Материалдар / инклюзив оқушыға мінездеме

инклюзив оқушыға мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
инклюзив оқушыға мінездеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
4882
66 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



--------Орта мектебтің

3 «А» сынып оқушысы

Серікжан Ерасылға



МІНЕЗДЕМЕ


Серікжан Ерасыл10.01. 2008 жылы туылған. Оқушыға сынып жетекшісінің сұрауы бойынша тексеру жүргізіліп, төмендегідей ерекшеліктер анықталды:

Ерасылды сабақ барысында бақылай отырып, есте сақтау қабілеті төмен екені анықталды, соның салдарынан оқушы берілген тапсырмаларды, нұсқауларды 15 минуттан артық есте сақтай алмайды. Танымдық әрекеттері баяу.Қоршаған ортамен таныстыру барысында бала өзінің тегін, жасын, мекен-жайы туралы толық мәлімет бере алмайды. Жыл мезгілдерін. Апта күндерін. Ауа-райындағы өзгерістерді өз бетінше атай алмайды, үнемі педагогтың қадағалауын талап етеді. Қарапайым математикалық түсінігін, сенсорлы эталонын қалыптастыру барысында негізгі түстерді және геометриялық пішіндерді атайды,бірақ сәйкестендіре алмайды.

Зейін ерекшеліктері: зейіні шашыраңқы, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу қабілеті орташа.

Қабылдаудың ерекшелігі мен ой танымы: қоршаған орта жайлы түсінігі өте төмен,картинаның мазмұнын түсініп айтып бере алмайды, мәтін мазмұнын өздігінен түсіне алмайды, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында заттарды салыстыра алмайды, заттарды жүйелеу және жалпылауға деген білігі төмен, ойлау шапшаңдылығы баяу.

Естің ерекшелігі: есте сақтауы төмен, ұмытшақ.



Педагог-дефектолог:

















--------Орта мектебтің

3 «А» сынып оқушысы

Серікжан Ерасылға



МІНЕЗДЕМЕ

Саят Қуаныш 06.08.2012 жылы туылған, мекен-жайы : 7 шағын ауд-ы №14 үй 50-шы пәтер. Қуаныш 2018 жылдың басында педагог-логопед маманына тіркеуге алынды.

Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстары жүргізілді. Баланың жас ерекшелігі мен ОПМПК қорытындысы ескеріліп жеке дамыту бағдарламасында сөйлеу тілін дамыту, тыныспен жұмыс, артикуляциялық аппараттың қимыл – қозғалысын дамыту, дыбыстану дағдыларын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін дамытып, эмоционалды сөйлеу тілінің белсенділігін дамыту жұмыстары қамтылды. Сөйлеу тілін дамыту «Мақал - мәтелдер», «Өтірік өлеңдер», «Жаңылтпаштар» лексикалық тақырыптары бойынша сөздік қоры толықтырылды. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ажыратып, сөздің жалғауларын дұрыс айтуға үйренді. Тыныспен жұмыс барысында баланың сөйлеу тіл кемістігін ескеріп, логопедиялық түзете – дамыту жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында балаға үнемі тыныспен жаттығулар жасалынып, бір тыныста дауысты дыбыстар қатарын, логоритмикалық жаттығуларды орындауда көп көңіл бөлінді. Артикуляциялық аппараттың қимыл – қозғалысын дамуы: Артикуляциялық аппаратының қимыл қозғалысы орташа, айна алдында «күлу», «ашулану», «таңырқау», «сусиыр», «бақа», «піл», «күрекше», «сағат», «тәтті тосап», «астыңғы тісті тазалау», жаттығуларын орындауды үйренді. Дыбыстану дағдыларына келер болсақ, дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып, «еріндік», «езулік», «дыбыстық», «бұғақтық», «ысқырық» дыбыстарына түзете – дамыту жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде дауысты дыбыстар қатары, «еріндік», «езулік», «дыбыстық», «бұғақтық»,«ысқырық» дыбыстарын барлық буында дағдыландырылды. Дыбыстарды бір тыныста айтып, ұқсас дыбыстарды ажыратуға машықтырылды. Фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Сөздік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық дыбыстарын ажыратып үйренді. Эмоционалды сөйлеу тілінің белсенділігін дамуына сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен енжар сөздік қоры кеңейді. Сюжетті суреттер бойынша сөйлем құрап, төрт-алты сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырып үйренді. Дегенмен, баланың сөйлеу тіл кемістігі толық жойылған жоқ. Жас ерекшелігіне байланысты бала тыныс алудың ұзақтылығы мен бағыттылығын қадағалай алмайды.

Дефектолог:

Қуанышпен 2018 жылдың басында ОПМПК-ның қорытындысы бойынша жұмыс жүргізіді:

Зейін ерекшеліктері: зейіні тұрақты, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу қабілеті өте жақсы.

Қабылдаудың ерекшелігі мен ой танымы: қоршаған орта жайлы түсінігі жақсы,картинаның мазмұнын түсініп айтып бере алады, мәтін мазмұнын өздігінен түсіне алады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында заттарды салыстырады, заттарды жүйелеу және жалпылауға деген білігі жақсы.

Естің ерекшелігі: есте сақтауы жақсы.

Сенсорлы эталондары толық қалыптасқан. Негізгі және реңкті түстерді атайды, сәйкестендіреді. Геометриялық пішіндерді танып, ажыратады, атайды.

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту барысында бала саусаққа арналған әр түрлі жаттығуларды жасап үйренуді «Қуырмаш», «Талып қалды қолымыз», «Он саусақ» т.б. Ірі және ұсақ моншақтарды жіпке откізіп үйренді. «Сеген» тақтайшасы көмегімен бәтенкенің бауын байлап үйренді.

Қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру: Математикалық санау дағдысы қалыптасқан. Қарама-қарсы сөздердің мағынасын ажыратып, атайды (жуан-жіңішке, алыс – жақын, ұзын-қысқа).

Аппликация, ермексаз, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.Суреттерді шетіне

шығармай бояуға, қажетті түстерді таңдай білуге үйренді. Қайшыны дұрыс ұстауға

жаттықты, әртүрлі заттарды қиып, екі бөліктерді біріктіріп аппликация жасауға үйренді.


Педагог-логопед :

Педагог-дефектолог:


























Характеристика

на ученицу 0 –В класса

средней школы-гимназии №30

ЕржанАдину.

ЕржанАдина обучается в данном классе с 15 ноября 2018 года . До этого она училась в 0 Б классе с казахским языком обучения. Девочка воспитывается в полной благополучной семье. Атмосфера в семье дружелюбная, тёплая. Отношения между членами семьи доверительные, близкие. Родители интересуются учёбой дочери, являются активными помощниками ребёнку в учёбе, охотно сотрудничают с учителем.

Девочка всегда опрятно одета, следит за своим внешним видом. К учебным вещам относится бережно.

Общая оценка состояния учебных навыков средняя. Девочка имеет проблемы с речью. Посещает занятия у психолога и дефектолога. На уроках не всегда внимательно слушает учителя, нуждается в повторном объяснении и индивидуальной инструкции. Допускает ошибки по невнимательности, при проверке их исправляет. Записи в тетрадях делает аккуратно. Не разговаривает, на вопросы учителя не отвечает, а только молча кивает головой. Хотя на переменках активна и иногда говорит.

Девочка дисциплинированная, спокойная.Неохотно идет на контакт с одноклассниками т. к. у неё идет период адаптации в данном классе.



Педагог-дефектолог

Общее впечатление о ребенке:ученица адекватно реагирует на предлагаемые задания, в ситуации обследования ведет себя спокойно.

Социально-бытовые навыки:Социально-бытовые навыки у ребёнкасформированы достаточно хорошо, ребенок способен заботиться о себе, понимает смысл житейских ситуаций, знает свое полное имя , полные имена родителей, понимает близкородственные связи, понимает понятия старший, младший, знает названия элементов гардероба и их предназначение. Знает правила поведения на уроке, перемене.

Особенности психофизического развития: Словесно-логическое мышление: уровень развития чуть ниже нормы, особенности восприятия: долго думает, но старается правильно отвечать. Хорошо различает перечеркнутые, наложенные изображения, неправильное восприятие некоторых изображений.

Особенности внимания: невыраженные сложности переключения внимания, способность к концентрации и удержанию внимания достаточная на игровом материале, низкая на учебном.

Особенности памяти: старается запоминать, но часто путает.

Речевое развитие:  У Адины не разборчивостьречи, бедность словаря, трудности построения и оформления предложения.

Заключение: Учитываявышеизложенныехарактеристикиразвитияучениканаправитьее в ОПМПК на обследование.





Директор школы ___________

Классный руководитель ____________

Педагог-дефектолог__________

















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!