Материалдар / Информатика және ақпарат туралы түсінік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика және ақпарат туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Информатика» термині (фр. information — ақпарат + automatique — автоматика) ақпаратты автоматты түрде өңдеу деген мағынаны білдіреді. «Информатика» термині Франциядан басқа Шығыс Европаның бірқатар елдерінде қолданылады. Батыс Европаның көптеген елдері мен АҚШ-нда басқа термин — Computer Science қолданылады (есептеуіш техника құралдары туралы ғылым).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
258
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Информатика және ақпарат туралы түсінік

Жоспары: Информатика пәні және түсінігі.


«Информатика» термині (фр. information — ақпарат + automatique — автоматика) ақпаратты автоматты түрде өңдеу деген мағынаны білдіреді. «Информатика» термині Франциядан басқа Шығыс Европаның бірқатар елдерінде қолданылады. Батыс Европаның көптеген елдері мен АҚШ-нда басқа термин — Computer Science қолданылады (есептеуіш техника құралдары туралы ғылым). Информатика — ақпараттардың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сонымен қатар компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оны құрудың, сақтаудың, іздеудің, жіберудің жəне түрленудің заңдылықтары мен тəсілдерін зерттейтін ғылым. Информатиканың жеке адам іс – əрекетінің саласы болып бөлініп шығуы компьютерлік техниканың (микропроцессорлық) дамуымен байланысты. Информатика компьютерлік техникаға негізделеді жəне онсыз оны елестету мүмкін емес. Информатиканың қайнар көзі ретінде əдетте екі ғылымды - документалистиканы жəне кибернетиканы атайды. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарымқатынастың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты. Оның мақсаты құжаттар айналымының тиімділігін артттыру болып табылды. Информатикаға жақын техникалық ғылым кибернетиканың негізі (гректің. kyberneticos —басқарудың шебері) американдық математик Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логика бойынша жазылған еңбектерінде негізі қаланды. Тұңғыш рет «кибернетика» терминін француз физигі Ампер XIX ғасырдың бірінші жартысында енгізді. Ол барлық ғылымдар түрлерінің бірыңғай жүйесін жасаумен айналысты, осы терминмен сол кезде əлі жоқ, бірақ оның пікірінше болуы тиісті басқару туралы гипотетикалық ғылымды белгіледі. Бүгінде кибернетика автоматты басқару жүйелерін құру жəне қызмет ету принциптерін жəне техникалық құралдармен шешім қабылдау үрдісін модельдеудің əдістерін оқып зерттейді. Тəжірибеде кибернетика көп жағдайларда информатика сияқты, есептегіш техниканың бағдарламалық жəне аппараттық құралдарына сүйенеді, ал информатика өз кезегінде осы құралдардың дамуы үшін кибернетикадан математикалық жəне логикалық негізін басшылыққа алады. Тəжірибеде кибернетика көп жағдайларда информатика тəрізді, сол есептеуіш техниканың бағдарламалық жəне аппараттық құралдарына сүйенеді.

Информатикада барлығы да тиімділікке бағытталған. Информатика үшін кез келген операцияны қалай орындау керек деген сұрақ, маңызды болғанымен, ең негізгі бола алмайды. Осы операцияны қайтсе де тиімді ету деген сұрақ негізгі болып табылады. Информатикада төмендегі ұғымдар қолданылады:

есептеуіш техника құралдарын аппараттық қамтамасыз ету;

есептеуіш техника құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету;

өзара бірігіп əрекет ететін аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары;

аппараттық жəне бағдарламалық құралдармен адамның өзара əрекет ету құралдары.

