Материалдар / ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ТАУХИД ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ДӘЛЕЛДЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ТАУХИД ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ДӘЛЕЛДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Исі мұсылман адамзаттың барлығына, өзінің жаратушысын тануы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәтуриди бағытының кәләм іліміндегі орны мен ерекшеліктерін таныстыру.

Джанабаева Арайлым Абдрахмановна

Магистрантының 2 курс студенті

Шет тілі және Іскерлік карьера университеті

Осы мақалада Имам Мәтуридидің кәләм іліміндегі ұстанымдарын саралай отырып, мәтуридилік мектебінің сенім негіздеріндегі орны мен ерекшеліктерін анықтайтын боламыз.

Әбу Мансур Мұхамед ибн Мұхамед - өз есімімен қоса Шейх, Шейху-л Ислам, Имаму-л Һуда (тура жол көсемі, һидаят көшбасшысы), Алләм-л Һуда (тура жолға бағыттаушы, Һидаят туы), Раису мәшаайихи Самарқанд (Самарқанд шейхтерінің басшысы), Имаму Әһли ас-сунна (Әһли сүннет имамы) және Имамуль-мутакаллимиин (Кәламшылардың имамы) деген сияқты лақап аттармен де кеңінен танылған.

Сондай-ақ, кей дерек көздерінде оның аты көбіне «Әбу Мансур әл-Матруди», «Әбу Мансур әс-Самарқанди», «Әбу Мансур әл-Матруди әс-Самарқанди», «аш-Шейх әбу Мансур әл-Матруди» деп те кездеседі.

Осы мәліметтеддің барлығын жинақтай келе, ғалымның толық аты-жөнін Әбу Мансур Мұхамед ибн Мұхамед ибн Махмуд әл-Матуриди әс- Самарқанди деп түйіндеуге болады.

Мәтуридилік кәләм іліміндегі ерекшелігі – батыс философиясының ислам елдеріне араласып, исламның дамыған шағында болмаған сенім тұрғысындағы мәселелер орын алды. Мұсылман әлемінің ақылды тысқары қалдырады деген жалаң идеологилары орын алған кезеңдері – Мәтуридидің ислами ілімдер санатында орны айырықша белең алды.

Мәселен: Имам Мәтуриди ақыл мен нақылды сабақтастырды. Қисынды белгілі бір деңгейге шығарып, адам баласына жіберген Алланың хақ дінінің негізгі қайнарлары – Құран мен сүннетті қажетті деңгейде қисынмен де сабақтастыра білді. Сондай-ақ, Мәтуридилік және мәтуриди мектебінің басты ерекшелігі – Ханафи мәзхабына негізделді. Демек, Әбу Ханфианың «Өсиеті», «Фиқһ әл-Акбар» т.б. сынды еңбектерінде келген негізгі қағидаттар аясынан тысқары шықпаған. Осы қайнарларға негізделгендігін мәтуриди мектебінің еңбектерін анық көруге болатыны сөзсіз.

Әл-Мәтуридидің Мауараннахрдың сол кездегі мәдени орталығы саналған және әл-Ашаридің өмір сүрген және мазхабы кеңінен жайылған Ирақтан ұзақта болуы Ашариді Ахлү Сүннет ақидасының жалғыз қорғаушысы етіп көрсету тілегінен туындаған деген жорамалды да дұрыс дей қою болмас. Себебі кәлам ғылымында танымал болған ойшылдар әл-Әшғари ықпалымен қалыптасқан. Мысалы: Бақиллани, Жуайни, Ғазали, Шахристани, Рази, Тафтазани сынды атақты кісілердің бәрі Әшғарилік. Соған қарамастан, Мәтуридидің де қолдаушылары болғанды. Солардың ішінде имам ар-Рустуғфани (345/965), Әбу әл-Муғин ән-Нәсәфи, Нуриддин ас-Сабуни деген есімдерді келтіруге болады [1, 254-б.].

Имам Мәтуриди (Оны Алла рақымына бөлесін) турасында ең ескі мағлұматты имам ән-Нәсәфи келтірген еді. Ән-Насафидің «Табсырату әл-Адиллә» атты еңбегінде Имам Мәтуриди турасында құнды мәліметтер берілген. Бұл мәліметтер бойынша, Әбу Наср әл-Йади мен Әбу Бакр әл-Жузжани әл-Мәтуридидің ұстаздары болған. Екі ұстаз болса, Әбу Сүлеймен әл-Жүзжанидің шәкірттері болған. Әбу Сүлеймен әл-Жүзжани болса, Имам Әбу Юсуф (182/498) пен Имам Мұхаммед б. Хасан аш-Шайбани (189/804) шәкірттерінің бірі болған. Осы ғылыми силсиладан әл-Мәтуриди Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабының қыр-сырын әбден меңгеріп шыққанын көруге болады. Ұстазы Имам Ағзамға таңылған «әл-Фықху'л-Әкбар», «Әр-Рисала», «әл-Фықху'л-абсат», «әл-Алим уа'л - мута'аллим», «әл – Уасыя» сияқты ақаид негіздері тақырыбындағы еңбектерді оқып, ұстаздарынан осы еңбектерді риуаят етеді. Бүкіл өмірін Әхлу'с-Сүннет ақидасын үйрету және кеңейтуге арнаған Имам Әбу Мансур әл-Мәтуриди 333/944 жылы бір ғасырға жуық өмір сүріп, дүниеден озады да, Самарқандтың Жакардиз елді мекендегі ғұламалар мазарына жерленеді.

Имам әл-Мәтуриди Самарқандтағы мазхаб өкілдері арасында жасаған пікірталастарында кәлам әдісін қолданып, үлкен табысқа жетеді. Әсіресе, Әбу Ханифа еңбектері оның арқасында жаңа көрініске ие болады. Әхлу'с-Сүннет ақидасының дәлелді керек етпейтін кішігірім сенім еңбектерінің әл-Мәтуридидің танытылуымен толықтырылған қағидалары қарапайым «ақидалық» мәтін болғанымен, «кәлам ілімі» деген атпен таныла бастайды. Өйткені, бұл еңбектерде әдіснама мәселелері және бірқатар дәлелдер аталып өтіп, ақыл мен мантық дәлелдері топтастырылған [1, 257-б.].

Имам Мәтуридидің есімімен аталған еңбектері де көп таралып, танылмаған еңбектерінің көбі қолжазба нұсқа күйінде қалған. Ал ең атақты «Китаб ат-Таухид» атты еңбегі Англияның Кембридж уиверситеті кітапханасындағы нұсқасы негізінде 1970 жылы басылды. Мұнымен қатар, мәтуридиліктер Имам Мәтуриди еңбектерін оқығандарымен бірге, Бұрханад-Дин ән-Нәсифидің (687/1289) «әл-Ақаиду ән-Нәсәфия» мәтінін және Әшғарилік болған әт-Тафтазанидің (793/1390) «Шарх» еңбектерін де қоса оқып отырған.

Имам әл-Мәтуридидің кәлам ілімі менжат ағымдарға қатысты жазған еңбектері мыналар:

1) Китаб ат-Таухид;

2) Рисала фи әл-Ақаид;

3) Радду ад-даилил-Адилла ли әл-Кағби;

4) Радду такзиби әл-жадал ли әл-Кағби;

5) Радду усули әл-хамса ли әл-Бахили;

6) Радду Китаби әл-Имама ли бағд әр-рауафид;

7) Әр-Рад ала әл-Карамита;

8) Радду Китаби әл-Кағби фи уаиди әл-фуссак;

9) Байану уахми әл-Мутазила;

Сондай-ақ, имам Мәтуридидің әдіснамаға қатысты еңбектері мыналар:

1) Мағахузуш-шараиғ фи Усулил-фиқх;

2) Әл-Жадал фи Усули әл-фиқх;

3) Әл-Усул [1, 260-б.].

Имам Мәтуридидің тәпсір және Құран ілімдеріне қатысты еңбегі:

1) Та'уилату'л-Құран;

Жалпы, мәтуридилік мектебінің мазмұндық тұрғыдан алғанда, мәтуридилік мәзхабы қолданған әдіс әшғарилік мектебімен бірге дамыған еді. Сондықтан табақат кітаптарында Әхлү Сүннеттің екі басшысы бар деген тұжырымдар қалыптасты. Осы орайда Ташкөпрүзада (968/1561) «Мифтаху әс – Сағада» атты еңбегінде мына сөздерді келтірген: «Кәлам ілімінде Әһлі – Сүннет уал – Жамағаттың екі басшысы барын білуің керек. Бұлардың біріншісі – әл-Ханафи, екіншісі – аш-Шафиғи. Ханафи болғаны Имаму әл – Һуда Абу Мансұр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Махмұд әл-Мәтуриди. Шафиғи мәзхабынан болған екіншісі Имаму әл-Мутакаллимин және дін ақидасын қорғаны Әбу әл-Хасан ал-Амари ал-Басри»,-деген [1, 264-б.].

Осы аталмыш бірнеше деректерде келтірген мәліметтеріне қарағанда және осы екі имамның еңбектеріне назар аударсақ сыңаржақтылықты байқауға болады. Екі ғалымның екі түрлі географиялық ортада болуларына қарамастан, ұқсас пікірге әрқайсысы жеке келулері де мүмкін. Дегенмен, әшғарилік пен мәртуридилік арасында кейбір ерекшеліктердің бары шындық. Олардың арасындағы айырмашылықтарды зерттеуге арналған жұмыстар да жазылған. Бұл тұрғыда Шайхзада Абдуррахим бин Алидің жазған «Назму әл-Фараиди» атты еңбегі танымал. Әсіресе, Абу Азба жазған «әр-Раудат'л-Бахия» (1713 ж. жазылған) атты еңбегі маңызды. «Раудат әл-Баһия» жетеуі «лафзи», алтысы «мағыналы» деп көрсетілген барлығы он үш бапта берілген айырмашылықтарды төрт топқа жіктеп беруге болады.

Имам Мәтуридидің кәләм іліміндегі орны жөнінде кеңінен саралай отырып, басқа да кәләм мектептерімен әдіснамалық негіздерінің ерекшеліктерінен тоқтай кеткеніміз жөн болары.

Ендеше, әһлі сүнналық мектеп өкілдерінің бірі имам әл-Әшғари мектебі арасындағы негізгі ерекшеліктері мен қағидаларын атап айтқанда мыналар:

Біріншіден, иман мәселесіндегі негізгі айырмашылық. Салаф пен әсіресе ханбалилар сынды амалды иманның бір бөлшегі деген, амалды иманның формальды шарты деп қорғаштаған әшғарилерге қарағанда мәтуридилік бойынша иман тек «жүректегі сенімнен», яғни «Тасдиқ»-тен құралады. Ол тіл ақылы айшықталады. Бұл тұрғыда ашарилер бойынша иман артып азайса, мәтруидилерде артып азаймайды. Әшғарилер бойынша, егер пайғамбар жіберілмеген болса, Алланың бары мен бірлігін білу адамдарға уәжіп болмайды. Мәтруридилік бойынша, адамдарға пайғамбар жіберілмеген жағдайда, Алланың бары мен бірлігін ақылдарымен табулары қажет болады және міндет деген.

Екіншіден, айырмашылық пен арақатынастың екінші тобын «тағдыр тұғырлары» мәселесі алып тұр. Тағдыр тақырыбы «қада» және «қадар» ұғымдары арқылы қаралады. «Қада» мағынасы «әрекеттердің уақыты келе жаратылуы» дегенге саяды. Мәтуриди де, Әшғари де «қада» тұрасында осындай түсінікті мақұлдаған. Мәтуридилік бойынша, «қадар» «бір нәрсенің тағдыры» деген сөз. Яғни, Хақ Тағала нәрселерге және әрекеттерге осы тағдырды беруін «қадар», яғни тағдыр дейді. Жақсылық пен жамандық Алла Тағаланың тағдырынан болуы – иман негіздерінің шарттарының бірі.

Үшіншіден, күнәларға берілетін жаза тақырыбына құралған. Мәтуриди мүржиліктен алынған Әбу Ханифа көзқарасын қуаттай түседі. Демек, үлкен күнә жасаған адам имансыз қалмайды. Иманы барда адам жаханнамда мәңгі қалмайды. Имам Әбу Ханифаның «әл-Уасия» атты еңбегінде айтқанына қарағанда, Пайғамбар (с.ғ.с) шапағатының арқасында үлкен күнә жасағандар жәннатқа кіреді. Имам ат-Тахауидің (321/933) «әл-Ақида» рисаласы мен «әл-Фиқһу әл-Акбар» түсіндірмелерінде де осыған ұқсас көзқарастар кездеседі.

Сондай-ақ, Тәубе етпеген күнәхар мүмін де жәннатқа кіреді. Әшғаридің ұстанымы мүлде басқа бағытта емес. яғни, оның түсіндіруінше, кейбір үлкен күнә істеген мүміндер пайғамбар (с.ғ.с) шапағатының арқасында жәханнамнан құтылады. Бірақ, мынаған ерекше назар аударады, соңғы шешімді Алла Тағала береді және Ол қаласа солай болады, қаласа кейбір күнәхарларды жазаландыра алады. Яғни, бұл жаза мәңгі де бола алады деген сөз. Мүміндердің жәханнамда мәңгі қалмайтынына қатысты көзқарасты Мәтуриди мен Әшғаридің бөліспеуіне қатысты бастапқыда туындаған айырмашылық кейінгі мәтуридиліктер мен әшғариліктер пікірлерінде жойылады.

Төртінші, Жаратушы Жаббар Хақ Тағаланың әрекет (фиғли) сипаттары тақырыбындағы көзқарас айырмашылықтары құрайды. Имам Мәтуриди бойынша, зати болсын, фиғли болсын барлық сыпаттар әзәли (әуелден бар- Мәңгі). Ал, имам әл-Әшғари аз ғана дәлелдермен, фиғли сипаттардың әуелден жоқ екендігін ұстанады. Мұның себебін, Әшғари заттар жаратылмай тұрып, Алла Тағаланың «Холиқ және Розиқ» сынды сипаттары бола алмайды деп түсіндіреді. Мәтрудилер мұндай көзқарасты бөліспегендіктен, барлық дерлік әл-Мәтуриди еңбектерінде әшғариліктердің бұл көзқарасы сыналған. [1, 266-268-б.б.].

Дегенмен, бұл көзқарас бойынша келіспеушіліктер жетіп асады. Мәселенің түп-негізін зерттеп қарайтын болсаңыз – имам Әшғаридің мұндай пікірде болмағандығы айқындала түседі. Өйткені, Әшғаридің еңбектерін зерделейтін болсақ – мәтуридилік кітаптарда таңылған пікірлер кездеспейтіндігіне көз жеткізуге болады.

Мысалға айтар болсақ, имам Әшғаридің «әл-Ибана» және «Мақалат әл-Исламиин» атты еңбектерінде жоғарыда аталған мәселелердің соңғысына қатысты – Алланың сипаттары Мәңгі екендігін бекітеді. Жоқтан бар қылушы сипатын – Алланың жаратушы «әл-Холиқ» сипатының әуелден бар екендігін дөп басып айтқан. Егер, Алланың бір сипатын мәңгі екендігін мойындаған болса, онда ол Алланың барлық сипаттарын Мәңгі екеніне қайшылық туғызбайды [3, 146-б.]. Сондай-ақ, сүннет жұртыны ғұламаларының барлығы дерлік Алланың сипттарын – «Мәңгі» және «Әзәли» деген ұстанымда болған. Алланың сипаттарын теріске шығаратын «Муғаттыла» және «Мұғтазила» сынды ағымдар ғана сипаттар тұрғысында «Әһлу сүнна» ғұламаларымен келіспеген. Ал, Алла Тағала мұндай кемшіліктерден Пәк, әрі Ада.

Қорыта айтар болсақ, ұлы ұстаз Имам Матуридидің дінге еткен қызметі күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтпай келеді. Матуриди мазхабы дін саласында алтын әріптермен жазылып, тасқа қашалған құнды жәдігер болып сақталып келеді. Оның кәләм іліміндегі еңбектерін танып, білуде сұрасын өте жоғары. Сенім саласында да бұл мектеп үлкен мазхабқа айналып, қаншама еңбектер жарыққа шығуда.



1. Dr. M.Saim Yeprem. «Irade Hurriyeti ve Imam Maturidi». Istanbul, Сүлеймения. 1984. 376-б.

2. M.Ebu Zehra. /Ceviren S.Kaya/. Islamda Itikadi Siyasi ve Fikhi Mezhepler Tarihi. Pr.Doc. Istanbul, 2004. -680 s.

3. Шахид әр-Рауи. «Әл-Уасит фи иғтиқад имам Әшғари». Иордания. Дар-Асыма. 2013. 257 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!