Мектеп:
Мерзiм :
Мұғалiм :
Сынып: 10 «А»
Оқушылар саны:
Тақырып: Іңкәр көңіл,нәзік
сезім.
Құндылық: _Риясыз
сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық,
жақсылық
жасау
Мақсаты:
- адамның ең жоғары
нәзік қастерлі сезімі ретінде махаббаттың түлғалық мәнін
үғындыру;
- үнату, алғашқы махаббат
сезімдерін ажырата алу дағдыларын
дамыту;
- сүйіспеншілік сезім
мәдениетіне тәрбиелеу.
Көренкіліктер: оқулық, дәптер, түрлі түсті қағаздар, слайд
....
Сабақ
барысы:
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды
түгелдеу.
Тыныштық
сәті.
Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді
жұмыңыз, денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып
келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз
аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ
суы,құстардың сайраған дауысы,сіз жеңіл дем алудасыз,сіз күш қуатқа
толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы
өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің
теріңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге
көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді
таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге
сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын
адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз,Бұл қуат
сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты
жансыз.
Үй жұмысын
тексеру:
Г.Сайынқызының «Күн ұрланған
күн» әңгімесін оқуға уақыт жібермес үшін оқушыларға алдын-ала
танысып келу тапсырылады
• Г.Сайынқызының «Күн ұрланған
күн» әңгімесінде не туралы айтылады
?
• Егер Кунайдың орнында болсаңыз
не істер едіңіз, оның шешімін қүптайсыз
ба?
• Сырыңды кіммен бөліскен дурыс
деп ойлайсыз?
• Нәзік сезім дегенді қалап
түсінесіз?
• Осындай сезімді басыңыздан
өткіздіңіз бе?
Әңгімелесу:
-
«Іңкәр көңіл,нәзік сезім»
деген сөзді қалай түсінесіңдер
?
- Алғашқы сезім, балауса
махаббат дегенді қалай түсінеміз?
- Сезім әркез екіжақты бола ма?
- Қыз баланың бірінші болып, өз сезімін білдіруіне қалай
қарайсыз?
- Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?
- Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп
ойлайсыз?
Оқу ақпараты
:
Жасөспірімдер арасындағы
достық кейде үлкен сезімге ұласады. ¥л бала мен қыз баланың
арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты
қарым-қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне
балауса сезім, алғашқы махаббат үялаған жан ерекше көңіл-күйге
бөленеді. Ол үнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен, іңкәр
көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат,
балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Албырт сезім
жүрек қалауын қанағаттандыруға ғана емес, адамгершілік
қадір-қасиеттерін өзара қүрметтеуге негізделгенде ғана шынайы
сезімге үласады.
Жаңа ақпаратты оқупыларға
оқытып, алғашқы мөлдір махаббат деген үғымның мәнін ашуға
тоқталады.
Шығармашылық
жұмыс.
Бейнематериал: Махаббат деген
не ?
«Комплимент»
тренингі.
Комплимент тренингінде
оқушылар бір-біріне жылы лебіздерімен тілектерін жолдайды. Бұл
тренингтің мақсаты оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты
дамыту болып табылады.
Ән шырқайық
достар:
М.Шахановтың «Гүлдәурен» әнін
оқушылар шеңберге түрып
орындайды:
Асау өмір
арнасында
Шалқып сәби
сезімменен
Он жыл мектеп
партасында
Бірге отырдым
өзіңменен
Сездіруге батпадым
да
Бала махаббатымды
Терезенің
жақтауына
Ойьш жаздым
атынды
Елес беріп
келешегің
Қимасыңа баладың
ба
Қоштасарда неге
сенің
Жас толқыды
жанарыңа
Сездіруге батпадым
да
Бала махаббатымды
Терезенің
жақтауына
Ойып жаздым
атывды
Іңкәр еткен атар
таңға
Қош бол енді бала
көктем
Бізді алыс
сапарларға
Шақырады
самолеттер
Сездіруге батпадым
да
Бала махаббатымды
Терезенің
жақтауына
Ойып жаздым
атынды
Дәптермен
жұмыс
Оқушы дәптерінің 36-38
беттерінде берілген тапсырмаларды
орындату.
Сергіту
сәті
Я так люблю
себя
Что я могу любить
тебя
И ты начнешь любить
себя
И сможешь
полюбить меня
Мен өзімді
сүйем
Cені де сүйем
білем
Өзіңді сүйе
білсең,
Мені сүйгеніңді
білем
Сабақты
қорытындылау:
Сыйластық бар жерде бақыт
та, махаббатта бар демекші адам бойындағы ең құнды асыл
қасиеттердің бірі – сыйластықты дамыту арқылы махаббатты да,
бақытты да табуымызға болады.
Үйге
тапсырма:
Махаббат туралы эссе,
ұлағатты сөздер жазып келу
тапсырылады.
Бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан
оқушыларды бағалау
7. Соңғы тыныштық
сәті.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді,
бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді
үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының
барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап,
көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп
рахмет!