Информатика. Ақпарат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика. Ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5 Күні: 19.09.2017

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін   

қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін

дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың  барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?

  2. Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?

  3. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?

  4. Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?

  5. Көзге арналаған қандай жаттығуларды білеміз?

ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру

Тапсырмалармен жұмыс

 IV Жаңа сабақ

«Ақпарат» термині латынның «information» сөзінен аударғанда «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген мағынаны білдіреді.

Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалар мен сигналдар түрінде беретін мағлуматтар.

Ақпарат қасиеттері: дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік.

Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік қасиетін қанағаттандырады.

Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады.

Егер ақпаратқандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол ақпараттың бағалық қасиетін қанағаттандарады.

Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік қасиетін қанағаттандарады.

Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.

Ақпаратты беру. Ақпарат негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты б еру деп аталады.

Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларды сақтауға болады.

Информатикада ақпараттарды өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.

Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы (бәрінен бұрын ЭЕМ-ді) ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар атауын алды.

Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор. Ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машиналардың пайда болуы ақпараттық технологиялар саласындағы революцияны білдіреді.

Тапсырма: Ақпарат деген сөзге қандай мағына береміз?

(Оқушылардың өз ойларын айтуы сұралады.)

Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз. Оны қолдану мысалдарын қарастырайық. Ақпаратты ауызша, жазбаша немесе қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз.

Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атайды. Біз теледидардан жаңалқтарды көреміз, радиодан естиміз, бір-бірімізден қызықтырған нәрселерді сұраймыз, яғни ақпарат аламыз. Бұл мысалдардан біз «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын білдіретінін көреміз.

Ақпарат тек қарым-қатынас нәтижесінде алынып қоймайды. Оны адам миы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды өңдеу процесінде де тууы мүмкін. Мысалы «біздің футбол командамыз қатарынан үш рет жеңілді» деген хабардан кейін біздің команда жақсы командалар қатарында емес екен деген ой туады.

Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады, ол тек сөзбен жеткізілмейді, яғни ақпарат алудың сан алуан түрі бар. Ақпарат қарым-қатынас жаса, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған орта туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

Неігізінде ол ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы арқылы түсіндіріледі.

Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.

Ал кімде-кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады.

Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтас, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискета, сурет, слайд, перфокарта т.б. бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организм), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім-оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін.

Мысал:

(Оқушылардың көмегімен тақтаға схема сызылады)

Ал адам ақпаратпен не істей алады, деген сұраққа жауап берелік.

Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.

Біз кітап, газет-журнал оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Оны бірнеше күнне соң біреуге жеткізе аласыңдар. Ал адамның өмірінде оқитын, көретін, еститін ақпарат мөлшері өте көп болатындықтан адам миы оның бәрін сақтай алмайды. Ұмытып қалуы мүмкін. Сол себептен оларды сақтау үшін сыртқы ақпарат тасуыштар: қағаз, түрлі таспалар, дискілер т.б. қолданылады.

Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады.

Ақпарат жеткізу мысалдарын біз барлық жерде кездестіреміз. Бір-бірімізбен сөйлескенде, сабақта, теледидар көргенде, кітап оқығанда т.б. Кітап оқығанда сен қабылдаушы, ал автор жолдаушы болады.

Сонымен ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуге пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі т.ь. жатады.

Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады.

Ақпарат өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады.

Мысалы, есепті шешу барысында сендер:

Есептің шартын оқисыңдар – ақпарат аласыңдар.

Есепті шешесіңдер – ақпаратты өңдейсіңдер.

Нәтижесін оқытушыға көрсетесіңдер – оған ақпарат бересіңдер.

Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс. Ақпарат өңдеу (қиын жағдайдан шығу кезінде)кезінде адам жаңа ақпараттар ойлап табуы мүмкін.

Сонымен адам ақпаратты сақтайды, өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.

Тапсырма:

Сені ойыңша берілген ақпараттық процестердің қөайсысы басым екенін кестеде өзің белгіле. Әр процесте ақпаратты жеткізу, сақтау және өңдеу әр түрлі мөлшерде болады. Мұның ішінде басым түсетінін белгілеу керек. Жауап әр түрлі болуы мүмкін.

Процессс

Жеткізу

Сақтау

Өңдеу

1.Кітап оқу

+



2.Күнделікке баға қою



+

3. Математикадан есеп

шығару



+

4. Есікке қоңырау соғу.

+



5. Компьютерде ойнау

+


+

6. Диктант жазу

+


+

7. Тақпақ жаттау


+


8. Суретке түсу.

+

+


9. Балмұздақ сатып алу.

+


+

Адам ақпарат үздіксіз қабылдап отырады. Адамға ауа, су, жылу қандай қажет болса, қоршаған орта туралы ақпарат та сондай қажет.

Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді сезеді, яғни ақпарат қабылдайды. Адам ең көп ақпаратты көру мен есту арқылы алады (90 пайыз).

Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге бөледі.

Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.

Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады. жиыны болады. Бұл осы тілдің таңбалары.


V Сабақты түсінгенін тексеру


  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпаратты қайда сақтайды?

  3. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер.

  4. Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі?

  5. Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.?

  6. Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат?

  7. Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады?


VI Сабақты қорыту


VII Бағалау


VIII Үйге тапсырма І тарау. §2. оқу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2018
581
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі