Материалдар / Индустрияландыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Индустрияландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
өте керемет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
398
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Боранқұл орта мектебі»КММ

















АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ДІН МӘСЕЛЕСІ.














М.Макатова тарих пәні мұғалімі













2017-2018 оқу жылы

ХХ ғасырда Ресей мемлекетінің отарлық қыспағындағы орыстандыру саясатын дер кезінде байқаған қазақ зиялылары қазақ халқын ислам дініне жаппай тартып,көшпелі халықты бір ту астына біріктіруді өздерінің патриоттық борышы санады.Европалық білім ордаларынан сусындаған қазақ зиялылары дінді саясат пен ағартушылыққа және құқықтық жүйені өзгертуге ұштастыру арқылы ұлттық прогресске көтерілуді-саяси міндеттердің ең өзекті,көкейтесті санатына жататын заңдылығын айқын байқаған.

Сондықтан,қазақ зиялылары саяси күресте діни фактордың маңызын жақсы түсінді.Олар қазақ халқының діні ислам екенін көрсете отырып,қазақтарды нағыз мұсылман ретінде таниды.Біздің қазақтың бүкіл өткен зиялылары дінмен тікелей байланыста болды.Зиялылықтың өзі тікелей ғылыммен, имандылықпен байланысты.Алаш қайраткерлерінің ішінде ислам дінінің көптеген ірі өкілдері болды.

Алаш зиялылары шариғат арқылы қоғамдық қатынастарды реттеумен халықты дінге баулып,қазақ халқын біртіндеп тәуелсіздік жолына түсіруге тырысты.

Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді.Петициядағы 11 тармақтан тұратын талап-тілектер,жергілікті басқару,сот,халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сай өзгерістер енгізу,цензурасыз газет шығару мәселелермен қатар ұждан бостандығы,дін тұту еркіндігі мәселері де көтерілді.

Орал және Торғай облыстары қазақтары жолдаған петиция да осыған мазмұндас болды.Ол қазақ тілінде жазылып,1905 жылы Орал қаласындағы К.М.Тухватуллин баспасында жарық көрген. Екі бөлімнен тұратын бұл құжатта қазақ елінің дін және жер мәселелеріне байланысты талаптары баяндалған.Петицияның әр бөлімінің соңына 22 адамнан қол қойған.Бұл құжатты дайындауда Бақытжан Қаратаев басшылық рөл атқарған.

Ә.Бөкейханов петиция тексінде дінге байланысты талаптардың бірінші кезекте тұрғандығын діншіл,түркішіл интеллигенцияның халық арасындағы ықпалының басым түсіп жатқандығымен байланыстырды.

Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған қазақ зиялылары мұсылман депутаттары фракциясына қатысып ,қазаққа керекті мәселелерді көтерді.

Ұлттық мерзімді баспасөзі жоқ,ал жазба әдебиетінің әлі қалыптасып үлгермеген кезінде қоғамдық-саяси тақырыпқа жазылған кітаптардың орны ерекше еді.Сондай отаршыл әкімшілік орындарына үлкен қолайсыздық тудырған алғашқы кітаптардың бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатовтың «Оян,қазақ!» кітабы болды.

Көзіңді аш,оян,қазақ,көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты!

Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам боп,

Қазағым,енді жату жарамасты!

Бір қызығы сол,бұл кітапты халық арасында кең насихаттауда белсенділік танытқан дін қызметкерлері молда,имамдар болды.1911 жылы маусым айында Ақмола губернаторының нұсқауы бойынша «Оян,қазақты!» таратып,қылмысты іс жасағаны үшін Ақмола қаласындағы 2-ші үлкен мешіттің имамы Хаджитулла Хаким Дауд Махмутовтан жауап алынып», имамның ондай іспен айналысқаны дәлелденген соң,ол қызметінен қуылып, үш жылға жер аударылған.

Ахмет Байтұрсынов 1913жылы Орынборда шыққан «Қазақ» газетінің беташары болған кіріспе сөзін «Құдай сәтін салсын «әумин» деп қол жайып, «әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік» деп бастайды. Ә.Бөкейханов 1915 жылы өзінің «Қазақ» газеті шыққанының 2 жылдығына арналған «2 февраль» атты мақаласында: «Күштіге сыйынсаң құдайға сыйын» деген, әуелі құдайға сеніп, екінші, құдайдан соңғы күшті халыққа сүйеніп, «Қазақ» алдағы жасына аяқ басты.Қайырлы болсын!» деп жазады.

Осы жерде «Қазақ» газеті ислам діні мәселесі бойынша ғылыми негізделген тактика ұстанғанын айтып кету керек.Ол қазақ халқының көпшілік бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның «жердегі өкілдері» молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. «Қазақ» газеті діни қызбалықты қоздырған жоқ, империя құрамындағы түрлі ұлттардың дінге сенушілерін топтасуға шақырды. «Қазақ» газеті дінді мектеп пен мемлекеттен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты, сонымен бірге жыныс, дін ұстану, ұлт айырмашылығына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында тең екенін жариялап, жеке адамның бас бостандығы мен оның еркіндігіне қол сұқпауды қорғады.

1917 жылдың жазындағы қиын-қыстау сәтте қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері, жалпықазақ съезін өткізуді жылдамдату туралы шешім қабылдады. Бұл негізінен кадеттер басқарып отырған Уақытша үкіметтің шын мәнінде Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жалғастырып отырғандығымен, ұлттық мәселені шеше алмағанымен және аграрлық мәселені шешуге құлықсыз екендігімен түсіндірілді.

Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатынын және қазақтың жалпыұлттық партиясын құрғысы келетінін ашықтан - ашық мәлімдеді. Осы мәселеде ол үш жайтты нақты атап көрсетті: «Кадеттер партиясы жерді жеке меншікке беру керек деп отыр.Біздің жағдайымызда жерді жеке меншікке беру, біраздан кейін, бұл Башқұртстанда болғаны сияқты, жеріміз көрші мұжықтың қолына өтеді де, қазақтар жерсіз қалып, қайыршылыққа ұшырайды. Кадеттер партиясы ұлттық автономияға қарсы шығып отыр. Біз Алаш туын жоғары көтеріп, ұлттық автономия құруға ұмтыламыз... Кадеттер партиясы шіркеуді мемлекеттен бөлуге қарсы, ал мен шіркеудің мемлекеттен бөлінуін қалаймын. Осы ұстаным бойынша келіспеушілік... айқын байқалды. Сол себепті мен кадет партиясынан шығып, «Алаш» партиясын ұйымдастыру қажет деген шешімге келдім». Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен- аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді.

Бірінші және екінші жалпықазақ съездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болды. «Алаш» партиясы бағдарламасына дін ісі жеке тарау ретінде енгізілді. I Бүкілқазақ съезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті.Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды.Соның ішінде съезд дін мәселесін қарап, Ақмола,Семей,Жетісу және Каспий жағалауы (Маңғыстау уезі ) облыстарының қырғыздары (қазақтары) уақытша Орынбор муфтиатына қосылады деп шешті. Съезде ислам дінінің қоғамдағы қызметі анықталды.

Дін мәселесі: 1.Дін ісі мемлекет ісінен айырылсын.

2.Мешіт саны халықтың тілегінше болсын.

I Жалпы қазақ съезінің дін мәселесі бойынша қабылдаған қаулысының мазмұны төмендегідей болды: 1) Ақмола,Семей,Жетісу,Торғай,Орал һәм Закаспий (Маңғышлақ уезі) облыстарының қазақтары уақытша Орынбор муфтилігіне қарасын.

2) Әр облыстан (Маңғышлақ уезінен басқа) бір қазы сайлансын.

3) Қазақ бөлімінің істері таза қазақ тілінде жазылсын.

Съездің дін мәселесі бойынша қабылдаған шешімі қазақ демократиялық зиялыларының бұл қоғамдық мәселені түсініп,шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын анықтайды.

«Алаш» партиясы бағдарламасының «Дін ісі» деп аталатын IV тарауында былай делінеді: «Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу.Дін біткенге тең хұқық.Дін жаюға ерік.Кіру-шығу жағына бостандық.Муфтилік қазақта өз алдына болу.Неке,талақ,жаназа,балаға ат қою сияқты істер молдада болу,жесір дауы сотта қаралу».Бұл баптан байқайтынымыз Алаш партиясы дін бостандығы жағында болды.

II жалпықазақ съезі муфтилік мәселесін де күн тәртібіне қойып,қарастырды.

Алаш зиялылары муфтилік қызметке алынатын адамның қандай талаптарға сай болу керектігін да айқындап берді. «Муфтиге қандай өнерлі кісі лайық деп сөз болғанда, муфти орнына сайлау шарты мынау болсын: дін туралы кітап жазып,кітабын сынға салып, бәйге алған ғана кісі сайлансын.

Қазақ халқы дәстүрлі ислам дінін ұстанады.Дәстүрлі ислам дегенде Әбу Ханифа мазһабына сүйенеміз.Қазақ халқы ежелден Әбу Ханифа мазһабын ұстанған. Ол он екі ғасыр бойы келе жатқан дүние.

Қорыта келгенде, Алаш қайраткерлерінің дінге теріс көзқараста емес екенін байқаймыз. Тәуелсіздіктің туын тіккен Қазақстан Республикасында ұлт зиялылары көтерген мәселелер өз шешімін табуда.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!