Информатика сабағында оқушы құзіреттілігін
арттыру
Бүкіл әлемді жайлаған пандемия, қандай салада
болмасын ақпараттық сауаттылықтың қажеттілігін туындатты әрі
информатика саласының мүмкіндіктерінің шексіз екенін дәлелдеді.
Қазіргі таңда білім алу ошақтарының барлығы қашықтықтан жұмысын
жалғастырса, сауда –саттық саласы да түрлі әлеуметтік желілер
арқылы жарнама жасап, қызметтерін жалғастыру үстінде. Бұл саланың
қажеттілігін бүгінгі студенттер түсініп қана қоймай, саласы бойынша
мамандығының болашағына қадам жасауы қажет. Ол үшін білім
алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында информатика пәні
мұғалімдері жоспарлы түрде іске кірісуіміз керек. Дамыған
мемлекеттерге қарағанда біздің ғаламтор мен білім алуға бағытталған
платформалардың сапасы сын көтермей, түрлі бағдарламаларымыз көш
соңынан қалып отырғаны да шындық.
Осы
мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болуы үшін нені үйренуі
керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сауалдар
туындағаны баршамызға белгілі.
Құзыреттілік
дегеніміз – тұлғаның, оқушының бойында білім, дағды,
іскерлік, ерік күш–жігердің болуы.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды»
сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді
іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Мұғалім
білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді
және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі
құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Білім алушы осы аталған негізгі
құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі
тиіс.
Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін колледж
студенттеріне жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін
пайдалану жоғарғы нәтиже береді.
Білім алушыларға информатика пәнінің өмірге ең
қажетті сала екенін, болашақта сай салада қызмет етсең де, осы
информатикадан алған білім кәсіптік өсуге ықпал ететінін екенін
ұғындыра келе студенттерден мынадай сауалнама алуды жөн
көрдім. 1.
Болашақ мамандығыңды компьютермен немесе әлеуметтік желімен
байланысты деп ойлайсың ба?
2. Кәсіпкерлік саладағы жұмысты әлеуметтік желіде
қалай дамытуға болады?
3. Сайт ашып, қосымша табыс табуға қызығушылық
танытасың ба?
4. Сайт ашу үшін қандай көмектер
керек?
5. WEB сайт ашудың ең тиімді бағдарламасын
үйренгің келсе, өз пікіріңізді қалдырыңыз. Осы сауалнамадан кейін
оқушы ойланады, бұл саланың өз болашағымен тығыз байланысты екенін
түсінеді. Әр сабақта, өз болашағына қажетті тақырыпты өтіп жатқанын
ұғынады.
Информатика сабағында оқушы құзіреттілігін
арттыру үшін пайдаланған оқытудың жаңа технологиялары студенттерді
дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуды көздейді.
Қашықтықтан білім беру жағдайында, білім
алушыларға интернет
арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық
(қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді
жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға
мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып
табылады. Қысқаша бейнебаян арқылы түсіндіру
тиімді. «Түсіну» бөлімінде сәйкестендіру, ақпараттың
«ақиқат», «жалған» екенін таптыру секілді жеңілінен
бастап, «Сана тунелі» әдісі арқылы түсінгенін
бекітіп алуға болады. Ол әр білім алушыға жіберілген тапсырма
аннимация арқылы жасалған, тақырып бойынша сұрақтар қойылған
тунелден сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. «Қолдану» бөлімінде әр
білім алушыға әр түрлі тақырыпта арнайы жұмыс тапсырылады. «Ғажайып
үштік» немесе «Білім шыңы» тапсырмалары арқылы студенттердің
ынтасын оятып отыруға болады. Мультимедиялық презинтациялар құру үшін -
Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу
үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks, интербелсенді
оқытушы курстарын құру үшін - Macromedia Authorwave, Macromedia
Course Builder. Сондықтан да Web – публикациясының ішінде ең
танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia
Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық
құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік
береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап
кеткендігін тәжірибе арқылы дәлелдейді. «Талдау» бөлімінде «Кейс –
стади», «Зерттеушілік конференциясы» әдістері арқылы Flash
технологиясының құрамына кіретін мүмкіндіктерді атайды. Бұл саланың
әр тақырыбы, оқушының ізденуіне, практикалық жұмысты белсенділікпен
жасауына негізделе құрылуы тиіс.
Құзыреттілік – оқушы
іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Сондықтан өтілген
тақырыпқа сай студенттердің практикалық жұмыстарын жарнамалап, оны
әлеуметтік парақшаларда көрсету арқылы олардың ынта-жігерін арттыру
керек. Қолдау білдіру керекпіз. Қашықтықтан білім алып отырған
шәкірттерді осылай қолдап, құзіреттілігін арттыра отырып, келешек
ұрпақты ақпараттық сауаттылығы мықты маман иелерін
тәрбиелейміз.
Сонымен
қатар, информатика пәні мұғалімдері – оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыруы және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды меңгеруі басты міндеті болып саналады. Күн санап
түрлі бағдарламалар мен мұндалап шығып, өз игілігі мен
мүмкіндіктерін көрсетуде. Бір әттегенайы, олардың барлығы шетелден
келген бағдарламалар. Біз де құзыреті жоғары шәкірт тәрбиелей
алсақ, ел игілігіне қызмет етер бағдарламалар шығатын күн де алыс
емес.
Айтбаева Актоты
Кусайыновна
Ақтау қаласы
Маңғыстау өнер
колледжі
Информатика пәнінің
оқытушысы
Адрес: 5 мкр, 37 здание. Маңғыстау өнер
колледжіне келсе болады журнал.