Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ілмек бізбен тоқу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Күні:


Сынып:

Мектеп:


Мұғалім аты жөні:


Қатыушылардың саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Ілмек бізбен тоқып үйрену

Сабақта қол жететін оқыту мақсаттары:

Тоқу шығу тарихы және түрлері

Әр түрлі бұйымдар тоқып үйрену.Ілмек бізбен тоқу кезінде әр түрлі жіптер пайдаланып,эскиздермен жұмыс жасау..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерімен жұмыс жасау жолдарын үйретіп,өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне көмектесу.

Дамытушылық:

Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту

Тәрбиелік:

Өз қолымен әсем бұйым жасауға,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,іскерлікке тәрбиелеу.


Критерий бағалау:

10-минут


Үй тапсырмасын қайталау.



Тілдік мақсаттар:

Русский

Картины

Эскизы

вязальный

крючок

нитка

Қазақша

суреттер

эскиздер

тоқитын ілмек

жіп

Ағылшынша

pictures

sketches


hook

thread

Дағдыландыру құндылықтары:

Тоқыма тоқып үйрену,олардың түрлерімен танысу,

Пән аралық байланыс:

Сызу,бейнелеу өнері,тарих,биология

Сабақтың әдісі:

Үйрету,баулу.

Құрал жабдықтар:

Ілмек біз,арнайы жіп,қайшы,

Сабақтың көрнекілігі:

Суреттер,тоқыма түрлері

АКТ пайдалану дағдылары:

Практикалық жұмысты орындау кезінде компьтер пайдалану.


Жоспарланған сабақтың кезеңдері:


Оқушылармен сәлемдесемін:

Оқушыларды түгендеймін:

Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу:

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту:

,

Сабақтың басы:

(19-минут)













































































Тоқу (ағылш. Knitting) - жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы. Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі.

Қолмен тоқу құралдары:

біз

ілмек

иірілген жіп (кенеп жіп, мақта жіп, жүннен иірілген жіп, жібе жіп

синтетикалық жіп, аралас жіп)

Бізбен тоқу

Тоқу біздері түзу, екі жағы немесе бір жағы ғана ұшты және иілме (айналдыра тоқитын) болып келеді. Олардың темірден, ағаштан, пластмассадан жасалған түрлері бар.

Тігіссіз бұйым тоқу үшін иілме біз немесе бес, төрт және үш инелі біздер пайдаланылады. Біз жіптен екі есе жуанырақ болуы керек. Қөсымша жіп қосып жуандату немес жіпті

жіңішкертіу есебінен, затты қалың не жұқа етіп тоқу (біз бен жіп диаметрінің әртүрлілігі) арқылы, пішілген үлгіге немесе есепке сай тоқу үлгісі өзгеріп отырады.

Бұйымның тоқылу түрі: біртегіс - оң және теріс жағы

болады, оны ұзынынан немесе керісінше түзу екі бізбен,

немесе иілмелі сымды айналдыра тоқиды; бітеу етіп – айналдыра тоқылады, мұны тек оң жағынан және бес бізді немесе иілмелі сымды пайдаланып оқиды.

Ілмекпен тоқу] - ілмектің көмегімен бұйым жасау барысы. Тоқыма тоқудың бір түрі.

Тоқу барсына ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан

жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан-жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен

тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен,

мақтадан иірілген, жібек жіптер, синтетикалық және аралас жіптер. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген

жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгі мен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту,

сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.

Тізбек (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер

алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Қысқа шалу (полустолбик). Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады. Жай шалу

(столбик без накида). Ілмекті тізбектет 3-шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан

өткізіп алады.

Нық шалу (прочный столбик). Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.

Бос жіп қосылған шалу (столбик с накидами). Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1

шалуды тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен (2 шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан

да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен

қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6-, 7- т. б.

шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек [2].

Бос жіп қосылған рельефті оң шалу

(рельефный лицевой столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдыңғы жағынан өткізеді де, бір шалуды тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен

бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.

Бос жіп қосылған рельефті теріс

шалу (рельефный изнаночный столбик с накидом). Ілмектің

сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбіне орай сыртқы жағынан өткізіп, 1 шалуды теріс жағынан тартып шығарады, шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2соңғы шалудан өткізеді.

Тоқыманы тарылту және кеңейту.

тоқыманы тарылту - тоқыманың ортасынан не екі

шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқылы

орындалады; кеңейту үшін қатарға жаңашалулар мен үлпілдек шалулар қосылады.




Сабақтың ортасы:


Түймеге арналған ілгек.

Көлденең ілгек - кезекті бірнеше шалуды (түйменің көлеміне

қарай) қалдырып кетіп, оның үстіне бірнеше үлпілдек шалу

жасайды. Келесі қатарда сол үлпілдек шалудың үстінен жаңа

шалулар жасап, тоқуды жалғастыра береді.

Тігінен келетін ілгек - сол ілгек болатын жерге дейін тоқып,

кері қайтады. Сөйтіп 3-5 қатар әрлі-берлі тоқиды (түйменің

көлеміне байланысты). Содан соң басқа шумақ жіптен

жаңағы ілгек қалатын жердің келесі жағынан да

жоғарыдағыдай 3-5 қатартоқиды. Әрі қарай бәрін қайта

қосып, тоқуды жалғастырады.

Айшықты өрнек

Квадрат

Шашақты айшықтар

"Пико" айшығы

"Шаян ілмек"

Шартты белгілері

Тоқу үлгілері

Алты қырлы өрнек

Шілтер салған жиек (прошва - крой)

Өңдейтін жолақтар - сегіздіктер

(отделенная полоска - "восьмерка").

"Тоғыз жайылма" өрнек

Кестелі өрнек (филейный узор)

Қиғаш тоқу

Перделерге арналған өрнек

Гипюрлі өрнек




Сабақтың соңы:

(5-минут)


Оқушыларға сұрақ қойылады:

Тоқу өнері қай кездерде пайда болды?

Тоқудың неше түрі бар?




Үйге тапсырма

(2-минут)

Үйден тоқып келу.

Қорытынды бағалау:

(5-минут)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі