2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢАША ОҚЫТУ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢАША ОҚЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман – ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңі. Бұл жағдайда информатика пәнін оқытудың маңызы ерекше. Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, оларды болашақтың талаптарына сай дайындыққа бағыттау мақсатында жүргізілетін педагогикалық процесс.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢАША ОҚЫТУ»


ШыңғысоваАйнұр Қуанышқызы

Информатика пәнінің оқытушысы

Алматы технологиялық колледжі



Кілтті сөздер:

Заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс істеу.

Жаңа бағдарламалар, қызықты анимациялық, геимографикалық жобаларды дамыту.


Ключевые слова:

Работа с новыми современными технологиями. Новые программы, Развитие интересных анимационных, геимографических проектов.


Keywords:

Working with new technologies that meet the requirements of the time.

Development of new programs, interesting animation, geimographic projects.


Аңдатпа:

Қазіргі заман – ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңі. Бұл жағдайда информатика пәнін оқытудың маңызы ерекше. Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, оларды болашақтың талаптарына сай дайындыққа бағыттау мақсатында жүргізілетін педагогикалық процесс.


Аннотация:

Современность-период бурного развития информационных технологий. В этом случае особое значение имеет изучение информатики. Современное обучение информатике - это педагогический процесс, который проводится с целью повышения цифровой грамотности учащихся, ориентирования их на подготовку в соответствии с требованиями будущего.


Annotation:

Modern times are a period of rapid development of Information Technologies. In this case, the teaching of computer science is of particular importance. Modern teaching of computer science is a pedagogical process carried out in order to increase the digital literacy of students, to direct them to training in accordance with the requirements of the future.


Мәтін:

«Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту»

Информатика пәні қазіргі заманғы білім берудегі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты, информатика пәнін оқытудың мазмұны мен әдістері де үнемі жаңарып отыруда.

Қәзіргі уақытта дүние жүзіндегі жаңа өзгерістер және оның тез таралуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарын түбегейлі өзгертіп жіберді. Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиялық, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б. Ол жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз.

Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару.

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. Информатика пәні оқытушысы әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда оқытушының сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізілуіне байланысты.

Заманға сай жаңаша оқытудың маңызды себептері:

  • Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру: Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, оларға ақпаратты іздеу, талдау, бағалау және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

  • Шығармашылық ойлауды дамыту: Программалау, веб-дизайн, 3D модельдеу сияқты бағдарламалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Проблеманы шешу қабілетін арттыру: Әртүрлі ақпараттық технологиялар құралдарын пайдаланып, күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуге үйрету.

  • Командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: Жобаларда бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушылардың коммуникативтік және ынтымақтастық қабілеттерін дамыту.

  • Болашақ мамандыққа дайындық: Ақпараттық технологиялар қазіргі кезде барлық салаларда қолданылады, сондықтан информатика пәнін оқыту болашақ мамандыққа дайындық үшін негіз болып табылады.

Заманға сай жаңаша оқытудың әдістері:

  • Проектілік оқыту: Оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін, олардың өз бетінше білім алуына ықпал ететін тиімді әдіс.

  • Оқытудың интерактивті әдістері: Симуляциялар, виртуалды зертханалар, онлайн-оқыту платформалары сияқты интерактивті құралдарды пайдалану.

  • Проблемалық оқыту: Оқушыларға проблемалық жағдаяттар ұсынып, олардың өз бетінше шешім табуына көмектесу.

  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: Ақпаратты бағалау, талдау және синтездеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Креативті ойлауды дамыту: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды беру.

Информатика пәнін оқытудағы жаңа технологиялар:

  • Онлайн-платформалар: Moodle, Google Classroom сияқты платформалар арқылы оқытуды ұйымдастыру.

  • Бағдарламалау тілдері: Python, Java, C++ сияқты тілдерді оқыту арқылы алгоритмдік ойлауды дамыту.

  • Робототехника: Роботтарды құрастыру және бағдарламалау арқылы техникалық ойлауды дамыту.

  • 3D басып шығару: Үш өлшемді модельдерді жасау және басып шығару арқылы инженерлік ойлауды дамыту.

  • Виртуалды және аралас шындық: Виртуалды ортада эксперименттер жүргізу арқылы теориялық білімдерді бекіту.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім сапасының өсуіне әр оқушының қабілетіне қарай Кембридждік тәсіл арқылы оқытудың маңызы зор. Мен сабақтарымда осы тәсілді пайдалана отырып, оқытудың 7 модулін пайдална отырып, оқушыларды топтастырып, жұптастырып, жекешелендіріп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденіп, еркін сөйлеулеріне көп мән бере отырып, оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне көзім жетіп келеді. Әрине әр сабақта 7 модульдің бәрін пайдалану мүмкін емес. Сондықтан әр сабақтың тақырыбына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қолдануға тырысамын.



Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін:

  • Ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;

  • Берілген тапсырмалардың орындалу тәсілдерін біліп, оны ұғыну;

  • Қосымша материалдар арқылы білім деңгейін толықтыру;

  • Ойын элементтерін пайдалану;

  • Бағалау әдістерін меңгерту;

  • Әр сабақта кері байланыс ұйымдастыру (Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сабақтан кейінгі ой түйін», «Бүгін мен не үйрендім?» «Өзара әсер», смайликтер салу арқылы көңіл күйлерін көресту).

Оқушыларды өздеріне бағалату әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын

педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік беретін болғандықтан,

сабақтарымдағы бағалау бөліміне көп көңіл бөлемін. Ол үшін сабақтың

соңында жиналған ұпайларына сәйкес әр оқушы өзінің бағаларын алып

шығады. Бағалау әдістеріне мына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Оқулықтағы материал бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс жауаптарын жазулары тиіс.

  • Өтілген материалдар бойынша тест алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары тиіс.

  • Оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда сөзжұмбақтар, ребус, бесжолды өлең құрастыру, автор орындығы, реферат жазу, топтастыру беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып жасалынады.



Жоғарда айтылғандарды қорыта келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:

  • Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту оқушылардың болашақта сәтті болуы үшін өте маңызды. Жаңа технологияларды пайдаланып, оқу процесін қызықты және тиімді ету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға болады.

  • Оқытушы мен оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.

  • информатиканы заманға сай жаңаша оқыту – бұл оқушыларды болашаққа дайындаудың маңызды кезеңі. Жаңа технологияларды пайдалану, оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – бұл заман талабы.



Қазіргі информатика-бұл техникалық дағдылардың жиынтығы ғана емес, бұл ХХІ ғасырдағы сәттіліктің кілті. Ұстаздардың міндеті - оқушыларды цифрлық қоғамда өмір сүруге дайындау, олардың сыни ойлауын, шығармашылығы мен бейімделу қабілетін дамыту.

Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем.







Пайдаланылған деректемелердің тізімі



  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру//Информатика негіздері.2006ж, №3

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- Алматы. «Білім баспасы», 1998ж.

  3. «Информатика негіздері» журналы, №1, 2010 ж.

  4. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. «Пеадагогтардың ақапараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі» Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010ж.





03 Желтоқсан 2024
163
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі