Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Имам Матуриди кезеңіндегі әлеуметтік, саяси және діни ахуалдар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Имам Матуриди кезеңіндегі әлеуметтік, саяси және діни ахуалдар.
Джанабаева Арайлым Абдрахмановна
магистрант,
Шет тілі және Іскерлік карьера университеті
Ислам дінін насихаттауда жер-жерге таралуымен байланысты, ғалымдардыңда жан-жақтан зеіттеу жүргізіп, ізденуінің нәтижесінде ислам діні ғылым болып қалыптасты. Ислам ғалымдарының өзіндік мектептерінің болуы оның өзіндік бір философия немесе психология тәріздес білім-ғылым екенінің дәлелі. Сол себепті Имам Матуридидің білімі мен қатар өз кезеңіндегі біршама әлеуметтік, саяси және діни жағдайлары.
Исламға дейін Хорасан мен Маууараннахрда зәрдуштік, манихизм, индуизм, буддизм, християндық, яхудилік және басқа да заия елдерінің жергілікті діндері бар еді. Сасанидтердің мемлекеттік ресми діні – зардуштік дін еді.Сонымен қатар, бұл діндердің қатарында мажуси дінінің де болғандығы айтылады.
Әмәуи мемлекетінің соңына дейін бұл аймақта жасырын болса да, зәрдуштәк пен буддизм мазһабтары өмір сүрді. Християндардың саны яхудилерге қарағанда аз еді [1,16-б].
Ислам ағымдары тұрғысынан қарағанда харижиттер, Систанда жартылай шейттер, Кешан, Исфахан, Кум және Рейде зайдиялар, Табаристанда муғтазилиттер пікірлерін жаюда еді. Жасырын насихатты ұстанған исмаилидтер Батыс Иран, Рей, Хорасан және Маууараннахрда пікірлерін жая бастаған.
Саяси биліктің Мера мен Балхта мықты болған кезінде аймақ әкімдіктері тарапынан бұл ағымдар қыспаққа алынды [2,28-б].
Сол дәуірдің мәдени жағдайына келсек, Саманидтер дәуірінде Матуридидің жұлдызы оңынан туған еді. Себебі, Саманидтер 261-389/874-999 жылдар арасында Иранды толығымен қол астына алғаннан кейін, ғылым мен әдебиетке белсенді түрде қамқорлық көрсетті. Сарайларға көптеген ғалымдарды жинады. Қала кітапханаларымен қатар, әрбір мешіт жанында арнайы кітапханалар жұмыс істеді.
Саманидтер мемлекеті (999) қолынан билік кеткенге дейін өз ғалымдарын ұдайы қорғап, қолдап отырды. Имам Матуриди сондай ғылымға құрметі мол ортада ғылым-білімнен әбден қаныға сусындап, жеміссті еңбек етті. Ірі қалаларда бай кітапханалар ашылды. Олардың ең үлкені – Мерв қаласында еді. Мәселен, әл-Мақдиси (999) өз еңбегінде Имам Матуриди жетілген орта мен Саманидтер жайлаған аймақ туралы: «Бұл өлкенің ғалымдары ғылым- білімнің шырұау шынан қол жеткізген». Ол жер – оқу-білім мен жақсылықтың қазынасы, Исламның алынбас биік қамалы. Бұл жерде шариғат ғалымдары патшалардай сыйлы» деген мәлімет келтіреді. [1.31-б].
Өмірін білім жолына сарп еткен Матуриди түрлі діни мәліметтерді игере отырып, өз дәуірінің беделді ғалымдарының бірі болды. Бір өкініштісі, ғалымның құнды еңбектерінің басым көпшілігі бөлігі күнімізге дейін жетпеген.
Имам Матуридинің қандай тұлға болғандығы жөнінде айтсақ. Кейбір деректерде Имам Матуриди және оның тұлғалық қасиеті жайлы қыссалар баяндалады. Бартольд, Абу Хафс ан- Насафидің «Китабул Канд фи тарихи Самарқанд» атты еңбегінің қолжазба нұсқасында Матуриди жайлы былай дегендігін айтады: Шейх Абу мансур Әл – Матуриди мен Шейх Әбул Қасым Хаким Самарқанди теккеде дәріс берген. Шииттер мәзхаб тақырыбында осы екі ғалыммен көп пікір таластырады. Сол кезде Шейх Абу Мансур теккеде Қызырды (а.с) көріп, одан көмек сұрайды. Қызыр (а.с) дұға етеді. Дұғасы қабыл болып, Аллаһ тағала Имам Матрудиге хикмет ілімін нәсіп етеді. Осылайша, Имам Матуриди бұрыс мазһабтарды жеңеді [4,18-б].
Әбул Хасан ар-Рустуғфани «Фауаид» атты еңбегінде Имам Матуридидің жасаған дұғасы кері қайтарылмай, қабыл болатын тұлға деп сипаттайды. Оған қоса қысса дәлел : Бірде Самарқанда патша қызметкерлерінің бірі күш қолданып, Имам Матуридидің шәкірттерінің бірінің үйін тартып алады. Мұндай жағдайға тап болған шәкірт Имам Матуридиге шағымданады. Имам Матуриди қызметкерлердің әлімжеттігін айтып патшаға кісі салады. Алайда, бұл сөзіне құлақ аспайды. Имам Матуриди патшаның бұл қылығына қатты ашуланса да, ашық наразылық білдірмейді. Халықты патшаға айдап салмайды. Тіпті, бұл амалдың әділетсіз екендігін білген патшаға теріс бата да жасамайды. Бірақ қол ұшын беру мақсатында шәкіртіне қысым жасап үйін тартып алған қызметкерге амалсыз теріс батасын береді. Көп ұзамай патша қызметкері ауруға шалдығады. Аурудың себебін түсінген қызметкер үйді иесіне босатып береді. [3,41-б].
Бұхаралы Әбу Мұхаммед ар-Риғдамунидің 4-10ғ. Айтуына қарағанда, билікпен қарым-қатынас түзу болған Әбу Ахмед әл-Йади, сол дәуірдегі саяси жағдайға аса риза болмаған ұстазы Имам Матуридиді бір қызметкердің үйіне қонаққа алып барады. Үйге кірісімен үй йесі ғалияны (Егер үйге бай дәулетті адамдар қонаққа келе қалса, «Ғалия» атты қош иісті қара түсті затты ұсыну Самарқандықтардың дістүрі еді) ұсынады. Имам Матруди қатты ашуланып, бұл хош иісті қолданудан бас тартады. Бұған қарамастан үй иесі Имам Матрудидің рұқсатынсыз атының құйрық-жалына хош иісті ғалияны жағады. Үйіне қатпақ болған имам Матуриди атының құйрық-жалынан ғалияның иісін байқап қалады. Бұған ашуланған Имам аттың құйрық жалын жудыртады. Тіпті, жалыннан ғалияның иісі кеткенше орнынан тапжылмаған екен [3].
Бұл қыссалардан Имам Матуридидің өмір сүрген дәуірінде құрметті, абыройлы және беделді тұлға екенін байқаймыз.
Орта ғасырда өмір сүрген Абул-Фадыл Мухаммад ибн Омар ибн Халид (628/1230-31) лақаб аты – Жамал Қарши «Мулхақат ас-сурах» («Сурах» сөздігіне толықтырулар) атты еңбегінде былай дейді:
«Жақын кезеңде өмір сүрген Құран тәпсіршілерінің ішінен біздің имамдарымыздың бірі, «Тәлиләтул-Қуран» кітабының авторы - Абу Мансур Әл-Матуруди әс-Самарқанди «әһли суннет уал-жамағат» ғалымдардың ұлығы, тура жолдың биік байрағы (туы), зәһид (тәркі дүние, тақуа), - имам.
Бірде Бағдад халифасының бұйрығымен Самарқандқа пәтуа жіберілді. Хабаршы пәтуаға хабар алу үшін (Имам матурудидің) бақшасына кіреді. Беліне жүзім сабағын байлаған, басында қамыстан қайық-кескінді бас киімі бар, жұпыны киінген, қарияны көреді де оған:
Біздің маулана (қолдаушы) қайда екен?-деп сұрайды.Қария:
Біздің өолдаушымыз Аллаһ,-дейді.Сонда хабаршы:
Ал қожамыз қайда екен?
