инклюзивті білім беру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

инклюзивті білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы
балалар үшін
бірігейік

Мүгедектігі бар балалардың
жағдайына талдау:
Қазақстан Республикасында
инклюзивті қоғамды дамыту

УДК 364
ББК 65.272
М87
М87


«Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды
дамыту», - Астана, 2014, – 108 б.



ISBN 978-601-7523-15-2

Есепті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі UniCredit қорының қолдауымен әзірледі. Осы басылымдағы пікірлер
авторларға тиесілі және міндетті түрде ЮНИСЕФ пен UniCredit қорының ресми көзқарасын білдірмейді.
Есепте пайдаланылған суреттерде бейнеленген адамдар мен объектілер есептің мазмұнына қатысы жоқ.
Осы басылымда пайдаланылатын белгілер мен материалдың баяндалуы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы, қандай
да бір елдегі немесе аумақтағы балалардың құқықтық мәртебесіне немесе оның билік органдарына, не оның
шекараларын делимитациялауға қатысты қандай да бір көзқарасын білдірмейді.
Мұқабадағы суреттер: Астана қаласындағы Балаларға арналған психоневрологиялық медициналықәлеуметтік мекемесінің мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі бөлімінде және толық күн болатын
«Балам-ай» балаларды дамыту орталығында.
Басылым тегін таратылады. Шолудан алынған ақпаратты қайта басқан, дәйексөз келтірген немесе өзгеше
пайдаланған жағдайда осы басылымға сілтеме жасау міндетті.

УДК 364
ББК 65.272
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10-А үй,
тел/факс: +7 (7172) 32 17 97, 32 29 69, 32 18 03
www.unicef.kz, www.unicef.org.

Авторлар: Сонила Томини, Микаэлла Ваноре, Сепиде Юзефзаде, Франциска Гассманн.



ISBN 978-601-7523-15-2

© Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), 2014

Мүгедектігі бар балалардың
жағдайына талдау:
Қазақстан Республикасында
инклюзивті қоғамды дамыту

2014

Алғыс білдіру
Бұл баяндаманы Маастрихт UNU-Merit Жоғары Басқару Мектебі (Сонила Томини, Микаэлла Ваноре, Сепиде
Юзефзаде және Франциска Гассманн) Қазақстандағы ЮНИСЕФ үшін дайындады. Баяндама үшін сапалы
деректерді жергілікті «Бриф» компаниясы атынан Динара Әбілдинова мен Петр Вальтер жинады. Авторлар
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне, Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне ұсынған материалдары
мен ақпараттары үшін алғыс білдіреді. Осы есепті әзірлеуде қосқан үлесі мен түсініктемелері үшін Зүлфия
Мовкебаеваға, түрлі сұхбат бергендері үшін басқа да қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз.
Мүгедектігі бар балалардың бастарынан өтетін мәселелері бойынша жұмыс жасалған фокус-топтардың
барлық қатысушыларына өз пікірлерін еркін білдірген терең сұхбаттары мен талқылаулары үшін ерекше
алғысымызды білдіреміз.

2

Мазмұны
ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

6

I. КІРІСПЕ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗ

11

1.1. Баяндаманың негізгі міндеттері

11

1.2. Мүгедектік мәселесі бойынша халықаралық тұжырымдамалық негіз

12

1.3. Қазақстандағы балалар мүгедектігінің анықтамасы

16

1.4. Қазақстандағы мүгедектігі бар балалар

19

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ 21
2.1. Қазақстан Республикасындағы балалар мүгедектігі туралы ұлттық үрдістер
мен статистикалық деректер

22

2.2. Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдарды қамтитын заңнамалар

29

2.3. Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға арналған институционалдық құрылым

32

2.4. Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақылар

36

2.5. Қазақстандағы мүгедектігі бар балаларға арналған мемлекеттік бағдарламалар

40

III. мүгедектігі бар БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНКЛЮЗИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕРГІЛЕР:
МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
55
3.1. Деректер және әдіснама

56

3.2. Білім беру

57

3.3. Денсаулық сақтау қызметі

67

3.4. Әлеуметтік өмірге қатысу, кемсітушілікке жол бермеу және отбасындағы тәрбие

74

3.5. Адекватты өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау

77

3.6. Заңнамалық және нормативтік орта

80

IV. САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР

89

4.1. Негізгі тұжырымдар

89

4.2. Саясат саласындағы ұсынымдар

94

V. ҚОСЫМША

97

1-ҚОСЫМША. МОНИТОРИНГ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ

97

2-ҚОСЫМША. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

101

VI. БИБЛИОГРАФИЯ

106

Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту

3

СУРЕТТЕР МЕН КЕСТЕЛЕР ТІЗІМІ

4

1-кесте. Тіркелген мүгедектігі бар балалар саны (0–17 жас)

22

1-сурет. 2005–2012 жж. кезеңінде балалардың жалпы санымен салыстырғандағы
мүгедектігі бар балалардың жалпы саны (мыңға шаққанда)

23

2-сурет. Балалардың жалпы санынан пайызға шаққандағы мүгедектігі бар балалардың
жалпы саны (2005–2012 жж.)

