Материалдар / «Иманды болу парызың»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Иманды болу парызың»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Әрбір қыз бала-болашақ ана. Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2020
1931
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Абдиева Салтанат Калдыбаевна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп, әлеуметтік педагог



Тақырыбы: «Иманды болу парызың»

Ата-бабаларымыз «Иман тұрған жерде ұят тұрады» деген мақалды бекерден-бекер қолданбаған ғой. Адамзаттың ең бір асыл қасиеттерінің бірі Ар, Ұят, Ұялу, парасатты тәрбиені көрген адамның ісі. Осы мақсатта міне бүгін өздеріңізбен бірге, «Иманды болу парызың»деген тақырыпта сіздермен жиналып отырмыз. Осы жиынымызды өткізудегі негізгі мақсат: Иманды да ибалы ұрпақты тәрбиелеу және оны түсіну еді. Ендеше, «Әрбір ақылы бар адамға иман парыз, әрбір иманы бар адамға ғибадат парыз» деп Абай атамызда оның мәнін аша түскен. Пайғамбарымыз: «Ұят иманнан болмаса, оның ұяты жоқ. Басқаша айтқанда иманы толық болмағанның ұяты болмайды»-деген. Бұл жастарға ғана емес, кей үлкендерімізге де қатысты нәрсе. Қазақ өзі қашанда теңіз ойдың тереңін, тұнған ақыл мөлдірін, айтар сөздің асылын тауып айтатын, «жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді»демекші ет жүректі селт еткізбей қоймайтын халық.

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Әрбір қыз бала-болашақ ана. Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. Қыз баланың өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді.Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз- көңіліңе жақын дегендей- мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек. Қыз-ең қасиетті сөз.Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді.Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше.Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
«Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ.

Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да,дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлікпен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен, не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді,мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсетуде. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді. Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар-ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, əйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді.

Қыздарға ақыл кеңестер. 
Ерінің әдемі болсын десеңіз, жылы сөздер айтыңыз .

Көздерің әдемі болсын десеңіз, адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

Сыртқы пішінің сымбатты болсын десеңіз, аш жалаңаштанбай талғамыңызды бөлісе біліңіз. 
Өз-өзіңе сенімді болу үшін әр кез өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз. 
Есіңде болсын, егер бір күні сізге көмек болса сіз оны бір-біріңіздің қолдарыңыздан табасыз Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жәрдем үшін, ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін білесіз. 
Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей. Қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!