«Имандылық - ізгілік негізі
»
Мақсаты:Имандылық сөзінің нақты
мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой –
өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни,
адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата – салтын,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты,
ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.
Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді
қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,
оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту.
Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа,
қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа,
достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке,
ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде
тәрбиелеу.
Барысы:Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Әдептілік – барлық адамға жарасатын қасиет. Ол – адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым – қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады.
Бүгінгі «Имандылық - ізгілік негізі
» тақырыбындағы кездесуіміздің қонағы
қалалық Әл-Мұхтасив мешітінің ұстазы Арлан
Бауыржанұлы келіп отыр.
Дініміз қашанда адамды шынайы әдептілікке баулиды. Ежелден
ата-бабаларымыз әдептілікке қатысты ойдым-ойдым ой кестесіндей сөз
маржандарын мирас етіп қалдырған:
«Әдеп – Жаратқанның нұрынан түскен тәж.
Тәжді қабыл ал да, барлық пәледен құтыл» деген екен
«Әдептілік-имандылық» тақырыбында бейнеүзінді көріп,өз ойымызды
айтайық!
Сөз кезегін
қалалық мешіттің ұстазы Арлан
Бауыржанұлына береміз.
Лұқпан хакімнен «Әдептілікті кімнен үйрендің?»
деп сүраған көрінеді. Сонда ол: «Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы
көрінген әрекетінен бойымды аулақ салдым» деген екен. Адам осылай
өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие
аркылы ғана іске асады.
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп
тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға
келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға
соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен
одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.ЕЕЕ сізден көп
нәрсе үйренуге болады екен үнемі есіме сақтап жүрейін
–депті.
Сіздің ойыңыз ...Оқушы ойы ...
Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық
орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі
дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес
пе?!
Мәнерлеп
өлең
оқу
Қорытынды:Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан
жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық,
сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда
татулық, бірлік, ынтымақ орнайды.«Түзу бастап, ақ жолды кесе
көрме,Иман тонын үстіңнен шеше көрме» – деп түрік ғүламасы Жүсіп
Баласағүн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз
кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген
тілекпен бүгінгі кездесуімізді аяқтаймыз. Бүтінгі сабақта өз
ойларызды айтып, белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет.
Барлыктарьңызға Алланың нұры жауып, шапағаты тисін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Имандылық - ізгілік негізі

шағым қалдыра аласыз