23

3-сурет. 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар балалар саны

24

4-сурет. Мүгедектігі бар балалардың жалпы саны (0–16 жас)

25

5-сурет. І топтағы мүгедектігі бар балалардың жалпы саны (16–18 жас)

25

6-сурет. II топтағы мүгедектігі бар балалардың жалпы саны (16–18 жас)

26

7-сурет. III топтағы мүгедектігі бар балалардың жалпы саны (16–18 жас)

26

8-сурет. 2008-2012 жж аралығындағы кезеңде алғашқы медициналық жәрдем
орталықтарында тіркелген мүгедектігі бар балалар саны (16 жасқа дейінгі).

28

9-сурет. 2010–2012 ж. кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы алған мүгедектігі бар балалар саны

36

10-сурет. Мүгедектігі бар балалардың жалпы саны бойынша алғанда (18 жасқа толмаған)
қандай да бір жәрдемақы алмайтын мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі

37

11-сурет. 2007–2013 ж. кезеңдегі мүгедектігі бар балаларға арналған мүгедектігі бартігі
бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақы (теңгемен)

37

12-сурет. Мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша тұрақты бағалармен
көрсетілген ай сайынғы жәрдемақылар (ТБИ – тұтыну бағасының индексі) 2007 ж. = 100)

38

13-сурет. 2012 жылы Қазақстан Республикасындағы психологиялық-педагогикалық түзеу
кабинеттерінің саны

40

14-сурет. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін пайдаланатын
мүгедектігі бар балалардың бөлінісі

41

15-сурет. 2012 жылы бүкіл еліміз бойынша логопедтік кабинеттердің бөлінісі

41

16-сурет. 2012 жылы логопедтік кабинеттердің қызметін пайдаланған мүгедектігі бар
балалардың бөлінісі

42

17-сурет. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне баратын дамуында мүмкіндіктері шектеулі
балалар туралы мәліметтер (2012 жыл)

43

18-сурет. Білім беру жүйесінде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы
деректер (2012 жыл)

43

19-сурет. Мектепке дейінгі білім беру жүйесімен қамтылмаған мүгедектігі бар балалардың
пайыздық үлесі

43

20-сурет. Білім беру жүйесімен қамтылмаған мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі

44

21-сурет. Мүгедектігі бар балалардың жалпы білім беретін күндізгі мектептерге бөлінісі

45

22-сурет. Жалпы білім беретін күндізгі мектептерде репериторлық қызмет көрсетілетін
мүгедектігі бар балалардың бөлінісі

45

23-сурет. Үйде білім алатын балалар саны (облыстар бойынша)

46

24-сурет. Үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі (қалалық/ауылдық
аудандарға бөлгенде)

47

25-сурет. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы мүгедектігі бар және дамуында
мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастардың білім алуы туралы деректер, 2002–2012
(жылдар)

48

26-сурет. 2012 жылы кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламаларына қатысқан
мүгедектігі бар және дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың бөлінуі

48

27-сурет. Оңалту орталықтарының бөлінуі

49

28-сурет. Оңалту орталықтарындағы мүгедектігі бар балалардың саны

50

29-сурет. 2005-2011 жылдарда медициналық – әлеуметтік мекемелерде болған 18 жасқа
дейінгі және 3 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны (жүздіктермен есептегенде)

50

30-сурет. 2005–2011 жж. кезеңде мүгедектігі бар балаларға арналған балалардың
институционалдық мекемелерінде тұрған 18 жасқа толмаған және одан асқан балалардың
жалпы саны

51

2-кесте. 2000–2011 жылдар кезеңіндегі мемлекеттік интернаттық мекемелердегі
(мекемелердің барлық түрлері) мүгедектігі бар балалардың саны

51

31-сурет. Мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің
бөлінуі

52

3-кесте. Интернаттардағы балалардың жалпы санынан интернаттардағы мүгедектігі бар
балалардың пайызға шаққандағы үлесі (18 жасқа дейінгі)

52

32-сурет. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі мүгедектігі бар балалар саны

53

33-сурет. Мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердегі
қызмет көрсететін қызметкерлер саны

53

34-сурет. 2004-2012 жылдар кезеңінде жоғары оқу орнында оқуға мемлекеттік білім беру
грантын алған мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі

54

4-кесте. Сұхбат пен фокус-топтар барысында сұралған адамдардың сипаттамасы

56

5-кесте. Мүгедектігі бар балалардың мәселелерін шешуге құзыретті ұйымдар

85

А 1-кесте. Мониторинг құралдары

97

А 2-кесте. 2008 – 2012 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық қызметтер тіркеген
мүгедектігі бар балалар саны

101

А 3-кесте. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері, 2012 ж.

102

А 4-кесте. ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2012 ж.

103

А 5-кесте. ҚР Статистика агенттігінің деректері, 2011 ж.

104

А 6-кесте. Сұхбаттар мен фокус-топтар тізімі

104

А 7-кесте. ПМПК жұмыс істеп жатқан желісі және балалар мен жасөспірімдерге арналған
орталықтарды кеңейтуге сұраныс

105

Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту

5

Инклюзивті мектепте, Астана қ.

Б

ҚЫСҚАША
МАЗМҰНЫ
6

ұл есепте Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар балалардың жағдайына
жасалған талдау ұсынылды. Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігі бар балалардың
жағдайына жасалған тұтас талдау құжаттарға
бастапқы талдау жасауды, фокус-топтардағы
талқылауларды, мүгедектігі бар және мүгедектігі
жоқ балалардың мұғалімдерімен, ата-аналарымен, мүгедектігі бар және мүгедектігі
жоқ балалардың өздерімен, мемлекеттік
органдардың өкілдерімен және үкіметтік емес
ұйымдарда жұмыс істейтін мамандармен егжейтегжейлі жүргізілген сұхбаттарды қоса алғанда,
аралас әдістер ұстанымын пайдалана отырып
дайындалды. Бастапқы және екінші деректерге жасалған талдау соңғы екі онжылдықтың
мүгедектігі бар балалардық құқықтары саласында біршама нормативтік-құқықтық және
заңнамалық реформалармен сипатталатынын
көрсетті. Мұндай ілгерілеушілік Қазақстанда
мүгедектігі
бар
балаларды
қорғаудың
басымдығын және олардың әлеуметтік инклюзиясы туралы мәселенің бар екенін көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
инклюзия мен теңдік мүмкіндіктерін дамыту бойынша жасалып жатқан іс-әрекеттер
мүгедектігі бар балалардың мүдделерін тікелей
қозғайтын бірқатар заңнамалық актілерді
әзірлеуге ықпал етті. Арнайы заңнама тегін
білім алу (осы санатқа жататын балалардың бастауыш, орта және кәсіби оқу, сондай-ақ тегін
жоғары білім алу), медициналық мекемелерде
мамандандырылған ем алу, қызмет көрсету,
материалдық көмек және әлеуметтік қолдау алу
құқығын қарастырады. Ерекше мұқтаждықтары
бар адамдар үшін қызмеке қолжетімділікті
қамтамасыз ету саласындағы құрылыс нормалары мен стандарттарына байланысты
заңнамалық актілер мүгедектігі бар балалардың
барлық мұқтаждықтарын көрсетпейді, бірақ
олардың мұқтаждықтарын жанама түрде есепке алады. Соңғы екі онжылдық ішінде адам
құқықтарына, оның ішінде мүгедектігі бар
балаларға қатысты қабылданған заңдар мен
ережелер мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік
қорғау үшін берік негізбен қамтамасыз етіп
қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанда
әлеуметтік жұмыс тұжырымдамасын енгізген
кезде осы санаттағы адамдардың бетпебет келетін проблемалары мен ерекше
мұқтаждықтарын көрсетеді. Өзінің мүгедектігі
бар адамдар мен балалардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға бағытталған күш-жігерін
растау мақсатында Қазақстан 2008 жылы 11
желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясына қол қойды.
Қазақстан неғұрлым толық және жалпыны
тегіс қамтитын заңнамалық базаны әзірлеуге
қосымша мүгедектігі бар балаларға қатысты
да бірқатар нормативтік өзгерістер енгізді.
Қазақстан жүктіліктің бастапқы кезеңінде
мүгедектікті уақытылы анықтауға ықпал
ететін жаңа ережелерді қабылдады. Жаңа
ережелер босанғанға дейінгі, перинаталды
және неонаталды скринингтерге қатысты.
Жаңа әдіс сонымен қатар бала жастағы аурулар мен балалардың нәресте кезінен дамуын ықпалдастырып жүргізу үшін де енгізілді.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау секілді секторлар жаңа белеске өтіп,
мүгедектігі бар балаларды анықтау, қорғау,
қоғам өміріне араластыру және оларға тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тұрғысынан
өзіне жаңа рөлдерді қабылдады. Білім беру
секторындағы
педагогикалық
бағалаулар
дамудағы кешеуілдеу фактілерін анықтауға
көмектесті. Әлеуметтік қорғау секторында бала
мүгедектігінің деңгейі оның ауырлығына сүйене
отырып бағаланады, сондай-ақ бір бөлігі

еңбек нарығына араластыру болып табылатын
әлеуметтік инклюзия келешегі бағаланады.
Секторлар арасындағы күш-жігер біріктіріліп,
сәби шақта даму қаупін анықтау үшін балаларға
жаппай стандартты скрининг жүргізу басталды,
ол адамның өмір бойында қоғамға интеграциялануы үшін стратегия әзірлеуге көмектеседі.
Соңғы он жылда балалар мүгедектігі
жағдайларына мониторинг жүргізу айтарлықтай
жақсарды. 2005-2012 жж. кезеңінде еліміз
бойынша тіркелген мүгедектігі бар балалар
саны артты, бұл Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар балалардың нақты және салыстырмалы санының өсуін ғана көрсетпейді, сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды анықтау,
тіркеу және кейіннен қорғау жағдайларының
да артқанын көрсетеді. Мүгедектікке байланысты әлеуметтік таңбаның басылуы азайғанына
қарамастан, мүгедектігі бар балаларды жете
есепке алмау фактілері әлі де сақталып отыр.
Көптеген адамдардың билік органдарына ресми хабарланбаған және мүгедектігі бар адам
ретінде тіркелмеген «жасырын мүгедектігі» бар
екеніне бірқатар дәлелдер бар. Қазақстан бойынша мүгедектігі бар балаларды бөлу халықтың
жалпы құрылымына сәйкес келеді, мүгедектігі
бар балалардың неғұрлым абсолютті саны халық
ең көп қоныстанған өңірлерде (Қарағанды,
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) тіркелген. Мүгедектігі бар балаларды тіркеу көрсеткіштерінің артуы бүкіл ел
бойынша көптеген балалардың мемлекеттік
қызметтермен және тиісті жеңілдіктермен
қамтылғанын көрсетеді. Сөйтіп, денсаулық
сақтау жүйесінің деректері 16 жасқа толмаған
барлық мүгедектігі бар балалардың 88,2%ы
алғашқы
медициналық-санитарлық
жәрдем көрсету емханаларында тіркелгенін,
мүгедектігі бар балалардың 96%-дан астамы
мемлекеттік жәрдемақы алатынын көрсетеді.
Осы қызметтерді пайдалану деңгейі жақсы
әсер қалдырып, соңғы жылдарда жағдайдың
айтарлықтай
жақсарғанын
көрсететініне
қарамастан, елдегі балалардың белгілі бір үлесі
оларға заңмен кепілдендірілген жеңілдікті және
қызметтерді пайдаланбайтыны туралы деректер бар. Сондықтан мемлекеттік жәрдемақы алмайтын мүгедектігі бар балалардың санын үнемі
бақылап отыру және оған кедергі келтіретін
себептерді уақытылы анықтау маңызды.
Мүгедектігі
бар
балаларға
инклюзивті
білім беру және оларға тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету Қазақстан қол жеткізген
көптеген нәтижелердің тағы бір саласы болып
табылады. Мүгедектігі бар балалар мүгедектік

Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту

7

деңгейіне байланысты жалпы, инклюзивті немесе арнайы мектепке дейінгі, бастауыш немесе институционалдық әлеуметтік мекемелерге бара алады. Көптеген мүдделі адамдар,
оның ішінде мұғалімдер, мүгедектігі бар және
мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары,
сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері
инклюзивті сыныптар мүгедектігі бар оқушылар
үшін ең жақсы білім беру ортасын қамтамасыз
етеді деп санайды. Мұнымен қатар мүгедектігі
бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне
тарту міндетті түзету, педагогикалық және
психологиялық көмек тұрғысынан үлкен күшжігерді талап етеді. Сонымен қатар мүгедектігі
бар балаларды біліммен қамту деректері мен
көрсеткіштерінің жоқтығын ескере отырып,
мүгедектігі бар балаларды жалпы білім беретін
оқу орындарына араластыруда жағдайдың нақты
жақсарғанын бағалау қиын. Дей тұрғанмен,
орта және орта кәсіптік білім беру саласында
белгілі бір ілгерілеушіліктер бар. Сөйтіп, 2002 –
2012 жж. техникалық және орта кәсіптік білім
беретін оқу орындарына баратын мүгедектігі
бар және дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар саны артты. Мүгедектігі бар балалар үшін
білім беру тегін болып табылғанымен, соңғы
деректер квота бойынша білім беру грантын
алуға өтінім берген мүгедектігі бар балалардың
85%-ы ғана оны 2012 жылы алғанын көрсетеді.
Бұл кәсіптік-техникалық және жоғары оқу
орындарында оқумен қамтылған мүгедектігі
бар балалардың санының өсіп отырғанына
қарамастан, мүгедектігі бар балалардың білім
алу жүйесіне интеграциялануы үшін әрі қарайғы
шараларды қабылдау қажеттігі туралы дабыл
қағады.
Статистикалық деректер мен зерттелген материалдарда анықталған көптеген үрдістерді
фокус-топтардағы талқылауларға қатысқандар
мен
сұралған
респонденттер
растады.
Қазақстан Республикасында балаларды қорғау
жүйесінде бұрынғыша қандай олқылықтар
бар екенін анықтау үшін бес өңірде (Астана
және Алматы ққ., Қарағанды, Қызылорда және
Шығыс Қазақстан облыстарында) фокус-топтарда тоғыз талқылау және 33 егжей-тегжейлі
сұхбат жүргізілді. Қатысушылардың пікірлері
мүгедектігі бар балаларға қатысты бірнеше
негізгі бағыттар әлі де болса ел үшін өзекті болып табылады деген ұстанымға саяды.
Инклюзивті білім беру тұрғысынан респонденттер мынадай мәселелерді талқылады:
1) білім беру мекемелері жаңартылуға және
мүгедектігі бар балаларды қабылдау үшін қайта
жабдықтаруға тиіс;
8

