Материалдар / ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатиканы оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолдануды қарастырып, сабақ ұйымдастыруда қолданылатын үздік жаңа интернет платформалар және олардың тиімді жақтарына жеке тоқталып, ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2024
195
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Абденова Нурбакыт Канатовна

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, информатика пәнінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия


Аннотация: Мақалада информатиканы оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолдануды қарастырып, сабақ ұйымдастыруда қолданылатын үздік жаңа интернет платформалар және олардың тиімді жақтарына жеке тоқталып, ұсынылады.

Аннотация: В статье рассматривается приминение инновационных образовательных технологий при обучении информатике, представлены лучшие новые интернет-платформы, используемые при организации уроков и их преимущества.

Abstract: The article discusses the use of innovative educational technologies in teaching computer science, presents the best new Internet platforms used in organizing lessons and their advantages.

Тірек сөздер: инновация, геймификация, технология, инфографика, интернет платформалар, Educaplay.com, Word Wall, Joyteka, Baamboozle.

Ключевые слова: инновация, геймификация, технология, инфографика, интернет платформы, Educaplay, Word Wall, Joyteka, Baamboozle.

Key words: innovation, gamification, technology, infographics, internet platforms, Educaplay.com, Word Wall, Joyteka, Baamboozle.


Мектеп қабырғасында оқушыларды біліммен сусындатып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуі қажет. Біз білім алуға кіріскен сәттен бастап-ақ, оқушы зерделейтін әлемнің нақты бет-бейнесін, яғни  әрбір заттың қасиетін, сол қасиеттерге ие элементтердің және сол элементтердің өзара  байланысын көрсететін нақты жүйе жасауымыз керек. [1, б.65] Бүгінде елімізде білім саласы  айтарлықтай деңгейде компьютерлендірілген, мультимедиялық және интерактивті технологиялар енгізілген. Бірсарынды, көнерген әдістермен сабақ өткізу оқушының сабаққа деген ынтасын жояды. Жаңа технологиялар дамыған заманда түрлі əдіс-тəсілдерді қолдана отырып сабақ ұйымдастыру жетістікке жетелейді. [2, c.56] Сондықтан, сабақ барысы оқушыны жалықтырмайтын, шаршатпайтын жаңа тақырыпқа қызығатындай мотивация бере алуымыз қажет.

Информатика пəні бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ой-өрісін, танымдық белсенділігін, ойлау логикасын арттыру мақсатында сабақта тиімді əдістер қолданудың орны ерекше. Кез-келген пəн бойынша қолданылатын ойын сабақтары білім алушыны сергітеді, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады. [3, б.103] Ойын сабақта барлық оқушылар қатысып, өз ойларын ортаға салып, білім дәрежесін көрсете алады.

Сабақтағы геймификация әдісі-сабақты ойын түрінде өткізу. Информатика пəнінде ойын сабақ ұйымдастыруда қолданылатын үздік жаңа интернет платформалар арқылы сабақты оңай, қызықты өтізуге болады. Олардың ішінде жаңа, қолданыста үздік, әлем мұғалімдері бағалаған бірнеше платформаларға шолу жасасақ.

Educaplay.com – ойын тапсырмалары мен жаттығуларын жасауға арналған платформаның атауы (1,2- сурет). Бұл платформа бұрыннан таныс LearningApps-қа ұқсас. Платформаның көмегімен сабақта интерактивті карталарды, ребустарды, сөзжұмбақ, викторина, тесттерді, интерактивті диктанттарды және тағы басқаларды тегін және шектеусіз жасай аласыз. Төменгі сынып оқушыларына Froggy Jumps ойыны өте қызықты. Бұл бөлімде секірген бақалармен кезеңдерге өтіп, мәреге жетеді. Платформаның жарқын да, көрнекі безендірілуі кез-келген оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тез арада баурап алады.



1-сурет 2-сурет



Жаңа тақырыпты анықтау үшін «Адасқан әріптер» әдісін қолдануға болады. Бұл әдісте Word Wall, Joyteka интернет платформаларын қолдануға болады.

WordWall.net платформасын (3,4-сурет) пайдалану оңай. Бұл платформада үлкен интерактивті тақтаға да, компьютерде жеке жұмыс істеуге ыңғалы. Пайдаланушыдан арнайы білім мен дағдыларды қажет етпейтін жаттығуларды жасауға көмектеседі және суреттер мен тесттерді пайдаланып сабаққа көрнекі жаттығулар жасауға мүмкіндік береді.



3-сурет 4-сурет

Joyteka.com мұғалімдерге арналған білім беру платформасы (5,6- сурет). Бұл ортаға бес бірдей онлайн-сервис біріктірілген.

- «Квест» танымдық ойыны: оқушылар сіздің тапсырмаларыңызды шешу арқылы құлыпталған бөлмеден келесі бөлмеге «қашып» шыға алады;

- «Бейне» веб-сервисі: бейненің қажетті секундтары үшін тапсырмалар мен түсініктемелерді қосуға болады;

- «Тест» білімді тестілеу қызметі: сұрақтар мен жауаптарды толтыру жеткілікті, ал сервис оқушылар үшін ыңғайлы форматты жасайды және жауаптарды автоматты тексеруді орнатады;

- «Терминдер» ойыны: оқушылар бүркеншік ат ойыны форматында бір-біріне күрделі терминдерді түсіндіреді;

- «Викторина» интеллектуалды ойыны: сабақ үстінде сыныпқа «Өз ойыныңды» ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



5- сурет 6-сурет


Информатика сабағында жаңа сабақты түсіндіруде Genial.ly платформасын пайдалану (7, 8 сурет) өте ыңғайлы. Бұл платформада жаңа сабақтың мазмұнын ашуға болатын түрлі презентация, инфографика, интерактивті суреттер, бейнепрезентация, ойындар, викториналар құрастыруға болады. Яғни, сіздің сабағыңыздың қызықты өтуінің бірден-бір мүмкіндігі десе де болады. Платформада презентацияның неше түрлі үлгілері, сонымен қатар мыңға жуық шаблондар бар. Тек қалағаныңызды таңдап, сабағыңызды қызықты етіп өткізе береуге болады.



7-сурет 8- сурет


Сабақтың ең маңызды кезеңі қорытындылауда Baamboozle.com платформасын (9-сурет) қолдануға болады. Baamboozle дайын ойындар шаблондары жүктелген арнайы платформа.



9-сурет


Baamboozle-дағы шаблондарды пайдаланып, сабақты қорытындылауға арналған өте қызықты ойындарды өзіміз жасауға болады немесе платформаның өзі ұсынған шаблондарды да (10- сурет) пайдаланып, еш қиындықсыз кез-келген ойынды жасай аламыз. Платформада қатемен жұмыс жасап тексеруге, сондай-ақ бірден оқушыларды бағалай аламыз.


10-сурет


Оқытудың ойын формасы арқылы сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Кез-келген ұстаздың басты міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын технологиясында осындай қызықты, жаңа онлайн платформа түрлерін қолдану арқылы мұғалім мақсатына сапалы қол жеткізе алады.













































Әдебиеттер тізімі

  1. Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е. Жарасова Г.С., Оспанова Н.Н., Исабаева Д.Н. «Информатиканы оқыту әдістемесі». Алматы, 2014. 65 б.

  2. Нейматов Я.М. «Образование в XXI веке: тенденции и прогнозы» Алгоритм, 2002. 56 с.

  3. Ешанкулова Г., «Инновациялық білім беру технологиясы туралы» Білім, 2007. 109 б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!