Иманды ұл, инабатты қыз - елдің көркі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Иманды ұл, инабатты қыз - елдің көркі

Материал туралы қысқаша түсінік
Иманды ұл, инабатты қыз - елдің көркі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Ибалы ұл, инабатты қыз -елдің көркі.

Мақсаты: Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының   рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге  тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.  .

     Мұғалім.

     Қайырлы күн, балалар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.   Енді әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін! Адал бол! Қайрымды бол! Жүрегің жақсылыққа толы болсын! Алланың нұры жаусын!

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІІ. Тренинг.  Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді  жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.

Топтастыру стратегиясы

І топ.   (адамгершілік, имандылық, адалдық, әдептілік, әділдік)

ІІ топ   ( әдептілік, ізеттілік, қайырымдылық, инабаттылық)

ІІІ топ  ( қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу, ұяттылық, 

              шыншылдық)

  Балалар, қазақта мынадай тілек  бар екен.  Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын!  Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.

 Бүгінгі сынып сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық  қағидаларына тоқталамыз.

Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық.  Балалар пікірі тыңдалады.

ІҮ. Жаңа ақпарат 

1-    топ Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. 

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында.

ІІ топ Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.     

ІІІ топ  Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

 Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

                               Имандылық қасиеттер

қарапайымдылық

сыпайылық

мейірімділік

кішіпейілділік

ізеттілік

адалдық 

Ү. Ойланайық пікірлесейік.

     Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкента  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие  қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт.    ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,  қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,сыпайы, биязы  болса  )

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл,адамгершілігі мол),

 

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

ҮІ. «Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

 

Не істеуге болмайды?

 Не істеу керек?

 Не істер едім?

Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды

Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек.

Адамдарға қамқор болар едім.

Сабақтан кешігуге болмайды

Кішілерге қамқор болу керек

Туған жерімді көркейтер едім.

Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды

Сабақты жақсы оқу керек

Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.

Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды

Тәртіпті болу керек

Иманды ұл.

Тәртіпсіз болуға болмайды

Әдептілік қағидаларын сақтау керек

Инабатты қыз болар едім.

ҮІІ. Қорытынды

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шрамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

Топтастыру          

             Иманды ұл                                       Инабатты қыз

 

Тәртіпті                                                               ибалы                             

қайырымды                                                        сыпайы

әдепті                                                                  биязы

адамгершілігі мол                                              кішіпейіл

 ҮІІІ. Жүректен жүрекке.

 –Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына  

  қойыңыздар.

Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

 

                                          

 

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі