Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы фольклорлық дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдері, студенттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР



Наурзалина Асылдана Суюновна

Ақтөбе қаласы, №9 орта мектеп-гисназиясының қазақ тілі мұғалімі


Фольклор-қазақ халқының тұрмысының айнасы. Фольклордағы бейнелі, бедерлі сөз үлгілері-поэзияның суреттілік сипатын арттыратын шарттың бірі. Поэзиядағы нақышты сөз шығарманың ажарын ашады, оның эстетикалық-эмоциялық әсерін арттырады. Адамды нәзік сезімге бөлеп, оның ойын оятады. Көркемдік қуаты әлсіз болса,шығарсаның нәрсіз болуы әбден мүмкін. Сондықтан, оның көріктеулерінен ақпа-төкпе ақындардың талай бундары үлгі алып, өздерінің шеберліктерін шыңдаған. Қазақ әдебиеті сахнасында есімі алтын әріптермен жазылған көрнекті ақын Ілияс Жансүгіров шығармаларының да фольклормен байланысы болуы заңды құбылыс. Ақынның ауыз әдебиетіне жақындығы оның арнау өлеңдерінен, фольклорлық жанрлар аясында шығарма тудыруынан да көзге түседі. Яғни, Ілияс Жансүгіровтің алмас қылыштай жарқылдаған жыр жазып, жалынды ақын болуы біріншіден оның туа біткен талант-дарынына байланысты болса,екінші жағынан халық поэзиясының айшық ажарына өз өлеңдерінде аса шеберлікпен пайдалана білуінде болса керек. Өйткені, фольклордың құнарлы топырағынан нәр алмаған ақын бола қояр ма екен?! Кез-келген көрнекті ақындардың белгілі бір дәстүр негізінде туып, оның жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мұндай дәстүр мен сабақтастықтан Ілияс та сырт қалмаған. Демек, !лияс Жансүгіровтің поэзиясының бір бастау көзі-фольклор болып табылады.

Ендігі кезекте ақынның фольклорлық дәстүр негізінде жазылған бірқатар өлеңдеріне тоқтала кетейік.

Мәселен, ақынның «Беташар» деген өлінңін алайық. Бұл өлең былайша жырланады:

«Айт-айт келін, айт келін,

Атың басын тарт келін,

Сауысқаннан сақ келін,

Жұмыртқадан ақ келін.

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Ала-құла демеңіз,

Атын айтып беріңіз»,-деп келеді.

Беташар- қазақ халқының фольклорында қалыңдық түскенде айтылатын жыр үлгісі. Осы жыр үлгісінің фольклорлық шығармаларда орын алуына тоқталып өтейік. Әдетте, беташар «келін, келін келіп тұр,келіп үйге еніп тұр» деп басталады. Бұл бөлімде жаңа түскен келінді ел-жұртымен таныстырса, «айт келін-ау, айт келін,атыңның басын тарт келін»-,деген жолдардан екінші бөлім басталып, келінді алдағы өмірі туралы, мінез-құлық мен тірлігі қалай болу керек екендігі туралы айтылалы. Яғни, бірінші бөлім;

«Сауысқаннан сақ келін,

Жұмыртқадан ақ келін.

Күйеуіңе шақ, келін,

Ел-жұртыңа жақ келін»,-деп келсе,

екінші бөлімде:

«Бетіңді келін ашқаным,

Жаңа жұртқа тосқаным...»- деп өріле береді.

Демек, ақын жас келінге өсиет айтуды, оларға өнеге үйретуді мақсат еткен де, осы мақсатты жүзеге асыру үшін ең қолайлы тәсіл ретінде беташар жыр үлгісін пайдаланған.

Сонымен қатар, ақынның «Бөбек бөлеу» атты өлеңін талдап көрейік. Ілияс Жансүгіровтің бұл өлеңі:

«Бөл-бөл бөбек, бөл бөбек,

Бөлейін бері кел, бөбек.

Бедерлі бесік, төрт есік,

Төгілте салдым төр төсек.

Бөпешім бесік отауың,

Отауыңа кір бөбек»,- деп жырлайды.

Сәби тәрбиесә мен құлқын қалыптастыруда өзіндік орны ерекше қазақ халқының бесігі туралы ой қозғайды. Бұл туында қазақ фольклорындағы үлкен тарау «Бесік жырымен» үндес келеді. Ауыз әдебиетімізде «Бесік жыры»:

«Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама,бөпем,жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның жілігін,

Жіпке тағып берейін»- деген сияқты жолдармен

жеткізіледі. Бұл екі шығарманың да айтар ойы мен көздеген нысанасы-бесіктің сәби өміріндегі маңызына тоқталу, бесік жырының сәби өміріндегі алғашқы өнер мектебі екендігін жеткізу. Міне, Ілияс Жансүгіровтің жырларының фольклорлық шығармамен үндемтігі осыдан аңғарылса керек.

Жоқтау-ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі. Көне дәуір салтымен сабақтас туған өлең түрін Ілияс Жансүгіров те кеңінен пайдаланған. Ақынның «Бай-бай Құлагерім» атты өлеңінде:

«Бай-бай-ай

Бай-бай-бай-ай.

Шынымен кеткенің бе Құлагерім,

Қасымда қасынасып тұрар едің.

Бас па бас қызға бермесжануарым,

Басылар өлгеніңше қайтіп шерің?!


Құлагер айналайын, арғымағым,

Осы еді өлмегенде шабар шағың.

Құтсыз көл Жыландының жарысында,

Құшақтап қанды басың зар жыладым»,- деген жолдарда ақынның досындай көргенажалына қатты қайғырған күйін білдірген өлеңі жоқтау үлгісінде ұшырасады.

Қайталау-фольклор жанрларының көбінде кездесетін көркемдік тәсілдің бірі және әр жанр табиғатына лайық қызмет атқарады. Бұл тәсіл Ілиястың алдында өмір сүрген ақындар поэзиясына да тән. Мәселен, «Алаң да алаң, алаң жұрт» (Қазтуған), «Ей, Абылай, Абылай» (Үмбетей), «Мен,мен едем, мен едім» (Махамбет) т.б. Мұндай қайталаулар арқылы жыраулар тыңдаушының назарын аударады, айтар ойды күшейтіп, өлеңнің әсерлілігін арттырады. Фольклордың табиғатынан туындайтын жеке жыраулар поэзиясындағы мұндай қайталаулар Ілиясв Жансүгіров шығармаларында да ұшырасады. «Сеп, сеп, сеп» , «Ұмытсын, көңілім, ұмытсын» т.б өлеңдерінде кездеседі.

Ілияс Жансүгіров өлеңдерінде көркемдеу құралдарының сан алуан түрі бар. Фольклорда теңеу, эпитет, метафоралар поэтикалық құралдардың арыдан келе жатқан көне түрлеріне жатады.

Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей – ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасындағы:

Ұшырып жер бетінен жазыққа айдап,

Бұрқылдап бірде әлсіреп, бірде қайнап,

Құмайдай түлкі қуған құлдыраңдап,

Қырандай түлкі алатын көзі жайға


Бурадай кейде аузын қарш – қарш шайнап,

Ойнақтап, оқ жыландай андығайлап.

Тұлпардай жер тарпыған пысқырынып,

Жорғадай майда дауыс, кейде маймақ, - деген жолдардағы «құмайдай», «қырандай», «бурадай», «оқ жыландай», «тұлпардай», «жорғадай» деген сөздер теңеу үлгісінде пайдаланылып, поэманың көркемдік шеберлігін артырып тұр.

Ал, эпитет – заттың, құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз айтар ойды анықтау, суреттеп отырған нәрсені нақтылау қиын. Сол себептен де Ілияс Жансүгіров шығармаларында эпитет көптеп кездеседі. Оларға тоқтала кетсек:

Үй іші сап-сары ала, жапқан зері,

Ақкүміс, ауыр тұрман қын зергері. – деген жолдардағы, және:

Көздері көрген көптің еткенде жалт,

Қан басты жерді – көкті қып-қызыл нарт, - деген «күйші» поэмасынан алынған жолдарда «сап-сары», «қып-қызыл» сөздерінде эпитет өте жақсы қолданылған.

Сонымен қатар, метафора – сөз мәнін өңдеңдіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған затты немесе құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту. І.Жансүгіровтің «Гималай» атты өлеңінде метафораны кеңінен қолданылуын көре аламыз. Мысалы:

Гималай – көктің кіндігі.

Гималай – жердің түндігі, - деген жолдарда Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап тауға көл – көсір мағына беріп отыр.

Ілияс Жансүгіров өлеңдеріндегі осындай ерекшеліктер оны халық әдебиетімен де, жыраулар поэзиясымен де үндестіреді. Бұған қарағанда, ақынның халықтың ауыз әдебиетімен сабақтас бірлігінің түп тамыры тереңде жатқанын аңғарамыз.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ілияс Жансүгіров «Құлагер» (поэмалар мен өлеңдер)

«Жазушы» баспасы, Алматы, 1974.

2.«Фольклорлық қырлары» з. Сейітжанұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №6, 2003 жыл, 113 бет

3.«Шәді шығармаларындағы фольклорлық дәстүр» Ж. Әбдіғаппарова «Қазақ тілі мен ідебиеті» журналы, №10, 2009 жыл, 69 бет.

4. І.Жансүгіров (көп томдық шығармалар жинағы), Алматы «Жазушы» 2002 ж.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.05.2021
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12