Тақырыбы: «Иманды ұл, инабатты қыз -өмір
көркі»
Мақсаты: Оқушыларға адамдық
асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету
Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып,
оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын
дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.
Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете
білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа
баулу.
Ұл
мен қызды дәріптеу мақсатында
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат
бөрік, қара қасты,
Сұлу
қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең
жолдарын қыздарымызға,
Атадан
жақсы ұл туса,
Елінің
туы болады.
Атадан
жаман ұл
туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің
нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі
«Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір
көркі» атты ашық тәрбие
сағатымызды бастаймыз.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы
мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі
абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын,
ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді
болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын
тұтатушы болып саналады.
Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің
үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып
кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.
Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік,
адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп
жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына
байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай
халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер
өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы,
яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес
білгеннен бастап, оның құлағына «сен
ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер
жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен,
жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен
ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,
жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлттытәрбиелейміз-деп
бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті,
әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал
отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған
үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да
көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген
ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал,
жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор
бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз
алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл
қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі
дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға
лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу
ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
Қазақ халқы ұл мен қыз
тәрбиесіне енжар қарамаған. «Ұлым жақсы болсын десең – біліктімен
ауыл бол,қызым жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол» дейтін
қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай
бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі,
текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс,
алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие
жүргізе бастаған.
Ұл бала тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны,
отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін
ұғындыра отырып, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай
ұстап, әйелдер мен балаларына қалай қамқор болу керек, қиын сәттер
мен ел басына күн туған сәттерде қалай ерлік көрсетіп, қалай
азаматтық таныту керек екендігі мұқият үйретіледі.
Қазақ халқы қыздың да тәрбиесіне қатты мән берген. Қыз әуелде ана
бауырында отбасы тәрбиесінде болады. Оған ұлдан өзгеше тәрбие
береді. Қыз тәрбиесінде білікті аналар қыздарын бір тізерлеп отыру,
қалай болса, солай отырып-тұрмау; үнемі сіз-біз деп сөйлеу, тасыр
мінез, кеселді сөзден аулақ болу; кісі бетіне, әсіресе ер
адамдардың бетіне қылымсып немесе тіке қарамау,тамақты ауыз толтыра
асап, былшылдатып, шалпылдата шайнамау; ыдыс-аяқты жуғанда, жиғанда
сылдырлатпау; үлкен адамдар келгенде тұрып жол беру, аман-сәлем
жасау; «шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без» дейтін халық даналығын
сақтау; көпшілік ортасында жыртақтап күлмеу, арын таза сақтау,
ата-анадан рұқсатсыз жөнсіз қыдырмау сияқты істерден егжей-тегжейлі
тәрбие жүргізеді.
Қазақ халқының қыздарды жастайынан оң босағаға отырғызуының үлкен
мәні бар. Ол қыздардың дербес өмір сүруіне бейімдейді. Болашақ
отауды қалай ұстап, қалай басқаруды, шаруашылық істерін қалай
реттеп, қалай жөнге салуды үйретеді. Еңбекшілдікке, іскерлікке
тәрбиелеп, болашақ ана, отау иесі болуға үйретеді.
Байырғы қазақ қоғамында қыз тәрбиесі бір ғана шаңырақ тәрбиесі
емес, әулеттің, ауылдың тәрбиесін көріп өседі..
Әке үйінде жүрген қыз – қонақ деп, оны жарасты киіндіріп,
ұзатылғанша төрге таман оң жақтан орын берген. Қыз баланың белін
жеті жасқа келгенде аналары белбеумен буып қоятын болған. Ал, он
екіге келген соң, аналары қызының төсегіне дәл жауырынының астынан
келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да
қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.
Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі, береке-бірлік пен
татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, ардақтаудың
арқасында, қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп, ру-тайпа
басқарған көсем, шешен, би, аты аңызға айналған батыр, әулие
аналар, ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті, киелі әжелер көп
болған. Мысалы, Айша Бибі, Баба әже, Домалақ Ана, Қызай ана, Абақ,
Мұрын аналар...
Қазақ халқының тәрбиесі қыздарды арлы болып, адамгершілігін биік
ұстауға; өнерлі іскер болып, ар-абыройын таза ұстауға баулиды.
Ерлерді қадірлеуге, құрметтеуге, отбасының ұйтқысы, перзенттерінің
тәрбиешісі, ұстазы болып, адамдық арына дақ түсірмейтін өнегелі,
үлгі-тағылымды адам болып есеюге баулиды!
Ибалы ұлдар
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды
білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп
құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек
көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман
жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық
«иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай
атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.
Адам
болам десеңіз...
Бес
нәрседен қашық бол...,—
Бес
нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз айтқандай, адамның
ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында
Ал
имандылық қасиеттерге
● қарапайымдылық
● сыпайылық
● мейірімділік
● кішіпейілділік
● ізеттілік
● адалдық жатады
Ибалы қыздар
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер
сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп
кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша,
адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады;
біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан,
екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет
жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз
сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және
басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола
білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап,
кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді
айтпаудан.
Ибалы қыздар
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл
алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді
қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі
тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық,
инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай
еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149
өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден
ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына
үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Қыз
бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында
жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй
шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен
ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық
қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен
татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз
бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай
оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қаже