2) инклюзивті мектептер мен сыныптарда жұмыс істеу үшін мұғалімнің көмекшісін,
логопедтерді, физиотерапевтерді және т.б. қоса
алғанда мамандандырылған қызметкерлерді
енгізу қажет;
3) «оқушы-мұғалім» арасалмағының неғұрлым
төмен болуы мүгедектігі бар балалардың білім
алуға ықпалдасуындағы табыстарға ықпал
етеді;
4) мүгедектігі бар балаларға қолайлы білім беру
қарқынын қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге
мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы жеке оқу бағдарламалары, білім беру
саласындағы жұмыс жоспарлары және жоспарлар қажет;
5) оқушылар мен олардың ата-аналары мүгедек
балаларды сыныпқа апаруға бағдар ұстауға
және дайын болуға тиіс.
Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ,
фокус-топтар мен респонденттер мынадай үш
негізгі мәселені атап көрсетті:
1) медициналық мекемелерге қолжетімділік;
2) тиісті босанғанға дейінгі скрининг пен постдиагностикалық
консультацияларды
қоса
алғанда, сапалы медициналық қызметтің болуы;
3) медициналық қызмет көрсетуге арналған
әлеуметтік қорғау шараларына қолжетімділік.
Әлеуметтік қатысу саласында көптеген респонденттер соңғы көптеген жылдар ішінде
мүгедектігі бар адамдардың өмірінде болып жатқан айқын жақсару жағдайларын
атап көрсетті. Респонденттер мүгедек емес
балалардың әдетте мүгедектігі бар балалармен ашық қарым-қатынас жасауға бейім
екенін, әлеуметтік таңба белгілі бір деңгейде
мұндай балалардың толымды өмір сүруі шектелген деп санайтын ата-аналар немесе билік
органдарының өкілдерінен шығатынын хабарлады.
Әлеуметтік қорғау респонденттер талқылаған
әлеуметтік инклюзияның тағы бір саласы болып
табылады.
Ата-аналар мен қызмет көрсететін ұйымдар
мыналарды хабарлады:
1) мүгедектігі бар балаларға қомқорлық жасау қымбат болып табылады, осыған орай
мемлекеттік жәрдемақылар қажет болып табылады;
2) жәрдемақылар пакеті көлемінің қомақты
болуына қарамастан, көптеген отбасылар бюд-

жет қаражатының тапшылығын бастан кешіріп
отыр, өйткені олардың балаларына көрсетілетін
белгілі бір қызметтер немесе материалдық
қажеттіліктер қолдағы бар жеңілдіктермен
қамтылмаған;
3) мемлекеттік органдар жәрдемақылар мен
жеңілдіктерді пайдалану тиімділігін шектейтін
әлеуметтік қорғау шараларына қалай рұқсат алу
және оларды тиімді пайдалану туралы шектеулі
ақпарат ұсынады.
Ең ақырында, респонденттер мүгедектігі бар
балалардың құқықтарын заңнамалық және
нормативтік-құқықтық база арқылы қорғау
мәселесін талқылады.
Респонденттер
анық
негіздемелер
әзірлеу саласында айтарлықтай жақсару
жағдайларының бар екенін, бірақ оны іске
асыру проблема болып қала беретінін атап
көрсетті, өйткені:
1) баланы мүгедектігі бар ретінде тану үшін
Қазақстанда қабылданған стандарттардың
халықаралық
стандарттарға
қарағанда
мейлінше
қатал
бірнеше
белгілері
болғандықтан,
мүгедектікті
анықтаудың
қолданыстағы критерийлері кейбір балалардың
әлеуметтік артықшылықтарға қолжетімділігін
алып тастауы мүмкін;
2) елдің көптеген өңірлерінде, әсіресе медицина мен білім беру салаларында мамандар мен
жабдықтар анық жетіспейтін ауылдық аудандарда ақша қаражаты мен адам ресурстары
бұрынғысынша жеткіліксіз;
3) қызметпен қамтуды кеңейтуге арналған
қаржыландыру құрылымы (мысалы, мемлекеттік
органдардың қоғамдық ұйымдарының қосалқы
мердігерлігі арқылы) жүйелі және қолжетімді
қызметті қамтамасыз ету үшін нақтыланып,
түзетілуі тиіс.
Құжаттарға, фокус-топтардағы талқылауларға
және респонденттердің сауалдамаларына талдау жүргізу барысында жинақталған ақпарат
негізінде
Қазақстан
Республикасындағы
мүгедек балаларды әлеуметтік интеграциялау
және оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
саласындағы ілгерілеушіліктер үшін бірнеше
негізгі салалар анықталуы мүмкін. Төменде
Қазақстанның мүгедектігі бар балалардың
мейлінше әлеуметтік интеграциялануына және
оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге
ықпал ете алатынына қатысты ұсынымдардың
қысқаша жиынтығы мазмұндалған.

Терминологиялық аппаратты жетілдіру
1)
Ұлттық
стандарттар
халықаралық
стандарттарға, әсіресе бала мүгедектігі бар
адам ретінде танылуы үшін балада анықталуға
тиіс бұзылыстардың ең төменгі деңгейіне
қатысты сәйкестікке келтірілуге тиіс.
2)
«Дамудағы
шектеулі
мүмкіндіктерді»
«мүгедектіктен» ажыратудың нақты стандарттары мен критерийлері бұл санаттардың неғұрлым
жүйелі түрде берілуін және патологиялары аса
ауыр емес балалардың қажетті мемлекеттік
қызметтер мен тауарлардан балаларды айырмауы үшін әзірленуге тиіс.
3) «Мүгедектігі бар бала» немесе «дамуында
мүмкіндіктері шектеулі бала» секілді сөздерді
балаға таңба ретінде басылуын немесе оның
оқшаулануын болдырмау үшін ауыстыру немесе
заң терминологиясында қолданудан аулақ болу
қажет.

Мониторинг жүргізу құралдары
Осы баяндамада білім беру, медициналық
қызмет көрсету, әлеуметтік қамтамасыз ету,
әлеуметтік жәрдемақыларға қолжетімділік,
мүгедектігі бар балаларды қоғамға араластыру, олардың тең мүмкіндіктерін және
қатысуын қамтамасыз ету секілді салаларға
қатысты мерзімді түрде бақылау қажет болатын
көрсеткіштер тізбесінен тұратын техникалық
қосымша беріледі.

Қарым-қатынасты өзгерту
Мүгедектігі
бар
адамдардың
көріну
мүмкіншіліктерін арттыратын ақпараттықағарту және насихат науқандары жүргізілуі
мүмкін. Мұндай науқандар мүгедектігі бар
адамдардың мүгедек емес адамдар секілді
мүдделерінің, мүмкіндіктері мен шектеулерінің
ұқсас екендіктерін көрсете алар еді.

Мүмкіндіктерді ынталандыру
Жұмыс
істеп
жүрген
дәрігерлердің,
педагогтердің және басқа әлеуметтік қолдау
жүйесінің қатысушыларының мүгедектігі бар
балалар мен олардың отбасыларына өнімді
болашағын жоспарлауға көмектесуге дайын
екендіктеріне кепілдік беру үшін тренингтер
өткізу қажет.

Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту

9

Балалар мен олардың отбасыларына
қолдау көрсету
1) Ата-аналар мен олардың отбасыларының
басқа мүшелерінің балалар үшін осы немесе басқа мүгедектіктен туындайтын ерекше
қажеттіліктер, проблемалар және мүмкіндіктер
туралы түсініктері болуға тиіс. Бұл – бала
дамуының бірегей траекториясын түсінуге және
бұл траекторияның баланың толымды өмір
сүру мүмкіндіктері үшін қосатын салдарларын
түсінуге алып келеді.
2) Отбасылардың нығаюы білім желілерін құру
арқылы бір-бірімен білім және тәжірибе алмасу есебінен жүзеге асуы мүмкін; клиникалар,
оқу орталықтары немесе оқу орындары осы
формальды емес желілер үшін орталық ретінде
әлеуетті іс-қимыл жасауы мүмкін.
3) Денсаулықтағы мүгедектікке алып келуі
мүмкін бұзылыстарға диагностика жасағаннан
кейін отбасылардың баланың мүгедектігін
ресімдеу және оған әлеуметтік жәрдемақы
алу үшін олар сақтауға тиіс болатын қадамдар
сипатталатын оқулықтар немесе нұсқаулық
ұсынылуы мүмкін.

Қоғамдастық негізінде оңалту және
қолдау көрсету
1) Қоғамдық ұйымдар мен қызмет көрсететін
өнім берушілер желісі «дөңгелек үстелдер» мен
басқа жария форумдар өткізу арқылы стратегиялар және білім алмасу үшін қалыптастырылуы
мүмкін.
2) Әлеуметтік қызметкер немесе басқа
қоғамдық агент әрбір мүгедектігі бар балаға
бекітілуі мүмкін; мұндай маман ата-аналарға
өз балаларының медициналық, әлеуметтік
және білім алу мұқтаждықтары туралы шешім
қабылдауларына көмектесе отырып, негізгі
білім мен үйлестіру орталығы ретінде қызмет
көрсете алады.

Инклюзивті денсаулық сақтау

10

3) Ата-аналар мүгедектікті анықтағаннан кейін
оңалту орталықтарына немесе емдеуге байланыссыз балаларына қажетті когнитивті,
моторлық және бұлшық ет дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету үшін олармен бірге орындауы қажет іс-шаралар туралы хабардар болуға
тиіс.
4) Мектепке дейінгі балалар мекемелері,
үйде күтім жасау немесе ұтқыр медициналық
қызметтер секілді медициналық қызмет
көрсету форматтары ата-аналарды өз балаларына медициналық ем іздеуге (үздіксіз) итермелеу үшін кеңейтілуі мүмкін.

