Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Информатика біздің өмірімізде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Информатика біздің өмірімізде»
сыныптан тыс іс-шара
Анарбаева Гульмира Тотышевна
Тараз қаласы информатика пәнінің мұғалімі
2018-2019 оқу жылы
Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Информатика біздің өмірімізде
(Information sciencein our lives)
Мақсаты: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасауға үйрету;
информатикадан алған білімдерін пысықтау; оқушылардың білім
деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге
қызығушылығын арттыру
Міндеті: оқушылардың инттеллектуалды қабілеттерін дамыту; тілдерді білу шеберлігі.презентация жасауды практикада қолдана білуді үйрету; алған білімдерін пысықтайды.
Күтілетін нәтиже: презентация жасай алады, алған білімдерін практикада қолданады, ойларын үш тілде жеткізе алады; информатика пәніне деген қызығушылықтары артады.
Түрі: интеллектуалды сайыс.
Жабдығы: интерактивті тақта,
Пәнаралық байланыс: Interdisciplinary
contacts: Ағылшын
тілі,орыс-тілі, математика
Барысы:
Жүргізуші
1:
Құрметті қонақтар,ұстаздар.оқушылар біздің «Информатика біздің өмірімізде» интелектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші 2:
Good afternoon, ladies and gentlemen. Welcome to our intellectual game « Информатика біздің өмірімізде »!
Жүргізуші 3: Добро пожаловать на нашу интеллектуальную битву «Информатика біздің өмірімізде »!
Жүргізуші 1:
Информатика болашаққа бастайды,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын»,
деп бүгінгі ойынымызды бастайық..
Жүргізуші 2:
Көңілді тапқыш, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші 3: Всемирная паутина,
Цифровые аппараты,
Вычислительные машины,
Где биты и байты.
Всё это – информатика,
Это её достижения:
Для кого- то – математика,
Для кого – то -общение
Жүргізуші 2:
In our competition we have 6 parts:
Жүргізуші1:
Бұл ойын мына бөлімдерден тұрады:
Жүргізуші 3:
Наша битва состоит из этих туров:
Үш жүргізуші кезекпен оқиды.
1-бөлім «Таныстыру». «Introduce yours self» . «Презентация».
(Презентация дайындау: топтың аты, девизі, құрамын таныстыру).
2-бөлім «Бәйге». «Bayge». «Байге».
3-бөлім «Құпия алаң». «Magic land». «Секретное поле».
4-бөлім « Мақал –сөз мәйегі». «Complete the proverbs» «Слово пословицы».
5-бөлім. «Тапқырлар сайысы». «Battle resourceful». «Битва находчивых».
6-бөлімді «Кім жылдам?»
7- бөлім Қорытындылау, Conclusion. Итоги конкурса
Жүргізуші 1:
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық!
Жүргізуші 3:
Собрались здесь, у нас,
Все умники класа.
С громкими аплодисментами,
Встречаем друзья.
Жүргізуші 2:
Let’s begin our game.
Жүргізуші 1:
1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1. Топ First group:
«Processors»
2. Топ second group
«Computer»
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ
«Processors»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
2-топ
«Computer»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал
барыңды»
Мінекей
2 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы
айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Жүргізуші 2:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп
2- бөлімді бастайық «Бәйге».
Жүргізуші 3:
Тақтада 1-ден 30-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Жауап 3 тілде берілсе 3ұпай, 2 тілде 2 ұпай, 1 тілде 1 ұпай беріледі.
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Ары қарай әр топ тақтадан сұрақтарды
таңдайды.
1.
Компьютер миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Алгоритмнің қасиеттері (түсініктілік, жалпылық,
формальдық,үзіктілік,нәтижелік)
6. Функционалдық пернелер (F1-ден F12-ге дейін)
7. компьютер түрлерін атаңдар (суперкомпьтерлер, үлкен
компьютерлер, дербес компьютерлер,)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін
құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Мәліметтерді сығымдау деп нені айтамыз? (мәліметтердің ақпарат
мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту)
12. ЭЕМ-ның дамуының қанша буыны бар? (5)
13. Электронды плакаттар деп нені атаймыз? (слайдтарды)
14. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт, килобайт,
мегабайт, гегабайт, терабайт)
15. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың
ішінде)
16.
Ақпаратты адам бірінші не арқылы қабылдайды? (көру, видеть)
17. Ақпаратты шығару құрылғысы (Монитор, монитор, Screen).
18. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе,
Окно, Windows)
19. Файлдарды реттеп қайда саламыз? (Бума; Папка; Icon).
20. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі,
Рабочий стол, Work table)
21. Мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы
компьютерге енгізуге арналған құрылғы (мәтіналғы, сканер,
Scanner).
22. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (Тінтуір; Мышка; Mouse)
23. Ол құрылғысыз ақпаратты компьютерге енгізе алмайсыздар?
(Пернетақта; Клавиатура)
24.Алгоритм атауы қайдан шыққан?(Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан шыққан)
25. Қандай алгоритм сызықтық деп аталады?(Бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы)
26. Команда дегеніміз не?(әрбір нұсқау)
27. Цикл дегініміз не?(Бірнеше рет қайталанатын қадамдар тобы)
28.Алгоритмнің қандай түрлерін білесің? (сызықтық, тармақталған, циклдық)
29.Тармақталған алгоритм дегеніміз не?(Белгілі бір логикалық шартқ а байланысты біріншісін немесе басқасын орындайды)
30.Паскаль программалау тілін алғаш рет кім ұсынған?(швейцариялық ғалым Никлаус Вирт)
Осымен 2- бөлім аяқталды
Жүргізуші 1: 3 – бөлім «Құпия алаң» бөлімін бастаймыз. Әр топ конверт тандап алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Конвертте жумбақтар жасырылған.
Жүргізуші 2:
In this part each group mast choose 1 coloristic envelope and answer to the questions. To each right answer you can take 1 points.
Жүргізуші 3: начинаем наш третий тур «секретное поле» каждая группа выбирает конверт и отвечает на вопросы. В конвертах загадки.
Әр топ конверт таңдап алып, жумбақтарға жауап береді.
Сары конверт жұмбақтары:
-
Төрт бұрышты әйнек (монитор)
-
Тұнып тұрған әлек.
-
Ұзынтұра жалқаубекҚозғала қалса артынан, (бос орын пернесі (пробел))
-
Ешбір белгі қалмайды.
-
Тұрмай ылғи жатады.
Қызыл конверт жұмбақтары:
-
Батырмасын басасың, (тышқан,мышка, маусс)
-
Қажетті файлды ашасың.
-
Тетігін бассаң алаңсыз, (пернетақта, клавиатура,кейборд)
-
Жазады қалам, қағазсыз.
Жүргізуші 1:
Осымен 3- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп
4 бөлімді бастайық « Постер қорғау» бұл бөлімде топтарға «Информатиканың пайдасы мен зияны», «Антивирус бағдарламасы» тақырыбын постермен қорғайды 1 ұпай беріледі.
Жүргізуші 2:
5-бөлімді бастайық «Тапқырлар сайысы» бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Топ басшыларына сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берсе 10 ұпай алады.
Жүргізуші 3:
1 сұрақ – Сізге қажетті ақпараттың көлемі 2 Гб, ал сіздің флеш жадыңыздың көлемі 1800 Мб. Бұл жағдайда сіз не жасайсыз?
Жауабы: (архиваторлар бағдарламасын пайдаланып ақпаратты сығып, флеш жадына ақпаратты жөнелтеміз.)
Жүргізуші 1:
2 сұрақ – Компьютеріңізге компьютерлік вирус жұқты делік. Сіздің әрекетіңіз.
Жауабы: (Компьютерге антивирус бағдарламасын орнатамыз. Компьютерді қайта жүктеп, компьютер жадын антивирус бағдарламасымен тексеріп, емдейміз.)
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі)
Жүргізуші 2:
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Жүргізуші 3:
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп
( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі)
Бағалау парағы
«Процессор» «Компьютер »
1-бөлім
Таныстыру
5-15 ұпай
2-бөлім
«Бәйге»
Әр жауапқа дұрыс жауапқа бір тілде айтылса 1 ұпай, 2 тілде айтылса 2 ұпай, 3 тілде айтылса 3 ұпай беріледі.
Барлығы 30 сұрақ
3-бөлім
«Құпия алаң» (Жұмбақтар)
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
4-бөлім