Информатикада өзара əрекет етуге ерекше көңіл бөлінеді. «Интерфейс» деп аталатын арнайы түсінік бар. Адамның аппараттық жəне бағдарламалық құралдармен өзара əрекет ету əдістері мен тəсілдері интерфейс деп аталады. Осыдан келіп, аппараттық, бағдарламалық жəне аппаратты-бағдарламалық интерфейстер қалыптасқан. Информатиканың негізгі міндеті есептеуіш техниканың аппараттық жəне бағдарламалық құралдарымен жұмыс əдістерін жəне тəсілдерін жүйелеу болып табылады. Жүйелеудің мақсаты алдыңғы қатарлы, ең тиімді технологияларды бөліп көрсету, енгізу жəне дамыту, берілгендермен жұмыс кезеңдерін автоматтандыру, сонымен қатар жаңа технологиялық зерттеулерді əдіс-тəсілдермен қамтамасыз ету. Информатиканың негізгі міндеттерінің құрамында тəжірибелік қосымшаларға арналған келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: есептеуіш жүйелердің архитектурасы, есептеуіш жүйелердің интерфейстері, бағдарлама құру, берілгендерді түрлендіру, ақпараттарды қорғау, автоматтандыру жəне стандарттау. Ақпарат туралы ұғым. Информатиканың түпкі түсінігі біз күнделікті кездестіретін ақпарат туралы ұғым болып табылады, дегенмен əлі күнге дейін оның бірізді түсінігі жоқ. Сондықтан анықтауыш ретінде ақпарат туралы ұғымды қолданады. Алғашқыда ақпарат деп (лат.тіл.informatio —түсіндіру, мазмұндау, хабарлау, естірту) адамдардан əр түрлі тəсілмен-ауызша, белгілер арқылы, немесе техникалық құралдармен берілетін мəліметтер түсіндірілген. 27.07.2006жылғы №149-ФЗ «Ақпарат, ақпараттандыру жəне ақпараттық технологиялар туралы жəне ақпаратты қорғау туралы» (2015 ж.15 шілдедегі ред.) Федералдық заңы ақпаратқа төмендегідей анықтама береді. Ақпарат — ұсынылғын түрлеріне қарамастан мəліметтер, (хабарлама, берілгендер) болып табылады. Ақпараттандыру—ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жəне қолдану негізінде азаматтардың ақпараттық қажеттілігін жəне құқығын қанағаттандыруға құрылған, мемлекеттік үкімет органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің іске асыруға тиімді жағдай ұйымдастырылған əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық үрдіс. Сонымен қатар Информатиканың негізгі ұғымдарын, анықтамалары мен терминдерін «Ақпаратты қайта өңдеу жүйелері. Терминдер мен анықтамалар» Т 15971—90 ГОСТ анықтайды, бұған сəйкес ақпаратфактілер, қағидалар, объектілер, оқиғалар жəне идеялар туралы мəліметтер бұл контексте толықтай айқын маңызға ие болып тұр. Атап айтсақ, ақпарат - берілгендер ғана емес, мəліметтерге ие адам үшін маңызды қажетті ақпарат болып табылады. Ақпарат туралы ұғымның бұл анықтамасында ақпараттың негізгі маңызды жақтары айқындалған. Біріншіден, ақпарат материалдық объект бола алмайды, ол бір адамнан екінші адамға беріледі, бұл жағдайда бірінші адам оны жоғалтпайды. Нəтижесінде бұл екі адам да берілген ақпараттан хабардар болады. Ақпарат - жіберілген жағдайда азаймайтын, керісінше көбейетін жалғыз ресурс. Екіншіден, ақпарат жіберілу үшін арнайы материалдық тасымалдауышта ұсынылған болуы тиіс. Үшіншіден, бір тасымалдауыштан екіншісіне берілген кезде ақпараттың мазмұны өзгермеу керек. Ақпараттық хабарлама. Тəжірибелік жағынан алғанда ақпарат үнемі хабарлама түрінде ұсынылады. Ақпараттық хабарлама хабарламаның шығу көзінмен, хабарды алушымен, байланыс каналымен байланысты болады (1.1-сурет). Хабарлама жіберушіден қабылдаушыға материалдық-энергетикалық формасында беріледі (электрлік, жарықтық, дыбыс сигналдары түрінде,т.б.). Сигналдың түріне байланысты, жіберетін құрылғының ерекшеліктерімен анықталатын үздіксіз (аналогтік) жəне дискреттік (сандық) ақпаратты ажыратады. Әдетте, түрлі табиғи объектілер аналогтік ақпарат көзі болып табылады (мысалы, температура, ауа қысымы мен ылғалдылығы), технологиялық өндіріс үрдістерінің объектілері (мысалы, белсенді аймақтағы нейтрондық ағым, ядролық реактордың контурындағы жылу тасымалдаушының қысымы мен температурасы) жəне т.б.

Сур.1.1 Ақпарат беру жалпы схемасы. Адам баласы қолданатын ақпараттық хабарлама дискреттік хабарлама сипатында болады, мысалы жарық құралдары арқылы берілетін дабыл белгілері, телеграфтық белгілер, жазбаша түрде немесе дыбыстық белгілер арқылы берілетін тілдік хабарламалар жəне басқалары. Адам хабарды сезім органдары арқылы қабылдайды, əдетте, бұл негізінен үздіксіз ақпарат болады, ал адамның логикалық ақыл-ойы дискреттік сипатта болады. Аналогтік ақпарат қабылдауыштары əдетте хабарламаларды əр түрлі өлшеу жəне тіркеу аппараттарының көмегімен қабылдайды. Сандық ақпаратты қабылдаушылар, мысалы компьютерлер, хабарламаларды сан түрінде қабылдап, сол хабарламаларды электр сигналдарының көмегімен қайта өңдейді. Есептеуіш машиналарының түрлері. Есептеуіш машиналар өңделетін ақпарат түрлеріне қарай негізгі екі түрге бөлінеді: аналогтік жəне сандық. Аналогтік есептеуіш машина (АЕМ) — кейбір физикалық өлшемдердің үздіксіз өзгерістер түрінде ұсынатын ақпаратпен операциялар жүргізетін машина. Бұл жағдайда физикалық айнымалылар ретінде электр тізбегіндегі ток күші, валдың (обьектінің) бұрылу бұрышы, дененің қозғалыс күшінің жылдамдығы мен шапшаңдауы жəне т.б. пайдаланылады. Табиғатта көптеген құбылыстар математикалық түрде бір ғана теңдеулермен суреттелетін фактісін пайдалана отырып, АЕМ бір физикалық үрдістің көмегімен түрлі үрдістерді моделдеуге мүмкіндік береді. Осыдан келіп, АЕМ-дың қолданылу аясы анықталды.

Сандық есептеуіш машина (СЕМ)— бұл дискреттік түрде ұсынылған ақпараттармен операциялар жүргізетін машина. Қазіргі кезде көптеген теңдеу түрлерінің сандық шешімдерінің əдіс-тəсілдері құрастырылған, бұл СЕМ-мен қарапайым жəне логикалық операцияларды орындай отырып, түрлі теңдеулер мен есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Компьютерлер - бұл СЕМ


Бақылау сұрақтары:

  1. Сандық есептеуіш машина деген не?

  2. Ақпарат беру жалпы схемасы?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!