Материалдар / Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау Әдістемелік құрал
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау Әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңдатпа: Бұл әдістемелік құрал- ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
3371
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық , мейірбандылық , әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі», - дейді ұлы Абай өзінің он төртінші қарасөзінде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның , отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алуда тең құқылы.[1]

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді.

Әдістемелік құралдың мақсаты :

Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтарға көмек көрсету

Әдістемелік құралдың міндеті:

- Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың деңгейлерін анықтау;

- мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы түсінік беру;

- қалыптастырушы бағалау және кері байланыстың түрлерін ұсыну.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың деңгейлерін анықтайды;

  • оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады.

  • мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы түсінік алады.

  • -қалыптастырушы бағалау және кері байланыстың түрлерін тәжірибеде қолданады.

  • -бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады.




Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері

Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушы:

өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;

алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;

тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты анықтай алады;

шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып, ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;

оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады.

Критерийлер оқу тапсырмасының қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір тапсырма бағаланып отырады. Нәтиже әрбір тапсырманың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына қойылған бағалаудан тұратын жиынтық балдық көрсеткішпен өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесі кері байланыс функциясын атқарады. Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін берілген ұсынымдар деп қабылдайды. Критериалды бағалау жүйесінде әр балдық көрсеткіш жетістік деңгейін көрсетеді. Маңыздысы, бағалау шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші болып табылады. Оқушының білімін критериалды бағалауға арналған дескрипторлар тексерілетін әр тапсырмаға құрастырылады. Қазіргі уақытта білім алушының оқу жетістіктерін бағалауда жалпы қолданысқа енген бірыңғай критерийлер жоқ. Себебі, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері қандай да бір педагогикалық мақсаттар Блум таксономиясының негізінде жасалады.

Жалпы орта білімді жетілдіру оқытуды қайта бағдарлауға, оқушының жеке басын дамытуға, оны өздігінен жаңа білімді меңгеруге үйретуге бағытталған. Заманауи жас адам тым ұтқыр, хабардар, шығармашылықпен және сыни тұрғыда ойлайтын, демек өздігінен дамуға және өз бетімен оқуға тым ынталы тұлға болуға мәжбүр. Заманауи қоғам жаһандану жағдайында дами отырып көп дағдарыстарды өткеруде.  Бұл мемлекеттерде жаңа әлеуметтік моделдер іздеуге, адам ресурсына қатты назар салуға алып келеді. Барлық әлемдегі заманауи білім беру жүйесі алдында, уақыт талабына лайықты төтеп беруі үшін XXI ғасыр адамы қандай болуы керек деген маңызды сұрақ тұр.

Бір жағынан заманауи адам – ол, еңбек нарығында табысты бәсекелесе алатын жоғары білікті кәсіпқой, екінші жағынан – ол, әлемнің әртүрлілігіне бейімделуге икемді, басқалармен араласа алатын, сабырлы, іскер, еңбекқор, өз бетімен ойлайтын және бірге күйзеле алатын адам. Дәстүрлі білім беру жүйесі осы сияқты міндеттерді орындай алмағандықтан жаңа өркениетті сын-қатерлерге жауап беретін едәуір түрлендірулерге мұқтаж. Осы сияқты өзгерістер алдымен, көпшілігі арнаулы білім беру жағдайы жасалуын қажет ететін, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру саласында болуы керек. Білім беру мекемесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру моделін құру, барлық оқушыларға соның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға да білім беру мекемесі ұжымының өміріне толық көлемде араласуына көмектеседі.[5]

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс. Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Құзыреттілік оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық, іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі.

Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:

-бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері деңгейін анықтайды;

-оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

-диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;

-ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтарға көмектесу.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің

мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:

-инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

-ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;

-мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;

-мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;

-инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.

-инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру); инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың міндеттері мен функциялары, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.[6]

Оқушылардың қажеттіліктері мен қолдауын бағалау

Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүзеге асырады. Мұғалім бірінші болып қалыптастырушы бағалау барысында оқытудың қиындықтарын анықтайды. Оның міндеті-қиындықтар сипатын, олардың пайда болу себептерін өз бетінше анықтау, оқушының қалыптасатын білімдеріндегі олқылықтарды анықтау. Алынған ақпараттан негізінде мұғалім сыныпта оқушыны сабақта қолдауды ұйымдастыруы керек(жеке көзқарас). Мұғалім тарапынан оқушыны қолдау тәсілі келесі іс-шаралар болуы мүмкін:

1) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану әдісі ;

2) сабақта жеке оқу материалдарын: көрнекілік құралдарын,
жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларын пайдалану, оқу үшін, жазу үшін мәтінді қысқарту, тапсырмаларды орындау қысқа, баяу, қайталау, мұғалімнің ауызша нұсқауы (жазбаша нұсқаудың орнына);

3) жұмысты орындау үшін қосымша уақыт беру; тапсырмаларды тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру; планшетті, ноутбукты пайдалана отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі;

4) бақылау материалдарын өзгерту:

5) тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бөліктерге бөлу; бақылау тапсырмаларының санын азайту; барлық сынып үшін бақылау тапсырмаларынан ерекшеленетін жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес);

6) бақылау тапсырмасын орындауды жеңілдететін иллюстрациялық және басқа да тірек материалдарын (кестелерді, схемаларды, үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т. б.

7) сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді оқушының жанында, соңғы партада, біреуі партада, оқу тапсырмаларының бір бөлігін көмек бере отырып орындау мүмкіндігі бар және т. б.) Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады.

Оқушының мамандардың көмегіне қажеттілігін бағалауды жүргізу үшін оқушының ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет. Әрбір маман қажетті әдістер мен әдістемелерді қолдана отырып, оқушыларды оқытудың
қиындықтарын тудыратын себептерді анықтау мақсатында психологиялық,
логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді. Зерттеу барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ оқудағы табысты болу үшін оқушының қолда бар ресурстарын да анықтайды.

Тексеру нәтижелері бойынша мамандар:
-оқушының оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігі;
-қандай мамандардың көмегі оқушыға оқу қиындықтарын жеңуге
мүмкіндік береді (психолог, логопед, әлеуметтік педагог);
-оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері неғұрлым тиімді болып
табылады;
-оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.

Оқушының қажеттілігін бағалау психологиялық медициналық педагогикалық консультация мамандарымен анықталады. ПМПК қажеттілігін бағалау нәтижесі бойынша оқушыға дефектолог-мұғалімнің, мұғалім ассистентінің көмегі ұсынылуы мүмкін, білім алу нұсқалары ұсынылуы мүмкін. Педагог балалардың білім беру қажеттіліктерін зерттеген және түсінген кезде оқытуды саралау, оқу бағдарламасының шеңберін кеңейту мүмкіндігі пайда болады, тіпті үлгермеген оқушының беделі де көтеріледі. Сабақ түрлері мен оқыту әдістері әр түрлі болуы мүмкін және бұл нақты сабақтың мақсатына, тақырыптың ерекшелігіне байланысты, бірақ ең бастысы білім алушыларда қандай білім алу қажеттілігі бар.[8]




Мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі

ПМПК оқушыға жеке бағдарлама бойынша немесе жеке тәсілдермен
жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынған жағдайда, ал
мектепті психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі бақылау
нәтижесінде бағдарламаны өзгерту қажеттілігін растайды, ал ұсыныстарға
сүйене отырып, жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқушылардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылар үшін әзірленген жеке оқу бағдарламалары мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді жоспарлау үшін әрбір сабақты талдай отырып, рефлексия қызметін үнемі жүргізуі қажет.
Мұғалім өзінің жобалық іс-әрекеттерін рефлексивті бағалауды оқушылардың нақты жеке ерекшеліктеріне, олардың даму мүмкіндіктеріне сәйкес жасайды. Бұл оған күрделі, қызықты емес, мұғалімнің ең маңызды кәсіби біліктерінің бірі болып табылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне қатысушылардың барлығына алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы бағалаудағы балл беру критерийлерімен) салыстыру арқылы, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.[3]

Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: − қалыптастырушы бағалауды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды; − тоқсандық жиынтық бағалауды жүзеге асырады. Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс [2]. Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді. Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін жетілдіріп, оның келесі мүмкіндіктерін беретіндей көп атқарымды және қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет: − оқушының оқу материалдарын қаншалықты табысты меңгергенін МЖМБС талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтауға мүмкіндік беруі; − танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын қадағалап отыруға мүмкіндік беруі; − критериалды бағалау жүйесінің талаптарына түзетулер енгізу үшін жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру; − оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін түзетулерді болжау. Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.[9] Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет: −меңгеру деңгейін саралау;

- критериалды бағалау;

бағалаудың объективтілігі;

бағалауды дараландыру;

бағалауды жариялау. Инклюзивті сыныптарда оқыту адамгершілік тұрғыда, тұлғаға бағытталған негізде, дамытушы, дифференциалды және жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған бағалау принциптерін ескере отырып, мектептің құзыретті білім беруге жағдайында қалыптастырылған оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі мектеп практикасындағы жаңа білім парадигмаларының талаптары мен бағалау құралдарының арасындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Атап айтқанда: − оқу материалдарын игеруіне қарай деңгейлеп дифференциялау арқылы қалыптастырылған бағалау шкаласының критериалды бағалау платформасы білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді; − бағалаудағы жариялылық көптеген психологиялық тұрғыдағы мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың ата-аналарының арасындағы қанағаттанғысыз бағаға қатысты қақтығыстар, білім алушылар мен олардың мұғалімдерінің арасындағы балаға қойылған бағаға келіспеушілік тұрғысындағы даулар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қостарапты түсініспеушіліктер.

Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау, кейбір бұзылыс түрлеріне байланысты шектеулерді ескермегенде (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары, әлеуметтік-эмоционалдық бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы бағаланады. Түзете дамыту пәндері бойынша бағалау критерийлері кез келген тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған дағдыларымен тығыз байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады және жұмыс барысында оқу әрекеттерін жүзеге асыра отырып, білім деңгейін шыңдауына көмектеседі. Осылайша белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын жедел бақылап отыру жүзеге асырылады. Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерийлері жаңа сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа жасалады.

Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру барысында келесі ерекшеліктер:

оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету (пәндік бағалау, пәнаралық және білім деңгейлеріне өту аралығыдағы тұлғалық қалыптасуы) ;

бағалау критерийлерін әзірлеуге біртұтас көзқарас, яғни жалпы білім беру жүйесі мен түзете дамыту жұмыстарының үйлесімділігін сақтау;

бақылау және бағалау әрекетіне білім алушыларды белсенді қатыстыру;

оқу мазмұнын игеру процесінде тәжірибелік және танымдық тапсырмаларды орындауда танытқан қабілеттерін жүйелі бағалау;

білім алуда арнайы қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасын бағалау;

білім сапасының артуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі және сыртқы бағалау тетіктерін үйлестіру;

білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау мен аттестаттауда дербестікті сақтау және білім жүйесінің даму тендециялары мен білім деңгейін сараптауда, басқа да аттестаттау мақсаттарында тәуелсіз бағалауды ұстану;

жоспарланған жұмыстардың нәтижесін қалыптастыруға және деректерді ұсыну барысына қажетті деңгейде көңіл бөлу;

оқушылардың жеке оқу жетістіктерінің динамикасын сипаттайтын жинақтаушы бағалау жүйесін (портфолио) қолдану;

стандартты жазбаша немесе ауызша бағалау әдістерімен қатар, практикалық жұмыс, жобалау, шығармашылық жұмыс, өзін-өзі бағалау, бақылау және тағы басқа тәсілдерді қолдану ескерілуі тиіс [5]

Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

  1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).

  2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.

  3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

  4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.

  1. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.

Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.

Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.

Критериймен бағалауда:

оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;

оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;

мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.

Критерийлер арқылы бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бір қатарын қарастырады:

  1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.

  2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстары

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!