Қожамыз – Мұхаммад пайғамбар (с.а.с) ,-дейді әлгі ақсақал.
Әбу Мансур қайда екен? –деп сұрады хабаршы.
Ол кісіңіз алдыңызда тұр,-деп жауап береді.
Пәтуаны ақсақалдың қолына ұстатып жауабын алғаннан кейін, хабаршы өз жөнімен кетеді [2,21 -б].
Иә, сол кездегі Ислам әлемінің астанасы Бағдатта отырған мұсылмандардың халифасы елші жіберіп, Имам Мартуридиден патуа сұрап, санасуы имамның бүкіл ислам әлеміндегі беделдігіне, ғұламалығына дәлел болмақ.
Сондай-ақ, Әбул-Муни ән-Насафа Имам Мартуриди жайлы былай дейді: Ол пікірталастарда қарсыластарын уәжге жығып, бар сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беретін.Оның пікірлеріне сүйсінген устазы шейх Әбу Насыр әл-Яди:
«Раббың қалағанын жаратады да таңдау жасайды» деген аятты айтып, Матуридиді мақтайтын. Тіпті ұстазы Әбу Мансур әл-Матуриди келмей, сабақ бастамайтын.
Сондай-ақ кейінгі дәуір ғұламалары да Матуриди алдыңғы қатарлы имамдардан ол хақ дінді тура түсіндіру жолында ерекше қызмет еткен тұлға деп мақтан еткен.
Неліктен Матуриди жайлы деректер аз десек, Әл-Матуриди мазһабы Мауараннахр секілді жабықтау аймақта, Басра мен Бағдат си яқты ғылым орталықтарынан алшақта белең алғандықтан Әшғарилік сияқты кең танымал бола алмады.Әрі белгілі Бақилләни (ө.403/1013), Әл-Жуайни (ө.478/1085), Әл-Ғазали (ө.505/1111), Шахристани (ө.548/1153) сынды ғалымдардың Әшғари мектебінен шыққаны да бұған белгілі бір дәрежеде әсерін тигізді. [3,28-б].
Мауараннахр калам ілімінен гөрі, фиқһ және усулу-фиқһ саласындағы пікірталастард ың көбірек орын алған аймағы болатын. Кәлам ілімі көбінесе, Маураннаһр аймағындағы түркілердің арасында кең тарады.
Көптеген деректерде кәлам ғылымы мен ғұламалары туралы сөз қозғалғанда Матуриди жайлы айтылмайды. Мысалы, ибн Надим (955ж.) Матрудидің замандасы Тахауи (933ж.) жазбаларынан Матруди жайлы дерек кездестірмейсіз. Ибн Халдунның (1360ж.) «Муқаддимасында» кәлам ғылымы жайлы сөз қозғалғанымен, Матруди туралы айтылмайды.
«Китабу-т - Таухид», «Тәуиләту әһли сунна» атты бірегей шығармалардың авторы әрі әһли сүннет бойынша, екі ғұламаның бірі болғанына қарамастан, мәзһабтар тарихи жөнінде кітаптар жазған ғалымдардың еңбектерінде Матуридидің есімінің аталмауы – түрлі жорамалдардың тууына себеп болды. Мәселен, бұл тұрғысында Мұхаммет ат- Танжи: «Имам Әшғариді нағыз ислам ғұламасы етіп көрсетпек болғандар – Матуриуди беделін әдейі төмендеткен » деген пікір айтады [2,23-б].
Негізгі бұның себебі, сол кездегі тарихи және географиялық жағдайлармен тікелей байланысты. Өйткені, әл-Матруди ислам әлемінің орталығында емес, Ойкуменаның ең шығысындағы Самарқанда өмір сүрген. Еңбектерін де сонда жазған. Батыс аймағындағыларды, әсіресе, бағдаттықтарды аса қызықтырмағандықтан, әл-Матуриди алғашында тек ғана Маураннахрда танымал болған. Сондай-ақ, ұстазы Әбу Ханифа сол кезеңнің ең беделді тұлғасы ретінде саналды. Оған қоса, әл-Матрудидің ұстазын ұлықтауы оның көлеңкесінде қалып қоюына жағдай туғызды.
