Информатиканы
оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты
түрлендіру
Қазіргі
кезеңде Республикасызда білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім
беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда. Бұл
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр: білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болды.
Ақпараттық
технологияларды практика жүзінде
пайдалану жолында арнайы білім беру
мақсатында жаңа пән – информатика
сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып
келеді. Оның орта білім жүйесіндегі
алатын орны қазіргі информациялық
қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі
болып табылатын әлемнің ақпараттық –
жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта
мен адамның тиімді қарым-қатынасын
қалыптастыру сияқты мәселелермен
анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі
кезде педагогикалық ғылым саласында
да оның әдіснамасы (методологиясы) мен
парадигмасын жетілдіруге қажет
тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер
болып жатыр.
Ақпараттық
технологияларды практика жүзінде
пайдалану жолында арнайы білім беру
мақсатында жаңа пән – информатика
сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып
келеді. Оның орта білім жүйесіндегі
алатын орны қазіргі информациялық
қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі
болып табылатын әлемнің ақпараттық –
жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта
мен адамның тиімді қарым-қатынасын
қалыптастыру сияқты мәселелермен
анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі
кезде педагогикалық ғылым саласында
да оның әдіснамасы (методологиясы) мен
парадигмасын жетілдіруге қажет
тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер
болып жатыр.
Сондықтан
мектептегі информатиканы оқытудың
негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру,
тасымалдау және пайдалану процестерін
меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет
ету саласында да өзін - өзі көрсету,
дамыту құралы ретінде компьютелік
технологияларды тиімді пайдалану
тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы
мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде
оқушылар ақпараттық технологияларды
пйдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі
әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға
қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Оқушылардың
білімі тереңдеп, өрістері кеңейген
сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру
мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын
болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың
жедел дамуына орай осы пән көлемінің
тұрақты түрде ұлғайып отыруына және
оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты
бұрынғы білім беру аясында шешуге
болмайтын мәселелер туындап келеді.
Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі
мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы
сәйкессіздікке баса назар аударға негіз
болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге
мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға
керекті сағат санын арттырмай – ақ,
күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат
көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа
білім беру технологияларын енгізу болып
табылады.
Білім
беру саласы қызметкерлерінің алдында
қойылып отырған басты міндеттерінің
бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру
болып табылады.