілгекті бізбен бастап, тізбектеуді үйренеді.


Ресурстар

Суреттер, журналдар


Дайын тоқыма бұйымдар, тоқыма жіп,ілмек. АКТ

Аяқталуы

10 минут


Қорытынды:

«Ойлан жауап қайтар» әдісі арқылы жұмбақтар шешу:

  1. Екі семсер айқасқан

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

  1. Қимылдаса қос жебе

Қыруар-қыруар іс өнер. (қол)

  1. Зырлайды күшік әжемнің

Қолынан сүйек кеміріп

Күн асұан сайын ақ күшік

Барады мүлде семіріп. (ұршық)

  1. Бір тышқанда екі құйрық. (ине.жіп)

«Үш сұрақ» әдісі бойынша топтар бір- біріне үш сұрақ дайындайды.Сұрақтың мағыналы болуы, дұрыс жауап бергендер бағаланады.

Кері байланыс:

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазады.

Бүгін не үйрендім?

Маған не ұнады?

Маған не ұнамады?

Сабаққа ынталы қатысып жұмыс жасағанына қарай «түймедақ» әдісімен жинаған балын есептей отырып бағалаймын.

Үйге тапсырма:

Ілгекті бізбен тоқып үйрену




Ресурстар

стикер

Қосымша ақпарат

Саралау– Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

+

Бағалау- Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс: биология, матем, әдебиет, сурет

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері:



Рефлексия

Сабақ/ оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабағымның басында оқушылармен сәлемдесіп,кезекші оқушыдан жоқ оқушыны анықтадым.Оқушылар назарын сабаққа аудару,түрлі ой тастау,психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Жылы сөз»тренингін өткіздім.Оқушылар жүрек жастықшаны бір-біріне беру арқылы жылы лебіздерін айтып шықты.Оқушыларды топқа түстер арқылы бөлдім.Көк және қызыл түстер арқылы топтасты.Әрі қарай оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырып өттім.Оқушылар өзін-өзі бағалау «Түймедақ» әдісі бойынша әрбір дұрыс жауапқа гүл күлтешелерін жапсырып отырды. Үй тапсырмасын «Керемет ойын» әдісі арқылы сұрадым.Бұл әдіс бойынша оқушылар түстердің артында жасырылған сан бойынша кезек-кезек қойылған сұрақтарға жауап берді. «Интервью» тәсілі арқылы мәліметтерді өз сөздерімен баяндады.Өз еңбегінде Мерсер мен Метлан(2007) «Диалог » негізінде оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне өлес қосатынын атап көрсетті. Жаңа сабақта «Үштік одақ» әдісін қолдандым.Нәтижесі жақсы болды.Оқушылар белсенділік танытып отырды.Оқушыларға қауіпсіздік ережесі туралы ескерттім.Ілгекті бізді қолға дұрыс ұстай алмайтын Айым мен Гүлназатқа ілмекті дұрыс ұстауды көрсеттім.Алғашқы кезде қиналғанымен кейін қол үйренген кейін оңай тез тоқи бастады.Қыздардың басым бөлігі ілмекпен тоқи алатындарын көрсетті.»Ойлан жауап қайтар» әдісін оқушыларды жылдам ойлауға әрі сергіту сәті ретінде жұмбақтар жасырдым. «Үш сұрақ» әдісі бойынша сабақты бекіттім.Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар көп болды.Өз беттерінше ізденіп бір-біріне сұрақтарды дұрыс қоя білді.Осы сабағымның сәтті өткен сәті деп айтуға болады.Дәстүрлі сабақтарыма қарағанда бүгінгі сабақтарымның ерекшеліктері көп болды.Әдістерді меңгере білді.Сабаққа деген қызығушылықтары артты.Білмегендерге өз білгендерін үйретуді қыздарым жақсы меңгерді.Сабақ соңында жинаған балы мен жасаған жұмыстарын көрсетіп бағаланды. Сабақ соңында оқушылар стикерге Бүгін не үйрендім? Маған не ұнады? Маған не ұнамады? Бойынша кері байланыс жасады. Берілген уақытты тиімді пайдалана алмадым,себебі әдіс-тәсілдерді көп қолданғандықтан үлгермеушілікті байқадым.Келесі сабағымды жоспарлағанда осы кемшіліктерді жоямын деген ойдамын.Міне,менің бір сабағымда алған әсерім мен жетістігім осындай болды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!