
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Информатика кеше, бүгін ,ертең . Сайыс сабақ 7-8 сыныптар
Тақырыбы: Информатика , кеше, бүгін, ертең
Сілтеме: Ғаламтор деректері
Жалпы мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамыту арқылы іскерлі, ізденгіш, шығармашыл, интеллектуалды қабілетті дамыған жеке түлғаны қалыптастыру.өз білімдерін , қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар- компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алуды, сақтауды, түрлендіруді оны пайдалану заңдылықтарын, тәсілдерін, жолдарын үйренеді.
Негізгі идеялар: Информатика ғылымы, ақпарат құралдары , интернеттің кеше, бүгін, ертеңі туралы негізгі идеялары мен туралы түсінік.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Танысу әдісі. «Өзім туралы». Өзінің білімін сынауға , алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды өзін-өзі таныстыруы үшін І бөлім «Өзім туралы» кезеңіне кезек береміз.Бұл жерде әр оқушы өздерін белгілі бір құрылғыға теңейді.
ІІ. Мүғалім:
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен- деп ІІ кезең «Информатика өмірде» кезек береміз.
Әр топ оқушыларына плакат беріледі. Оқушылар информатиканың кеше, бүгін, ертеңгі рөлі туралы өз ойларын жинақтап түсіндіреді.
ІІІ. Мұғалім:
Ғаламның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына – дей келе сайысымыздың келесі ІІІ кезеңі «Құпия баспалдаққа» кезек береміз.Бұл бөлімде кез келген ұяшықты таңдай отырып сұраққа жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе ары қарай жалғастырады. Дұрыс жауап бере алмаса сол баспалдақ ұяшығында калады. Кім бірінші берілген тапсырымаларды бірінші орындаса, сол құпия баспалдақ шыңына шығады.
Мүғалім:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға –деп ІҮ кезең «Сергіту сәті»
Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап дем алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «Кеше, бүгін, ертең» деп аталады. «Кеше» дегенде қолды төмен созамыз. «Бүгін» десе қолды екі жаққа, ал «ертең» десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған оқушы айыбын төлейді.
Мүғалім: «Көңілді себет» деп аталатын Ү кезеңге кезек береміз. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады. Соған оқушылар қызықты етіп жауап беруі керек.
Ақпараттану күнбе-күн,
Тез-ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде,
Ақпараттық заманның.
ҮІ кезең. «Бейне сюжет»
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден,
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген.
Информатикаға мың алғыс!
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз мың алғыс бүгін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош, сау болыңыздар.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға – мұғалім. Осы жеті модульдерді ықпалдастыра отырып, информатика пәнінен 5, 6, 7, 8 сыныптарға орта мерзімді жоспар жасақталды. Осы орта мерзім жоспар арқылы қысқа мерзімді жоспарды жасадық. Жоспарды жасақтау барысында жеті модульді ықпалдастырдық. 5 сыныптар арасында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша қолданылған әдіс тәсілдерім оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ модулі, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық оқушылар жаңа әдіс – тәсілдер бойынша топқа бөлу, постер арқылы ойларын еркін қорғап, өз пікірлерін ашық түрде жеткізе алатындығы байқалды. Топтар арасында бірін – бір бағалау барысында шынай бағалауға үйренді. 6, 8 сыныптар арасында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» тарауы бойынша, қорытындылар алынып, Осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың қызықты, оқушылар өздерінің оқуларына жауапты екенін сезінді. 7 сынып «Ақпараттық модельде» тарауы бойынша топтық әңгіме барысында, талқылау мен диалог өзінің танымдық қасиеттерімен ерекшеленеді. Диалог барысында оқушыларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылды. Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірбие жинақтап және ой әрекетінің жоғарғы деңгейіне көтерілуге талпына отырып, мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түсті. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. Тәжірбиемді жетілдіру мақсатында, мектепішілік өткізілген семинар сабақ 9 «А» сыныбында «Татулық достық кілті» Молдатурлиева Зульфияның, 8 «Б» сыныбына «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбы бойынша сабақтарға қатысып lesson stadyәдісі жүргізілді.
Осы әдіс тәсілдерді қолдана отырып 8 сыныптар арасында «Озық болсаң озып көр» атты сайыс сабақ өткізіп, sabaktar.kz сайтында жарияланды.
Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдында
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу үдеріске оқушының өзінің де
қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Мұғалімнің міндеті –
баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін
тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу,
өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірден өз жолын таба
алады деп ойлаймын.
Тақырыбы: Есірткі-ғасыр дерті
Мақсаты 1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың
жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар,
келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік
беру.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де
зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты
өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу
3. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп,
өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану
жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың
маңызын түсіне білуге бағыттау
Ұраны: «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде»
«Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан
қол үзбе»
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, құқық негіздері, тарих
Көрнекілігі: суреттер,қанатты сөздер
Түрі: брифинг
Әдісі: тренинг, пікірталас, кездесу
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу
1І.Ой қозғау
Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу.
Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
Темекі |
Ішімдік |
Нашақорлық |
Уақытты тиімді пайдаланбау |
Күн режимін сақтамау |
ІІІ. Олай болса, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Есірткі –ғасыр дерті»
V.Колумб
- 1496 жылы мұхитан өтіп, арал жасғасына шыққан соң жартылай жалаңаш адамдардың қолдарына жанған шала ұастап, оны мезгіл – мезгіл түтіндетіп, жарқ – жұрқ еткізіп келе жатқанын көрдік, ал жақындағанда олардың екінші қолдарында бір өсімдіктің жапырағы бар екенін байқадық та, елімізге алып келіп, ғажайып өсімдікті егуді ұйғардық. Біздің Испанияда бұл өсімдік әдемілікке, сәндікке өсірілсе,кейіннен бүкіл Европаны оба жайлағанда халықтың есін жидырып, тыныштандыру үшін дәрі – дәрмектің жоғынан осы өсімдікті дәрі ретінде пайдалана бастады. Сол алданыш болған өсімдік осы темекі еді.
VІ. Ендеше барлығымызда «Денсаулық - салауатты өмір кепілі» атты аттестациялық анкета тапсыруымыз керек. Бұл анкетаны тренинг түрінде өткізейік.
Нарколог: Ал ендеше халайық осы отырған барлығымыз анкета жазуға дайындалайық.
1. Наша,нашақор,нашақорлық дегенді қалай түсінесің?
2. Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстарының 1 млн. Гектар жеріне егілген аждаһадан қалай құтылу керек екендігі туралы қандай кеңес берер едің?
3.Қандай наркотикалық заттарды білесің? (топтастыру)
Есірткі бизнесінің әлемдегі, Қазақстандағы ірі орталықтары (топтастыру)
4.Есірткіге байланысты туындайтын қылмыс түрлері. (топтастыру)
5.”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз.
1 оқушы Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатті өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды.Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.
2 оқушы: Адамның өзінен -өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан жас ұрпақ буыныңды үсікке шалдыра көрме.
3 оқушы: Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел – жұртқа қалай қараймын», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу – «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!» деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.
4 оқушы: Соңғы мәліметке сүйенсек, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда.Нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес , бүкілхалықтық іс екенін ,бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.
5 оқушы Бүгінгі жастардың ой арманы, мақсат – мүддесі, тілегі тіршілік тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Сол себептен жастарды тұрмыс – салты орнықты, күш - қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек. Есірткіні алғаш қолданар алдында ең алдымен ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.
6 оқушы Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!
6. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Шылымды әр тартқаның ,
Табытыңа темір шеге қаққаның
2. Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын .
7. Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден қорғана білуі үшін қандай кеңес және көмек беруге болады деп ойлайсың?
Жарайсыңдар, барлығыңда аттестациялық анкетадан өттіңдер.
Сонымен балалар сөзімізді қорытындылай келе ,
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.