Ал Салжұқ мемлекетінің уәзірі Низамул-Мулк (1092ж.) Нишапур мен Бағдат медреселерінде Әшғари ақидасына орын берген еді. Осылайша, Салжұқтар дәуірінде Фарста, Мамлуктер дәуірінде Мысырда, Әйюбилер дәуірінде Шам аймақтарында бұл ақида кеңінен тарау мүмкіндігіне ие болды.
Бұған қоса, Маураннахр аймағында моңғол шапқыншылығы кезінде көптеген дерек көздерінің жоғалып кетуі де, Матрудилердің кеңінен жайылуына кедергі болған. Себебі, бұл кезде көптеген кітапханалар, қолжазбалар мен қалалар отқа оранған еді. .
Имам Матуриди өмір сүрген кезең Аббаситтердің мемлекетінің әлсіреп, соның нәтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытымен тұспа-тұс келді. Маураннахрда Саманидтер мемлекетінің құрылғаны секілді, бастапқыда Иран, Хорасан, Систан және Кирманды құрамына алған Саффариттер мемлекеті пайда болған [2,24-б].
Имам Матуридидің ислам әлеміндегі сенімге байланысты арпалыстың ең өршіген уақытына тап келгенін айттық. Бұл кезде ислам халифаты күн өткен сайын ұлғайып, көптеген халықтар Ислам дініне кіріп жатты. Бір жағынан халифа Мәмун (813-833) дәуірінен бастап, ежелгі грек және үнді пәлсапасы араб тіліне көптеп аударылды. Мұсылмандардың өзара мәсхабқа бөләнгендері аздай, сырттан келген яхуди, христиан пәлсафашылары мен дін басылары сенімге байланысты түрлі пікірлер айтып, халықтың санасына көптеген күманды мәселелерді ұялатып, дел-сал күйге түсіріп қойды. Осындай жамандықтардан исламның иман негіздерін қорғау мақсатында ақыл мен қисындық қағидаларды пайдалану қажет болды. Нәтижесінде, иман негіздері әрі нақылмен (аят-хадис), әрі ақылмен бекітетін «Калам» атты жаңа әдіс пайда болды. Мұның латынша ұғымы – «теология». Имам Матуриди осы дәуірде шыққан әйгілі мутаккалим, яғни теолог еді. Имам Матуридидің шыққан жері Маураннахр өлкесі болғандықтан, ғалым сол аймақтағы Ханафилардың ақида мектебінің Имамы атанып, сенім негіздерін жүйеге келтіруші болып саналады. [3,17-б].
Имам Матуридидің пікірлері көбіне каррамийлер, шийттер және мұғтазилаларға қарсы болған. Әсіресе, мұғтазила бағытымен келіспейтін пікірлері көп болды. Өзімен замандас мұғтазила бағытының басшысы жазған үш кітаптың мазмұнындағы қателіктерге үш кітап етіп жауап жазуы Имам Матуридидің өз ұстамын солардың ыңғайына қарай дәлелдегенін көрсетеді. Имамның түрлі ағымдар мен мәзһабтардың өкілдерімен Самарқанд пен одан тысқары жатқан мемлекеттердегі айтыстары мен пікір додалары көбіне-көп сәттілікпен аяқталып отырды.
Имам Матуриди Ислам шариғатын дұрыс түсіндіру үшін ақыл-ойға сүйену керектігін алға тартты. Бұл жағынан алғанда, ол діни мәтіндерді тек тура мағынасында түсінуді құптайтын кейбір ислам құқықшылары мен хадисшілердің әдістемесінен басқаша жолды ұстанды. Мәселен, «Ақыл-ойдың жаңылуы мүмкін, сондықтан нақылды тек сөзбе-сөз түсіну керек» деген пікірдің иелеріне Матруди «Китаб-т Таухид» атты кітабында «...Бұл пікір (ақылмен ойлаудан қашу) – шайтанның қатерлі тұзақтарының бірі. Өйткені ақылды қолдануға қарсы келушілердің өздері ұстанымдарын ақтайтын ақылдан басқа ешқандай дәлел келтіре алмайды (олар осы қарсылықтарының өзінде ақылға жүгініп отыр). Мұның өзі оларға ақылмен ойлаудың аса зәрулігін мойындатуға жеткілікті. Олар қалайша ақылға салып ойлауды жоққа шығарады. Алла тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой топшылау мен ақыл ізденісін жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен үгіт-насихат алудың қажеттілігін көрсетеді. Асылында ой-пікір мен ақылға салу ғылымның қайнаркөздерінің бірі екендігін дәлелдейді» деп, нақты әрі қисынды тұжырымдарын алға тартады [1,6-10б].
Алайда, мұның екінші де жағы бар. Егер кімде-кім аят пен хадистерге сүйенуді теріске шығарып, адамның ақылы жете алмайтын дүниелерді, Аллаһ тағаланың бүкіл илахи хикметтерін өзінің шектеулі ақылымен қамтуды қаласа, өз ақылына қиянат жасап, көтере алмас шоқпарды беліне байлағандық болады. Демек, Имам Матуридидің ұстанымы ақылға сүйенгенде де шариғат шеңберінен шығып кетпеу болған.
Осылайша, Матуриди ақылдың жаңылысып, адасатынынан қорқып, «Шындықты нақылдың (аят-хадис) тысынан іздемеу керек» деген фиқһ пен хадис ғалымдарына қарсы шықты. Ол Аллаһ тағаланың құлдарын ойлануға, өмірге үңіліп одан ғибрат алуға шақыратынын алға тартып нақылмен қатар ақылды да дәлел ретінде қабылдады [5,22-б].
Алайда, әһли сүннет пен мұғтазилиттердің ақылды қолдану әдісінің арасында үлкен айырмашылық бар. Мұғтазилиттер сенімге байланысты аяттар мен хадистерді қате түсініп, тәшбихке ұрынған және ақылды мүлде жоққа шығарған ағымдарға қарсы шыққандықтан, ақылға шектен тыс сүйенетінді шығарды. Тіпті, негізгі төреші етіп ақылды алды деуге болады. Оларға классикалық әдіспен төтеп беру біршама қиындық тудырды. Осы себепті, «Әһли-сүннет» сенімін қорғау мақсатында жаңа әдіс тауып, иман негіздерін түсінуде аят пен хадиске қоса, ақылға да орын беруге қажеттілік туды. Матуриди мен Әшғари мектептері осы негізде қалыптасты. Имам Матуриди ақида саласында аят пен хадиске қоса, дінді түсіндіруде ақыл да, қажетті қағида ретінде пайдаланғанмен, ақылды өз орнымен қолданып,оған шектен тыс басымдық бермеуге тырысты.
Имам Мұхамед аш-Шайбани мен Әбу Юсуфтың шәкірттерінен ілім алған Матруди ғұмырының соңына дейін діни тақырыптарды зерттеулер жасап өтті. Тәпсір, кәлам, фиқһ және фиқһ әдәстемесі салаларында маңызды көптеген еңбектер қалдырып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Ханафи мәзһабының еңбектері мен шәкірттерінің дәнекерлігімен жайған. Осы тұрғыда, ол Ханафи мәзхабының Имам Ағзамнан кейінгі екінші үлкен ғалымы деп танылған [6,14-б].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Матуриди ақидасы-Әбу Ханифа ілімінің жалғасы. Алматы Баспалар үйі, 2014
-
Матуриди ақидасы Қалмахан Ержан. Алматы Көкжиек баспасы, 2011
-
АсСабуни, Матуриди Акайди (түрікше ауд.Б.Топалоглу),Анкара 1978Әл-Матуриди, Китабут-Таухид (түрікше ауд. Б.Топалоглу), 2002
-
Б.Топалоглу, Матуриди, Келами гөрүшлери, Ислам Энциклопедиясы, Түркие Диянет Вакфы
-
Б.Топалоглу, Матуридидің Акидасы ((түрікше) Истанбул 2017
-
Ислам ақидасы Қалмахан Ержан. Алматы, 2014