Сыныптан тыс
7,8,9-
сыныптар
арасында
Тақырыбы:
«Информатика – ғасыр талабы»
интеллектуалды сайыс
Информатика пәні
мұғалімі: Арин К
Сыныптар:
7,8,9
Тақырыбы: «Информатика – ғасыр талабы» интеллектуалды
сайыс
Мақсаты: Пәнге деген
оқушылардың
танымдық
қызығушылығын, белсенділігін
арттыру, шығармашылық,
өнерпаздық
мүмкіндіктерін
байқау, тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сыныптан
тыс
1-
Жүргізуші: Информатика
болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған
жастарды.
Қадам басып ХХІ-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын
тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін тарататын
баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді
көрсетіп,
«Информатика –ғасыр талабына»
кеп тұрған сайыскерлерді шақырайық ортағa.
Армысыздар, ұстаздар мен
оқушылар!
Мектепішілік
«Информатика – ғасыр
талабы» интеллектуалды сайысына қош
келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі
«Информатика – ғасыр
талабы» интеллектуалды сайысын бастауға рұқсат
етіңіздер.
«Информатика
– ғасыр
талабы» интеллектуалды сайысы мына бөлімдер бойынша
өткізіледі:
1-бөлім Таныстыру
2-бөлім Топ басшылар сайысы
3-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»
4-бөлім
«Кім
жылдам, әрі тапқыр»
5-бөлім Түсін
мені
6-бөлім
«Шын жүйрікте шаршау жоқ»
7-бөлім
Қорытынды
2-
жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын
қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.
1.—————-
2.—————
Көрермен жиналған бұл
тамашаға,
Құр
қарап жай отыру жараса ма?
Туыс,
досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ
қолыңды, білімді жас талантқа, – дей отырып, ойынымыздың
«Таныстыру» бөлімін бастаймыз.
1-бөлім Таныстыру
Әр топ
басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды. 10
ұпайдан есептеледі.
І-ші топ.
«Интернет» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
ІІ-ші топ
«Компьютер» тобы
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз
әрдайым.
*************************************************************************
1-
жүргізуші:Мәңгі бақи есте
қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей
отырып, ойынымыздың "Топ басшылар
сайысы деп аталатын бөлімін
бастаймыз.
2-бөлім Топ басшылар сайысы . Әр сұрақ 2
ұпайдан есептеледі.
1-топ басшысы
-
Компьютердің «миы»? (процессор)
-
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (1
бит)
-
Сыртқы жады (диск)
-
Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және
сапалысы (лазерлік)
-
Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
2-топ басшысы
-
Мәтінді жою пернелері? (Delete,
Backspace)
-
Принтердің неше түрі бар? (3)
-
Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және
жеткізу үшін арналған электрондық аспап? (Дербес
компьютер)
-
Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы
(CD-ROM)
-
Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер
жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)
**********************************************************************
2-
жүргізуші: Ойын толқын жатқанда
асып -тасып,
Біреу
мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл
ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма
жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз
мәйегі» 3-
бөлімін бастаймыз.
Топ мүшелеріне компьютерге
қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы
мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу
қажет.10 ұпайдан есептеледі.
-
Жігітті компьютеріне қарап,
бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
-
Байт биттен құралады.
(Теңге
тиыннан құралады)
-
Вирустан қорыққан, Интернетке
шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
-
Компьютердің жұмысы, иесіне
мәлім.
(Аттың
сыры, иесіне мәлім)
-
Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай
жасаса.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан
шығарса)
-
Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
-
Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы
одан да жақсы.
(Бір
ақылдан, екі ақыл артық)
-
Антивирусы күштіні-Вирус ала
алмайды.
(Досы
күштіні-жау алмайды)
-
Күлсең ескірген компьютерлерге
күл.
(Күлсең кәріге күл)
-
Компьютерде екі колонка, дауысы жер
жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер
жарады)
**********************************************************************
1-
жүргізуші:Білім деген биік
шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей
отырып, ойынымыздың «Кім жылдам, әрі
тапқыр»
4-бөліміне
де келіп
жеттік . Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі
беріледі.
1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын
байқау.
*************************************************************************
2-
жүргізуші: «Жарыс заңы
ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып,
ойынымыздың
Түсін
мені 5-бөлімі.
Бұл
кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді
топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері
экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 5 секунд ғана тұрады, сосын
келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі
тиіс.
1 топқа мынадай
суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі:
жүйелі
блок, қапшық, кактус, құлақшын, хат, модем, қарындаш, калькулятор,
колонка.
2 топқа мынадай
суреттер жеке-жеке слайдта
көрсетіледі:
сағат,
компакт-диск, мұғалім, маус, сканер, доп, принтер, фотоаппарат,
монитор. **************************************************************************
1-
жүргізуші: Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - деп
келесі Шын жүйрікте шаршау
жоқ 6-бөліміне көшейік.
Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан
қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға
«иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі
тиіс.
І топ
1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында
80 перне болады. (жоқ)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп
аталады. (жоқ)
3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу
құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда
болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге
асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған
құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды.
(жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең.
(жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық
шамдар пайдаланылды. (ия)
ІІ топ
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі
(жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең.
(жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен
ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
(ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы.
(ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму
тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады.
(жоқ)
7. Процессор — ол компьютердің миы.
(ия)
8.
Принтер, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады.
(ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып
шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа
жазған Ада Лавлейс. (ия)
*********************************************************************
2-
жүргізуші:
Жетпесіңе
жеткізген,
Қызықты уақыт
өткізген
Бар ғылымды
сыйдырып
Білетіні көп
бізден
Жаңалықтың
жаршысы
Жұртты елең
еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар
алқасына сөз береміз.
7-бөлім. Қорытынды
Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай
сандарын есептеп қорытындылайды.
1-
жүргізуші: 2-Жүргізуші: Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл
бөлгендеріңіз үшін көп – көп
рахмет.
Информатика нық
басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Қош,
сау болыңыздар!