Материалдар / Информатика әлем

Информатика әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы ,

Жалпыға білім беретін №40 орта мектебі,

математика және информатика пәндерінің мұғалімі 
Бекмухамбетова Нургул Рахымовна.

Тақырыбы: «Информатика әлемі» кеші. 
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, 
шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: сыныптан тыс 
1-жүргізуші: 
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! 
Бүгінгібіздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қошкелдіңіздер! 
2-жүргізуші: 
Ұстаз, ұстаз! 
Ардақты да құдіретті бұлесім 
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің 
Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан, 
Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам. 
1-жүргізуші 
Ұстаз, ұстаз! 
Сен көрсеттің білім жолын іздеген 
Жүріп кеттім мен де алға 
Сен көрсеткен ізбенен 
Талайғалым, талай ақын 
Қанаттанды өзіңмен, 
Дүние сырын таныды олар 
Сенің айтқан сөзіңнен. 
2-жүргізуші 
Телефонға жүгіреміз, 
Теликке ылғи үңілеміз, 
Бұл заманда адамдардың 
Интернетпен ғұмыры егіз. 
1-жүргізуші 
Қалам ұстау ұмытқалды, 
Емейлдерқұрық салды, 
Өмір – құйын, көре алмаймыз 
Түсімізде де тымықтаңды. 
2-жүргізуші: 
Кешімізге арнайы дайындалып келген ‘‘Информатика әлемі’’ жайында менің 
білетінім, айтарым бар деп отырған мектебіміздің белсенді оқушысы. 
7а класс оқушысы Шаймағамбетова Инабат қарсы алыңыздар. 
Ән: жангүлім 
Информатика болашаққа бастайды 
Келешекке білім қуған жастарды 
Қадамбасып 21-ші ғасырға 
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды 
Қ-сы 
Информатика әлемі, 
Неткен ғажап әсерлі. 
Шыққан сонау ертеден, 
Орын алды көңілден 
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды 
Информатика озады бар ғасырды 
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды 
Әлі ашыларқұпиялар сан- сан қырлы

2-жүргізуші 
Өмірді іспен өлшейміз, 
Қадірлеп құнын жеңістің. 
Мақсатқа берік сұлтандар, 
Келеді сонда жеңіскүн. 
1-жүргізуші 
Сенімнің күші бірғажап, 
Қопа ар заңғар тауды да. 
Ұмытылар сонда түрлі азап, 
Ұмтыл тек алға, қалғыма. 
2-жүргізуші 
Қиындықтардан бүгілмейміз, 
Үмітімізді сенім баптасын, 
Ашамыз сонда түбінде, 
Информатика қақпасын. 
1-жүргізуші 
Интернетте құстай ұшып самғаймыз, 
Көпелдің арасынбіз жалғаймыз. 
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн, 
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.

2-жүргізуші: 
Ұстаз! 
Осы сөзде қаншама ұлылық бар? 
Жүрегінде маздаған жылылық бар 
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым 
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал. 
Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған. 
Құдіретіне бас имей қалған ба адам. 
Мінезіңе байсалды ғашық болып, 
Мен де өзіңдей болуды армандағам. 
1-жүргізуші: Келесі кезекті тележарнамаға берелік. Олай болса назар аударайық. 
Сыныптағы компьютер- 
2-жүргізуші: адамдарды өзіне басындырған әлжуас 
1-жүргізуші: Жүйелік блок- 
2-жүргізуші: бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми 
1-жүргізуші: Монитор- 
2-жүргізуші: өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін 
құртатын жалмауыз 
1-жүргізуші: Пернетақта- 
2-жүргізуші: саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ 
деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын 
береген. 
1-жүргізуші: Тышқан- 
2-жүргізуші: пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, 
қорқақ компьютердің кенже баласы 
1-жүргізуші: Джойстик- 
2-жүргізуші: тышқанның ең жақын туысы 
1-жүргізуші: Принтер- 
2-жүргізуші: стипендия алғанда ақшаңныңтең жартысын бақилыққа жіберетін апан. 
1-жүргізуші: Скайнер- 
2-жүргізуші: принтерден асып түсетін мешкей. 
1-жүргізуші: Үйренукерекбәрін де- 
Ақпараттық заманың!-демекші сахнада 
7а класс оқушысы Бауыржанова Әселді тамаша ән мен қарсы алыңыздар 
Әні: (балалық шаққа саяхат) 
Ақпараттану күнбе-күн 
Өрге басып келеді. 
Таппай іздеп жүргенің 
Компьютерге енеді-

Қ-сы 
Интернетке қосылу 
Бір-ақ жұмыс керегі! 
Барлық пәндер жазылып, 
Дискілерде тұрады,

Кезекпенен ағылып 
Экранға шығады 
Тілін білген мамандар 
Қырын, сырын ұғады! 
Қ-сы 
Компьютер-сенің көмекшін 
Қаламын, әрі қағазын! 
Керек емес демессің, 
Аздаған болса хабарың.

Айдан хабар алғызған 
Зәулім үйді салғызған 
Теңіз суын каналмен 
Шөл далаға барғызған 
Желі тартып жолдармен 
Жылдам хабар алғызған 
Фи-зи-ка-да, физикада 
Жетпесіңе жеткізген, 
Қызықты уақыт өткізген 
Бар ғылымды сыйдырып 
Білетіні көпбізден 
Жаңалықтың жаршысы 
Жұртты елең еткізген 
Ин-фор-ма-тик информатик 
Табиғат сырын аштырған 
Тоқпен қазан астырған 
Миллион гектер астықты 
Комбайнмен бастырған 
Ойлап тауып жолдарын 
Артық берген жоспардан 
Фи-зи- ка –лау физикалау 
Ин-фор-ма-тик информатик

1-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандайжарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. 
2-жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас, 
Еңбегін кетпес далаға 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымына арнап 
«Жас ұстазым» әнімен ортаға 7 класс оқушыларын шақырамыз. 
Жас ұстазға (әні: Жан досым) 
Болашаққа ұстаздықты таңдадың 
Тілегімді менде өзіңмен жалғадым 
Ұстаз болу болашақтың бағбаны 
Әр қашанда бола берсін жолдарың 
Қ-сы 
Жас досым 
Сенім болсын жолдасың 
Әрқашаншәкірттеріңқолдасын 
Ұстаздықтытаңдадың 
Ұстаз болу арманың 
Бола берсінжолдарың 
Әрбір шәкірт бір-бір жұмбақ әр арман 
Ұстаз оған ашады екен жол алдан 
Терең білім жалықпаған жан ғана 
Болашаққа білім нәрін себе алған.

Ұзтаз болу сезімдерің пәктігі 
Ұзтаз болу көңілдердің жаттығы 
Шәкіртіңмен мәңгі бала бола біл 
Жеңе аласыңт абиғаттың қарттығы 
Би 
1-жүргізуші: 
Күллі өмірін жеткіншікке арнаған 
Мұғалімді ардақтамас барша жан 
Ол мектептен шықпаса да қыс жазы, 
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған 
Бала десе ойламайды өз қамын 
Көрсем дейді күнге де қол созғанын 
Шәкірттерін өзінен де озғанын. 
2-жүргізуші: 
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін 
Ардақты ұстаздарға шын көңілден 
Жолдаймыз біз алғыс бүгін. 
Көңіл қойыпт ыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?-деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!