имандылық атты тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

имандылық атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Имандылық - асыл қасиет атты тәрбие сағаты бұл барлық адамдар үшін пайдасын тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

күні: 28.03.19 ж.

Өтетін орны: Ауд. 16

112-9-63

Топ кураторы: Байтемирова Г.Ж.

Тақырыбы: Имандылық –жүректің нұры

Мақсаты: имандылық сөзінің нақты мағынасын студенттерге түсіндіре отырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерден үлгі алуға ұмтылдыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттау, студенттің рухани білімін, дүниетанымын байыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Студенттің қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын ояту.

Түрі: журнал жобасын жасау

Көрнекіліктер:  тақырыптық слайд, қима қағаздар,конверттер

Барысы: 

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім

ІV. Қорытынды


І. Ұйымдастыру

Эпиграф:

Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз.

Абай

ІІ. Кіріспе

Мұғалім сөзі:

  • Ассаламу алайкум, құрметті ұстаздар, студенттер!

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, адалдық, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Абай атамыз «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген еді.

Бүгінгі «Имандылық –адамгершілік айнасы» деп аталатын тәрбие сағатымызда «иман» сөзінің мағынасына тереңірек үңіліп, адами асыл құндылықтарымыз туралы әңгіме қозғамақпыз және осы тақырыпта жарық көретін журнал жобасын жасамақпыз. Сыныбымызда журналист, баспа қызметкері, тіл маманы болуды мақсат етіп отырған оқушылар бар. Биылғы оқу жылында сыныбымыз түрлі тақырыпты қамтитын «Ислам» деген атпен діни-танымдық журнал шығаруды ұйғарып отыр. Бүгін біз жұмыла отырып, журналымыздың бірінші санының жобасын жасамақшымыз. Өзімізге сәттілік тілеп, жұмысымызды бастайық, балалар. (Слайд №2, №3, №4)

  1. Мұқаба

  2. Біз туралы...


МАЗМҰНЫ:

3-бет. Ой өрім

Иман нұры ұяласын жүрекке

4-бет. Сөз маржан

Жүректен шыққан сөз асыл

5-бет. Қонақкәде

Оймақтай ой түйейік санамызға...

6-бет. Жан саясы


Имандылық - өмір көркі

7-бет. Соңғы мұқаба (фото, тілек)

8-бет Қолөнер


III. Негізгі бөлім

Мұғалім:

- «Ой өрім» айдарында оқушылар «Иман нұры ұяласын жүрекке» тақырыбында «Имандылық» туралы ой өрбітеді.

(Оқушылар 3 топқа бөлініп, журнал жобасымен жұмыс жасайды.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша «Иман» сөзіне анықтама береді. А-4 бетіне ізденіп, жазып келген мақалаларын орналастырады. Үш оқушы жазғандарын оқып береді. 3 топтың да балалары бірдей жұмыс жасайды)


Азамат:

- Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен  ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық  ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны «иман жүзді адам» дейді.

Иниятова Ж

- Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік.


Қанибаева Назерке:

- Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау- адамгершіліктің нағыз белгісі. Халқымыз «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың негізі. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Мейірімділік, - деп жазды К.Бови, -мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарау, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен имандыдық білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу адамгершіліктің жоғарға белгісі. Менің ойымша, осы үш қасиет бір адамның бойында болса, онда оның адамгершілік қасиеті таудан да биік болады.

Мұғалім:

- Дұрыс айтасыңдар балалар, иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Өзін мұсылман деп есептейтін әрбір адамның адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеті болуы абзал екенін әр сәт есімізден шығармайық. (Жазғандарын А-4 жапсырып, тақтаға іледі)

«Сөз маржан» айдары (оқушылардың шығармашылық жұмыстары)

Мұғалім:

- Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі болып табылатынын өздерің жаңа айттыңдар, балалар. Имандылық туралы сыр шертетін мына бейнебаянға назар аударайықшы. (бейнебаян көрсетіледі)

  • Ал енді, балалар, алған әсер, түйген ойларыңды қағаз бетіне түсіре

қойыңдар. (жұмыстарымен әр топ өз ішінде танысады. Іріктелген жұмысты журналға ұсынады. А-4 бетіне түрлі-түсті қағазға жазып орналастырады)


«Қонақкәде» айдары

Мұғалім: Келген қонақ имамға сұрақ қояды

1. Құранда адамгершілік, имандылық туралы не айтылған?

2. Көпшілік адамдар «имандылық жасау- мешітке бару» деп ойлайды, бұл

туралы не айтасыз?

3.Оқушылардың жұма намазға баруы дұрыс па?

(жауаптарды А-4 жазып тақтаға іледі)


«Жан саясы» айдары

Мұғалім:

- Журналымыздың «Жан саясы» айдарына балалар, түрлі мазмұнда жазылған хаттар келіп түсті. Бұл хаттарды жолдап отырған өздерің секілді балалар, яғни өздеріңнің достарың. Түрлі жағдаяттардан шығар жол іздеген достарыңа көмек көрсетуге асығайық, балалар.



1- хат.

-Құрметті достар, менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірікті айта қояды. Ата-анасына да өтірік айтады және бұл қылығына ұялмайды. Менімен дос болғысы келеді, онымен дос болып араласайын ба?


2 -хат.

- Құрметті достар, менің досым өте мақтаншақ, тәкаппар. Бірге жүргенде үйінің байлығын, қымбат нәрселерін айтып көп мақтанады. «Адамды байлығына қарап бағалау керек» дегенді жиі айтады. Мен онысын ұнатпаймын. Оның осы мінезін өзгертуге қалай көмектессем екен?


3 -хат.

-Құрметті достар, партада менімен бірге бір бала отырады. Үй тапсырмаларын орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен дәптерімді бермесем, «Сен сараңсың»- деп мені мазақтайды. Мен не істеуім керек?

(балалар жауаптарын жазып, А-4 жапсырады. 3 топ жазғандарын оқиды, тақтаға іледі)

Қорытынды

(«Жақсылық жасаудан жалықпайық» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі)

Мұғалім:

- Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, олардың өмірінде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік секілді қарым-қатынастар болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар. Бүгін біз бірімізді біріміз қолдай отырып, журналымыздың жобасын жасап бітірдік, балалар. Ал аптаның соңында журналымыз жарық көретін болады.

...Түзу баста, ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме, - деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай, бойымыздан иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын. Журналымыздың соңғы мұқабасын жасауға, құрметті қонақтар, сіздерді шақырамын.


Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.03.2019
1724
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі