Материалдар / ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай облысы білім басқармасының

Үржар ауданы білім бөлімінің

«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ











Тақырыбы:

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ







Информатика және математика пәнінің мұғалімі:

Кенженов Дидар Серикпекович























2023-2024 оқу жылы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ


Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады. Кіріктіріп оқыту дегеніміз:

біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады;

екіншіден, жекелеген пәндер бойынша білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады;

үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы. CLIL технологиялары шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни, тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды.

«CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне айтарлықтай уақыт болмағанымен ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. Кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру мұғалімнен әр сабақты ұқыпты жоспарлауды және дайындалуды, сонымен қатар заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді және т.б. қолдануды талап етеді. Оқытудың мақсаттарына жету үшін келесі тұжырымдарды есте сақтау қажет:

1. Сабақта тілдесу әрекетінің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Тыңдалым дағдысын дамыту үшін материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде, сөйлесім дағдысын дамыту үшін – диалог және әңгімелесу арқылы берілуі тиіс. Тыңдалымды жазумен байланыстыруға болады (мысалы, кесте толтыру, сызбанұсқа құрастыру, бос орындарды толтыру). Оқылым дағдыларын дамыту үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне сәйкес келетін түрлі стилдегі мәтіндер іріктеп алу қажет. Мәтіндер көлемі жағынан онша үлкен емес бөліктерге бөлініп және суреттермен, сызбанұсқалармен, карталармен көркемделіп берілген жағдайда жақсы қабылданады.

2. Сабақты жүргізу барысында сабақтың мақсаттары және сабақтан күтілетін нәтижелер нақты айтылуы қажет; қажет болған жағдайда оқушыларға түсініксіз болған сөйлемдер мен сөздер бірнеше рет қайталануы мүмкін.

3. Білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және арнайы терминдермен таныстыру бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп отыруы тиіс.

4. Сұрақ қою және жауап беру, өз ойын, пікірін айту, басқалардың пікірін тыңдау біліктерін қалыптастыру (рөлдік ойындар, проблемалық жағдаяттар, дебаттар және т.б.).

CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Мысалы: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бұл әдіс кеңінен қолданылуда. Өйткені, Назарбаев Зияткерлік мектебінде кейбір пәндер қазақ тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет. Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне байланысты жүзеге асады.

Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды:

тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;

сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;

тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;

тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;

сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;

мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.

Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қоры молаяды.

Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз.



Сурет 1 CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы


Мұғалім кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру негізінде ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды дағдыға айналдырады. Әсіресе, карточкаға жазылған түрлі терминдерді сипаттау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуы байқалады. Қандай да болмасын оқылып жатқан тақырыпқа байланысты тапсырма құрастыру кезінде әрдайым көмекші терминдер үлестіріліп немесе мұғалім қадағалап айтып отырса, оқушы жадында терминдердің жатталуы сөзсіз, әрі оқушы осы пән бойынша өз ойын академиялық тілмен жеткізетін болады.

CLIL әдісінің негігзі мақсаты – мұғалімнің сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр сабақтың басында немесе соңында «миға шабуыл», «ыстық орындық» әдістерін ұйымдастырып отырған тиімді. Берілген ұғымға байланысты оқушылар өз ойларын, идеялары мен сабақ тақырыбының сан алуан аспектілерін қозғайтын болады. Осылайша олардың сөйлеу, ойлау дағдылары қалыптасып, сөйлеу тәжірибесі артатынына көз жеткізуге болады. Дайындалатын тапсырмалар түрі пән мазмұнына бағытталған, оқушы түсінетіндей күрделілік деңгейі (жас ерекшелігіне байланысты) бойынша құрастырылуы тиіс. Әр тапсырма оқушының өздік жұмысына бағытталуы қажет. Жалпы информатика сабақтарын ұйымдастыра отырып, тақырыпқа байланысты келесідей тапсырмалар құрастыруға болады: «Шашыраған әріптерден сөз құра», «Командалардың орналасу тәртібін дұрыс анықта», «Бос орындарды толықтыр», «Термин-анықтама», «Сөздерді табуға бағытталған ойындар», «Сәйкестендір», «Мәтінмен жұмыс» т.б.