Инклюзивті білім беру
1) Білім беру мекемелері олардың қолжетімділігін
қамтамасыз ету үшін жаңғыртылуға тиіс, ол, мысалы, нашар көретіндер үшін тұтқалар немесе
жаяу жол орнатуды, тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балалар үшін пандустар мен аласа
табалдырықтар және т.б. жасауды көздейді.
2) Арнайы білім беру және дағдыларға үйрету
мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін
мұғалімдер үшін жүргізілуге тиіс, өйткені
көптеген мұғалімдер инклюзивті сыныптарды
басқаруға дайын емес.
3) Инклюзивті сыныптары бар мектептерге бір мұғалімге оқушылар санының
арасалмағын жақсарту үшін де, сондай-ақ
логопедтер, мұғалімдердің көмекшілері, консультанттар және т.б. секілді мамандарға
қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушылар мен
мұғалімдерге көмектесу үшін де қызметкерлер
(мамандандырылған) көбірек қажет.
4)
Жеке
оқу
жоспарлары
оқу
бағдарламаларының
мүгедектігі
бар
балалардың мұқтаждықтарына жауап беруіне
кепілдік беруі үшін мүгедектігі бар балаларға
арнап әзірленуге тиіс, мұнда сыныптағы оқу
қарқыны мүгедектігі бар балалар үшін де,
сондай-ақ оларсыз да сәйкес келуіне ықпал ету
қажет.

1) Ана денсаулығын қорғау және саламатты өмір салтын насихаттау мүгедектіктің
даму қаупін мейлінше азайтуға көмектеседі,
сөйтіп, бұл бағытта мемлекеттік білім беру
бағдарламалары ұсынылуы мүмкін.

5) Мүгедектігі бар балаларға кәсіптік және
мансаптық бағдарлар ұсынылуға тиіс. Мұнда,
мүмкіндігінше, оларға болашақта нақты
өндіргіш мақсаттарға қол жеткізуге көмектесе
алатын жеке кәсіптік оқу бағдарламалары
ұсынылуға тиіс.

2) Медициналық қызметкерлерге мүгедектікті
жатырішілік даму кезеңінде немесе бүлдіршін
жаста анықтау бойынша қосымша оқудан өту
талап етілуі мүмкін.

6) Инклюзивті білім беруді ендіретін мектептер
мұндай қайта құруларға әкелетін өзгерістерге
қызметкерлерді, оқушылар мен олардың атааналарын дайындау қажет.

«Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балаларға арналған
мамандандырылған балабақшада, Астана қ.

1.1. Баяндаманың негізгі
міндеттері

I. КІРІСПЕ ЖӘНЕ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗ

Бұл баяндаманың негізгі мақсаты - инклюзивті
қоғамды дамытуға жәрдемдесу мақсатында
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі
бар балалардың жағдайына талдау жасау.
Баяндама мүгедектігі бар балаларды интеграциялауды және олардың тең құқылылығын
тұтастай түсінуге негізделген және сонымен қатар оларға ұсынылатын қолданыстағы
әлеуметтік саясат, заңнамалар, жүйелер
мен ресурстар аясында әрі қарай жетілдіруді
қажет ететін салаларды анықтауға тырысады.
Талдау мүгедектігі бар балалармен жүргізілген
озық тәжірибе мен мысалдарға негізделген,
онда Қазақстан Республикасы үшін саясат
мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуге талпыныс жасалады. Мүгедектігі бар балалар үшін
әлеуметтік интеграциялану және мүмкіндіктер
теңдігін жүзеге асыруға, оларды бағалауға
көмектесетін нақты тетіктер мен көрсеткіштер
баяндаманың нәтижелері негізінде әзірленді.
11

