Жамбыл атындағы орта
мектебі
(байқау)
Тақырыбы:
Көшек батыр
ауылы
«ИНАБАТТЫ АРУ -
2018» сайысының сценарийі (8-10
сынып аралығы)
15.03.2018
Жүргізуші: Құрметті жиналған
қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі
той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді
қой.
Жырдан шашылсын, күй
күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін
бой.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
мерекесіне орай өткізгелі отырған
«Инабатты ару
-2018» атты арулар сайысына қош
келдіңіздер.
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) Аружан қыз білімді
Меңгерген бар ілімді 9 сынып –
Шәйдікерім
Аружан
2) Сымбат қыз
шығады
Бұрымдары желбіреп 9 сынып
– Төлепберген
Сымбат
3) Аққу құстай қанат қағып
самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Ақерке де қатарынан қалмаған. 8 сынып –
Сәрсенбек
Ақерке
4) 9- сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Аяжан өнерлі қызымыз. . 9 сынып –
Елемес
Аяжан
5) Атыңнан айналайын Әсемай
деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген. 8 сынып
– Замедин
Әсемай
6)
Ажары да әдемі
Ибалы ол өнерлі
Фатимамен күн нұрын
Төгіп тұрды үнемі. 10 сынып
- Баласары
Фатима
7) Білімді қыз Айда
сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Қызымыздың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отын. 10 сынып-
Білтен
Айда
Ендігі сәтте бүгінгі
байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт.
«. Мен қазақтың
қызымын. »деп аталады-әр ару өзін - өзі
таныстырады. (3 мин)
2 - шарт.
«Ойлан тап», әр ару сұрақтарға жауап
береді. сұрақ - жауап (5 мин)
3 - шарт. «Өнерлі өрге
жүзер» деп аталады. Өз өнерлерін
көрсетеді
4 -
шарт. Талаптыға нұр жауар
үй
тапсырмасы
5 - шарт. Ана көрген тон пішер
берілген тапсырманы
орындайды
6 - шарт
«Қыздарға
әсемдік жарасады. » сән үлгісі
7 – шарт
«Ас адамның
арқауы» дастархан
мәзірі
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа
тұтқан,
Әділқазы алқасымен
танысайық.
-
--------------------------------------
-
--------------------------------------
-
--------------------------------------
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін
таныстыруды бастасын. Ендеше І -кезең.
Мен қазақтың қызымын
Таныстыру.
(
әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)
ІІ - кезең.
Ойлан тап
Сұрақ-жауап
Жас
ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің
арманысың.
Дәл
бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан
сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. ( әділ-қазылар алқасының бағаларын
білу)
III кезең.
Өнерлі өрге жүзер
. Өз өнері
Ал,
кімнің өнері бар қаншалықты,
Би
билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге
алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты. ( әділ-қазылар
алқасының бағаларын білу)
ІҮ- кезең.
Талаптыға нұр жауар
үй
тапсырмасы
Қыз
емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі
жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз
сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын. (
әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)
V -кезең. «Ана көрген тон пішер»
берілген тапсырманы
орындайды
Шеберлерім өнер тамып
қолынан,
Жаңылмаған ата-баба
жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін
көрсетсін
Біз
айтайық төрелігін соңынан
Жүргізуші:
Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай
адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас
ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы
да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды
көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар
емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой.
Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп,
«Қыздарға әсемдік
жарасады» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік
киім үлгісін көрсету бойынша сынға
түседі.
ҮI- кезең «Қыздарға
әсемдік жарасады. » сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен
демейік,
Арулардың сән үлгісін
көрейік.
Сыры менен сымбатына қара
біз,
Әділдікпен бағаларын берейік. ( әділ-қазылар
алқасының бағаларын білу)
ҮІI- кезең «Ас адамның арқауы»
дастархан
мәзірі
Жүргізуші:
«Қыз -ұлттың жаны» демекші,аяулы арулар,
ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен
қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола
беріңіздер.
Қыз
сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал
бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір
көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. Кімдер жүйрік,
өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші-дей келе,
сайысымыздың қорытындылау үшін әділ-қазыларды ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
сайысымызды аяқтаймыз!