Информатика пәндерін кіріктірілген оқыту барысында оқушылардың білімдерін бағалау жүйесі:

1) ағылшын тіліндегі сөз қорын толықтыруға;

2) өз ойын және ақпаратты ағылшын тілінде ауызша жеткізе білу біліктерін дамытуға;

3) мұғалім мен оқушының сөзін, аудио немесе бейнетаспаны тыңдау, ағылшын тілінде тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыруға;

4) зерделеніп отырған тақырып бойынша ағылшын тілінде оқылған мәтінді түсінуге;

5) қажет жағдайда ақпаратты жазбаша нұсқасында жеткізуге бағытталуы тиіс.

Жалпы алғанда кіріктірілген сабақтар уақытты үнемдеуге, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырумен қатар, түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының негізі болып:

  1. танымдылық көзқарас тұрғысынан түпнұсқалық оқу материалын кеңінен қолдану ұстанымы;

  2. оқыту процесінде мұғалімге белсенді демеу және көмек көрсету ұстанымы;

  3. екінші немесе шет тілді өнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы;

  4. көпмәдениеттілік ұстанымы;

  5. жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы;

  6. оқытудың тұрақтылығы ұстанымы.

Аталған ұстанымдардың бірінші, түпнұсқалылық, ақпараттың толықтылығы және когнетивті жүктеменің нақты деңгейі оқу материалдарына қойылатын негізгі талаптар екенін білдіреді. Бұл түпнұсқалық интерактивті материалдар тек жоғары уәждемелік әлеуетпен ғана емес, жасанды тілдік орта құру үшін негіз ретінде және жоғары деңгейлі қиын тапсырмалар әзірлеумен де қолданылуы мүмкін екенін көрсетумен де байланысты. Мұғалім осы ұстанымға байланысты екінші тілді, яғни мақсатты тілді белсенді қолданады (біздің жағдайда ағылшын тілін), ол оқушылар үшін «тілдік модель» ретінде жүреді; екінші ұстаным қойылған мақсатқа жету үшін оқушы мұғалім тарапынан қажетті көмек алу тиіс екенін білдіреді. Оқушының басқа тілді құзыреттілігінің қалыптасуына қарай, мұғалім тарапынан көрсетілетін көмектің көлемі мен қарқыны біртіндеп азаяды. Аталған ұстанымды қолдану мақсатты тілде таныс емес материалдың мазмұнын оқу барысында когнитивті және лингвистикалық жүктемені қысқартуға мүмкіндік береді. Мұғалім ұсынатын тапсырмалар, қойылған міндеттерді оқушының орындай алуы үшін белгілі түсініктемелермен толықтырылып отыруы тиіс. Сонымен бірге екінші немесе шет тілін меңгеру үшін ерекше қажетті тілдік қызметтің төрт түріне де (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) үлкен назар аударылады. шінші ұстаным, проблемалық оқыту әдістемелік тәсілдердің көптеген түрін ұсынатынын көрсетеді және түпнұсқалық коммуникацияны сабақ аясында белсенді пайдалануға бағытталған, себебі екінші немесе шет тілдеріне оқыту коммуникативтік мақсаттардың және қарым-қатынастың маңызды жағдайларының болуы барысында неғұрлым жетістікті жүзеге асады. Проблемалық оқытудың негізгі сипаттамаларының бірі «бос орын» ұстанымын пайдалану болып табылады. Бұған байланысты түпнұсқалық коммуникация нақты коммуникативтік кемшіліктер болған жағдайда ғана орын алады. Мұғалімдер бұл әдісті түпнұсқалық коммуникация жағдаяттарын жасау үшін қолдануларына болады, өйткені бұндай тапсырмалар орындау барысында оқушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды; төртінші ұстаным кіріктіріп оқыту әдісі тақырыптарды түрлі мәдениет жағынан қарастыруға мүмкіндік беруімен байланысты. Ол әртүрлі мәдениет иелерінің көптеген мәселелерді қабылдануының арасындағы айырмашылықты ескереді; бесінші ұстаным ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі заманауи ақпараттық қоғамдағы жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында когнитивті процестердің және педагогикалық мақсаттардың тізімі төмен деңгейлі когнитивті процестерден неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті процестерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай принципі бойынша берілген. Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда? қайсы?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!