Бұл баяндамада фокус-топтарда жүргізілген
терең
сұхбаттар
мен
талқылауларды
талмамалық
шолумен
біріктіру
арқылы
мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік инклюзия мен мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз
ету жолындағы кедергілер мен жетістіктерді
зерттеудегі аралас әдістер ұстанымы пайдаланылады. Фокус-топтардағы терең сұхбаттар мен
талқылаулар бес өңірде – Астана қ., Алматы қ.,
Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан
облыстарында жүргізілді. Балалар, ата-аналар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер
және басқа негізгі мүдделі тараптар әлеуметтік
араласу (инклюзия) мен мүмкіндіктер теңдігі
білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қатысу, әлеуметтік қорғау және құқықтарды
қорғау секілді түрлі салаларда қалай ілгері
жылжи алатыны туралы пікір әралуандығын
қамтамасыз ете отырып, деректер жинау
үдерісіне қатыстырылды. Әдістерді үйлестіру
ұстанымы мүгедектігі бар балаларға қатысты
ресми үрдістер мен түрлі қатысушылардың
қабылдауы бойынша көрсеткіштерді олардың
қазақстандық қоғамда қалай жұмыс істейтіні
салыстыру үшін таңдап алынды. Талдаудың екі
бөлігінің де қорытындысы бірін-бірі толықтыруы
немесе бір-біріне қайшы келуі мүмкін, солай
болғанмен олардың әрқайсысы мүгедектігі бар
балаларға тең құқылы қарым-қатынас жасау
үшін қазіргі жетістіктеріміз бен болашақтағы
қауіп-қатерлерімізге
қатысты
бірегей
көзқарастарды білдіреді. Кабинеттік талдау
формальды және ұйымдастыру мәнмәтінінің
алуан түрлі аспектілері, мысалы, заңнамалық
орта және қызметтерді кеңістіктік бөлу туралы хабардар етеді. Сапалық талдау, керісінше,
институционалдық құрылымдар аясындағы
адамдардың қабылдауы мен тәжірибесі туралы деректерді анықтайды. Талдаудың осы екі
түрінің арасындағы айырмашылықтар шешуге және жоюға болатын мықты олқылықтарды
анықтауда барынша пайдалы болып табылады.
Бірінші тараудың қалған бөлігі мүгедектіктің
тұжырымдамалық
негізін
және
біздің
қоғамымыздың
мүгедектік
концептімен
жұмыс жасаған жылдар ішінде қабылдаған
ұстанымдарын береді. Одан әрі тарау Қазақстан
Республикасындағы
балалар
мүгедектігін
анықтауды зерттеумен, сондай-ақ елдегі
мүгедектігі бар балалар тап болатын жағдайлар
мен проблемаларды қөз алдыңа әкелумен
жалғасады.
2-тарау
Қазақстан
Республикасындағы
балалар мүгедектігін статистикалық деректер тұрғысынан, сондай-ақ Қазақстан
12

Республикасындағы мүгедектігі бар балалар
кезігетін негізгі проблемалар мен кедергілерді
анықтау тұрғысынан жағдаяттық талдауға
арналған. Жағдаяттық талдау заңнамалық база,
институционалдық негіз, бағдарламалар мен
жәрдемақыларды қаржыландыру, сондай-ақ
әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі тұрғысынан
жүргізіледі.
3-тарауда мүгедектігі бар балалардың қоғамға
ойдағыдай
интеграциялануы
барысында
кездесетін кедергілері мен жетістіктеріне
жасалған сапалық талдаудың нәтижелері
берілген. Талдау негізгі назар кезінде білім
беруге, денсаулық сақтау, әлеуметтік қатысу
қызметтеріне, кемсітпеушілікке, отбасындағы
қамқорлық пен күтімге, жеткілікті өмір сүру
деңгейі мен әлеуметтік қорғауға, сондайақ заңнамалық және нормативтік ортаның
қызметтеріне
аударылады.
Қорытынды
мүгедектігі бар балалардың құқықтарын іске
асыру саясатын әрі қарай дамыту бойынша
негізгі түйіндер мен ұсынымдарды қысқаша баяндай отырып, 4-тараудың ішінде беріледі.

1.2. Мүгедектік мәселесі
бойынша халықаралық
тұжырымдамалық негіз
Мүгедектік қоғамда уақыттың өтуімен байланысты өзгерген ұғым болып табылады. Бұл
өзгеріс қоғамның мүгедектікті анықтауға
жәрдемдесетін тәсілдеріне, соған сәйкес,
мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларын қоғамға ықпалдастырудағы оның
рөліне ықпал етті. Соңғы онжылдықтар ішінде
мүгедектіктің
«медициналық»
моделінен
«әлеуметтік» моделіне көшу (1-кірістірмені
қараңыз)
мүгедектік
үшін
әлеуметтік
жауапкершілікті индивидтен тұтас қоғамға
беру тәсіліне айтарлықтай дәрежеде ықпал
етті. Мүгедектіктің «медициналық» моделі
(екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әсіресе кең
таралған) физикалық немесе психологиялық
мүгедектікті медицина немесе психология саласына жатады деп санайды. Балалардың
немесе ересектердің мүгедектігі аурумен
немесе басқа патологиялармен байланысты физиологиялық немесе психологиялық
бұзылыстардың салдары ретінде қарастырылды
және дұрысында, «емдеуді» қажет ететін
«жағдай» деп есептеліп келді. Шын мәнінде,
осы модель үшін қолданылатын «медициналық»
термин
Дүниежүзілік
денсаулық
сақтау

ұйымының (ДДСҰ) мүгедектікті анықтаудағы
«кемістік», «патология» және «мүгедектік»
секілді терминдері қолдану жөніндегі дауынан
туындайды (Левеллин және Хоган, 2000 ж.).
Қоғам неғұрлым «тіркелген» болып табылатын
болса, медициналық модель адамды икемді әрі
«өзгеретін» (сәйкесінше, қауқарсыз жә
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.12.2023
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі