Белгілі дінтанушы Нұрлан
Байжігітұлының (Нұрлан
имам)
«Отбасы бақыт мекені»
тақырыбында Шу ауданы тұрғындарымен
кездесуі
Шу ауданы 27 қазан 2024 жыл
Төле би ауылы сағат 15:30
Сахна тақырыпқа сәйкес
безендіріледі.
Қонақтар жиналғанға дейін
фойеде ұлттық аспаптармен әуендер беріліп
тұрады.
табақшаға салынған қымызбен
бауырсақты алып шығуға ұлттық киімдегі 2 қыздар дайын
тұрады.
Қонақтар іс-шара өтетін орынға бет алады, арнайы
орындарға өтеді.
Залда сұрақ қоюшыларға арналған микрофондар
онластыралы
Жүргізуші: Серік Спанәлі
Оператор: ----
фанфар беріледі
модератормен спикер ортаға шығып орындарына
жайғасады
Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, құрметті жиналған
қауым!
Қадірлі
ағайын!
Бүгін, Шу ауданымызға Астана қаласының
«Ырыскелді қажы» мешінің бас имамы, белгілі дінтанушы Асанов Нұрлан
Байжігітұлы (Нұрлан
имам) аудан тұрғындарымен
кездесуге арнайы уақыт бөліп келіп
отыр.
ҚОШ
КЕЛДІҢІЗ!
Жүргізуші:
Сіздің саралы, тәрбиелік мәнге
толы уағыз, насихаттарыңызды тыңдауға асыға жиналған аудан
тұрғындарының асыл уақыттарын ұстауға құқығымыз жоқ деп
есептеймін.
Жүргізуші:
Бүгінгі кезлесудің релмаменті
келесідей. Сұрақтарға арнайы уақыт берілетін болады. Сұрақ
қоюшыларға 1-3 минут. Сұрақтарыңызды қысқа-нұсқа қоюды
сұраймыз.
Жүргізуші:
Ауданымызға Нұрлан
Байжігітұлының келуіне басты себепкер болып отырған Жамбыл облысы
әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев мырзаға үлкен алғысымызды
білдіреміз.
Жүргізуші:
Кездесудің басты тақырыбы бойынша
сөз, Нұрлан Байжігітұлы
өзіңізде.
/Н.Асановтың
баяндамасы/
/модератор сұрақтарды баяндама мазмұнына
сәйкес қойып
отырады/
Отбасы және Тәрбиелеу
Мәселелері бойынша
-
Дін тұрғысынан бала
тәрбиелеуде не нәрсеге басымдық беру
керек?
-
Ата-аналарға балаларына діни
құндылықтарды үйрету жолдары туралы қандай кеңес бере
аласыз?
-
Отбасында ерлі-зайыптылар
арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін дін қандай рөл
атқарады?
Қазіргі Қоғамдағы Өмір Сүру
және Дін
-
Дін мен заманауи өмір сүру
арасында қалай тепе-теңдік сақтауға
болады?
-
Әлеуметтік желілерде дінді
дұрыс жеткізудің қандай әдістері
бар?
-
Жастар арасында діни
сауаттылықты арттыру үшін не істеу
қажет?
Жеке Даму және Рухани
Өсу
-
Мұсылман ретінде рухани өсу
жолында қандай қадамдар жасауға кеңес
бересіз?
-
Күнделікті өмірде иманды қалай
күшейтуге болады?
-
Өзіңді рухани және моральдық
тұрғыда дамытуға арналған исламның ұсыныстары
қандай?
Дін мен Ғылымның Өзара
Қатынасы
-
Ислам діні ғылым мен білім
алуға қалай қарайды?
-
Құрандағы ғылыми дәлелдерге
көзқарасыңыз қандай?
-
Ғылым мен дін арасында
қарама-қайшылық бола ма?
Әлеуметтік Әділеттілік және
Қайырымдылық
-
Исламдағы қайырымдылықтың рөлі
қандай және ол қалай жүзеге
асады?
-
Кедейшілікпен күресуде
мұсылмандарға қандай міндеттер
жүктелген?
-
Мешіттердің қоғамдағы
әлеуметтік қызметтері қандай болуы
тиіс?
Дін және
Денсаулық
-
Ауру мен қиыншылықтарды
қабылдау туралы ислам не
дейді?
-
Психологиялық денсаулықты
нығайту үшін исламда қандай кеңестер
беріледі?
-
Дәстүрлі және заманауи
медицина арасында исламдық көзқарас
қандай?
Жастарға Қатысты
Сұрақтар
-
Жастардың дінге қызығушылығын
қалай оятуға болады?
-
Жастар арасында радикалды
көзқарастардың алдын алу үшін қандай шаралар
қажет?
-
Білім мен мансап таңдауда
исламдық құндылықтарды қалай сақтауға
болады?
Жүргізуші:
Нұрлан имамамен кездесе калсам осы мазалаған
сұрақтарды қоямын деп жүрген азаматтар болса мархабат. Арнайы
орналастырылған микрофондарға жақындауларыңызды
сұраймыз.
/Залдағы келушілердің
сұрақтары/
/Регламентке
сәйкес/
Жүргізуші:
Бүгінгі кедесу барысында ауданымыздың
тұрғындары көкейінде жүрген, мазалаған сұрақтарына тиісті
жауап ала алды деп
ойлаймыз.
Жүргізуші:
Осындай баршамызға да
тәрбиелік мәні бар игі іс-шараға арнайы келіп бар білгеніңізбен
бөліскен сізге рақмет Нұрлан
Байжігітұлы.
Жүргізуші:
Бүгінгі іс-шарамыздың өтуіне
ықпал етіп отырған Жамбыл облысы әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев мырзаға
тағы да алғасымызды білдіргім
келеді.
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым
бүгінгі рухани тәлім-тәрбиеге толы кездесуіміздің төрінен
табылғандарыңызға рақмет келесі
кездескенше,
САУ САЛАМАТ
БОЛЫҢЫЗДАР!