Инклюзивті білім алатын оқушымен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзивті білім алатын оқушымен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Айналамен таныстыру және тіл дамыту" пәніне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 1

Бөлімі: Табиғаттағы мезгілдік өзгерістер.

Тақырыбы: 1.1Жаз

Мақсаттары:

0.1.1.1 жаз белгілерін бақылау;

0.1.1.2 жылдың басқам мезгілдерден ерекшеліктерін ажырату;

0.1.1.3 жаз айларын атау, олардың дәйектілігін білу;

Түзету білімдік: Жаз мезгілінің ерекшеліктері туралы толығырақ мәлімет беру.Жаз айларының атауларын үйрету. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Түзету – дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету .

Түзету тәрбиелік: жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын,бес саусақ

Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, дәптер, түрлі түсті қаламдар


Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөнгеленген шеңберді!



Ұйымдастыру - іздестіру


1.Күнтізбелік мәлімет:

-Жыл мезгілі

-Ай

-Апта күні

2.Артикуляциялық жаттығулар

3.Үй жұмысын тексеру


Жаңа сабақ

1.Сабаққа кіріспе

-Балалар, қазір мен сендерге бір жұмбақ айтамын, кім жауабын тез таба алады екен?

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңіске.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

2.Жаңа тақырыпты айту.

Жаз айлары - маусым, шілде, тамыз.

Маусым-жаздың алғашқы айы.Арабтың «Мезгіл» дегн сөзі,Шөп шабу,пішен дайындау маусымына байланысты ай осылай аталады.Шілде-жаздың екінші айы.Парсы тілінен (шіллә) «қырық» деген мағынаны білдіреді.Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді.Тамыз-Жаздың соңғы айы. «Күйдіру» деген мағынаны білдіреді,.Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған.

Жаз – жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда әр түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы да ерекше. Жазда жазғы демалыс болады. Демалыста біз демаламыз. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.

3. Түзету – дамытушылық ойын:

Қайсысы артық? Артық сүретті табу

4. Ширату.

Бір жылда қанша мезгіл бар?(Төрт)

Жылдың қай мезгілі ең суық?(Қыс)

Жылдың қай мезгілі ең ыстық?(Жаз)

Бізге жылулық сыйлайтын не? (Күн)

Түнде жарық беретін не?(Ай)

5.Жұмбақтарды шешу

1) Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады.

(Күн)

2)Өрік,алма,жидек,жүзім піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз дүкендерге түседі.

Астық пісіп,орақ түсіп,

Ұырман дәнге толады,

Күн,үйеңкі гүлдері пісіреді

(Жаз)

3)Қар,мұз еріп,су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

(Көктем)

6.Сүрет салу.

Көктем мезгіліне байланысты сүрет салу

7.Бес саусақ

Бес саусақтың әр-қайсысына жаздың бір-бір ерекшелігін атау


Сергітү сәті.

Көзге арналған жаттығулар




Рефлексивті - түзетушілік


-Жаз айларын ата.

- Жылдың ең ыстық мезгілі қай мезгіл?

-Жарайсындар! Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін! Он екі мүшелерің сау болсын!


Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма.

Жаз айларын қайталау.

Сөздік жаттау, дәптерге көркем етіп жазу.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жаз айларын біледі.Жаз ерекшеліктерін ажырата алады.

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздерді қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2023
1184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі