Материалдар / Информатика, жазғы мектеп, 7-11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика, жазғы мектеп, 7-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика, жазғы мектеп, 7-11 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Тамыз 2024
165
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: информатика

7-cынып

Педагог: Есболова Айгерім Өмірханқызы

Тақырып

Тапсырма

Бағалау критерийі

1

Арифметикалық өрнектердің Python тілінде жазылуы


1

Өрнектің мәнін есептеп, экранға шығаратын бағдарламаны жазыңыз: 


өрнектің мәнін есептеп, экранға шығаратын бағдарлама жазады

2

Математикалық өрнекті программалау тілінде жазыңыз:

өрнекті python тіліне түрлендіреді

3

Математикалық өрнекті программалау тілінде жазыңыз:

өрнекті python тіліне түрлендіреді

4

өрнекті python тіліне түрлендіреді

барлығы - 4 балл

2

Сандарды енгізу және шығару

1

input() және print() функцияларының қолданылуына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау үшін программа құрастырыңдар:


  1. 352*985*25*3

  2. 362+1206+215554+6957+628

  • input() және print() функцияларын дұрыс пайдаланады.

  • енгізілген өрнектердің нәтижесін дұрыс есептеп, экранға шығарады.

2

x-тің мәні берілген. Өрнектегі y-тің мәнін есептеңіз:


Мысалы

Нәтиже

5

79


  • есептеу қадамдарын дұрыс орындайды.

  • дұрыс нәтиже шығарады.

3

Жеке жұмыс

input() және print() функцияларын пайдаланып,

105- ке 5- ті қосу

50-ден – 15 – ті азайту

6 – ны (8) -ге көбейту

81- ді – 9-ға бөлу

input() функциясын дұрыс пайдаланып, қажетті сандарды алу.

print() функциясын пайдаланып, дұрыс нәтижені экранға шығару.

Әрбір арифметикалық операцияның дұрыс орындалуы.



4

Марат пен Еркін ауладағы кірпіштерді тасыды.

Марат P кірпіш, ал Еркін оған қарағанда K кірпіш кем тасыған болса, екі бала барлығы неше кірпіш тасыған? Есептің программасын жаз.

Мысалы

Нәтиже

150 50

250


Пайдаланушыдан P және K мәндерін дұрыс алу (input() функциясы арқылы).

Еркіннің тасыған кірпіштер санын дұрыс есептеу .

Екі бала тасыған кірпіштердің жалпы санын дұрыс есептеу .

Нәтижені дұрыс шығару (print() функциясы арқылы).




















Пән: информатика

8-cынып

Педагог: Есболова Айгерім Өмірханқызы



Тақырыбы

Тапсырма

Бағалау критерийі

1

Тармақталған алгоритмдерді программалау

1

K саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құр. Егер сан тақ болса, экранға 1, әйтпесе 0 шықсын.

Мысалы

Нәтиже

17

1

62

0


Пайдаланушыдан K мәнін дұрыс алу (input() функциясы арқылы).

K санының жұп немесе тақ екенін дұрыс анықтау.

Егер сан тақ болса, экранға 1 шығару; егер жұп болса, 0 шығару.

2

Python тілін үйрену курстарына 12-18 жас аралығындағы осы кусты таңдаған жастар қабылданады.

Енгізілген жас (Age) мәнін қабылдап, ол шартқа сәйкес келсе, "ҚАБЫЛДАНДЫ" деген сөзді көрсететін бағдарлама жазыңыз. Қалған барлық жағдайларда "ҚАБЫЛДАНБАДЫ" хабарламасын шығарыңыз. 

Ескерту: бір күрделі шартты қолданыңыз.

Енгізілетін деректер:

Бүтін сан - жас. 

Шығарылатын деректер:

Экранда екі хабарламаның біреуі көрсетіледі: "ҚАБЫЛДАНДЫ" немесе "ҚАБЫЛДАНБАДЫ".


input() функциясын дұрыс пайдаланып, пайдаланушыдан жас мәнін алу.

Күрделі шартты (12 ≤ Age ≤ 18) дұрыс қолдану.

Егер жас 12-18 аралығында болса, "ҚАБЫЛДАНДЫ" хабарламасын шығару.

Егер жас 12-18 аралығына сәйкес келмесе, "ҚАБЫЛДАНБАДЫ" хабарламасын шығару.

3

Велосипедші Бурабай трассасында V м/c жылдамдықпен қозғалса, S м жолды t секундта жүріп өте ала ма? Анықта. Егер жүріп өтсе “иә”, әйтпесе “жоқ” жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректердің енгізілу реті: V-жылдамдық,

S-жол, t-уақыт.

Мысалы

Нәтиже

5 100 15

Жоқ

10 800 90

Иә


Бағалау критерийлері:

  • input() функциясын пайдаланып, V, S, және t мәндерін дұрыс алу.

  • Қозғалыс уақытын есептеу үшін формуланы дұрыс пайдалану (берілген уақыт t жолды жүру үшін қажетті уақыттан кем немесе тең болуы керек).

  • Егер берілген уақыт ішінде велосипедші жолды жүріп өтсе, "Иә" хабарламасын шығару.

  • Егер берілген уақыт ішінде велосипедші жолды жүріп өтпесе, "Жоқ" хабарламасын шығару.


4

Кестеде берілген x пен y айнымалыларының мәндеріне қарап, өрнек мәнінің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

x және y айнымалыларының мәндерін дұрыс пайдалану.

Логикалық өрнекті дұрыс құрастыру және тексеру.

Нәтижені дұрыс анықтау: егер өрнек ақиқат болса, "True" нәтиже шығару; егер жалған болса, "False" нәтиже шығару.

2

Ақпараттың өлшем бірліктері

1

Шамаларды кему ретімен орналастыр:

2048 бит; 1000 байт; 1 бит; 300 байт; 1 Кбайт




2

Өлшем бірлікті ауыстыр:

16 байт=***бит

20 Кб=*** байт

50 байт=***бит

20 Кб=***байт

2048 байт=***Кб

4096 Кбайт=***Мб

512 Кбайт=***Мб

0,5 Гбайт=***Мб




3

Ақпараттық өлшем бірліктерін салыстыр.








































Пән: информатика

9-cынып

Педагог: Есболова Айгерім Өмірханқызы


Тақырыбы

Тапсырма

Бағалау критерийі

1

Компьютерлік желілер. Желінің өткізу қабілеті

1

20 Кбит/c жылдамдықпен 5 секунд ішінде қандай ақпарат көлемін тасымалдауға болады?

Тасымалданатын ақпарат көлемін дұрыс формула арқылы есептеу.

Нәтижені дұрыс көрсету (Кбит).

2

Деректерді тасымалдау құрылғысының жылдамдыға 56 000 бит/c. Көлемі 210 000 байт файлды қанша уақытта жібереді?

Файлдың көлемін дұрыс биттерге түрлендіру (1 байт = 8 бит).

Тасымалдау уақытын дұрыс есептеу формуласы арқылы анықтау.

Нәтижені дұрыс көрсету (секундпен).

3

14 400 бит/c жылдамдығы бар модем 225 Кбайт көлемдегі ақпаратты қанша уақытта тасымалдайды?

Ақпараттың көлемін дұрыс биттерге түрлендіру (1 Кбайт = 1024 байт, 1 байт = 8 бит).

Тасымалдау уақытын дұрыс есептеу формуласы арқылы анықтау.

Нәтижені дұрыс көрсету (секундпен).

4

Компьютерде кітаптың 128 беті терілді, әр бетте 32 қатар, әр қатарда 24 символ бар. Компьютерде 256 символдық алфавит қолданылады. Осы кітаптағы ақпарат көлемін 2 минут 8 секундта тасымалдаған тасымалдаушы құрылғының жылдамдығын анықта.

Кітаптың ақпарат көлемін дұрыс есептеу (битпен).

Тасымалдаушы құрылғының жылдамдығын дұрыс есептеу формуласы арқылы анықтау.

Нәтижені бит/с бірлігінде көрсету.








Пән: информатика

10-cынып

Педагог: Есболова Айгерім Өмірханқызы

Тақырыбы

Тапсырма

Бағалау критерийі

1

Программалық қамтамасыз ету

1

- Мұғалім, дизайнер, студент, сәулетші, фотограф мамандықтарына программалық қамтамасыздандыру түрін таңдайды;

- Әр программалық қамтамасыздандыруына нақты бір мысал келтіреді (программаның атын жазады).

2

Компьютер құнын есептеу


- Мұғалім компьютеріне сәйкес компьютердің үш маңызды компонентін таңдайды;

-Дизайнер компьютеріне сәйкес компьютердің үш маңызды компонентін таңдайды









Пән: информатика

11-cынып

Педагог: Есболова Айгерім Өмірханқызы

Тақырыбы

Тапсырма

Бағалау критерийі

1

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

1

Ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды басқа санау жүйелеріне түрлендіріңіз.

Х10=141

- ондық санау жүйесінде берілген санды екілік жүйеге түрлендіреді;

- ондық санау жүйесінде берілген санды сегіздік жүйеге түрлендіреді;

- ондық санау жүйесінде берілген санды он алтылық жүйеге түрлендіреді







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!