
Инклюзивті білім беруде дефектолог маманның рөлі
Дефектолог-бұл әлемде ең қажетті, сұранысқа ие мамандықтың бірі болып табылады. Себебі түрлі факторлардың әсерінен дамуында психикалық және физикалық ауытқушылығы бар балалар саны күннен-күнге артуда. Мұндай ауытқулардың негізгі себептеріне: жүкті әйелдің денсаулығына салғырт қарауы, түрлі жұқпалы аурулармен ауыруы,генетикалық факторлар және туғаннан кейінгі баланың жұқпалы ауруларға шалдығуы және т.б. жатады. Міне, осылардың бәрі баланың кейінгі өміріне кері әсерін тигізеді. Әрине, бұл қуанатын жағдай емес, керісінше өте өкінішті. Дегенмен,бұл педагогика ғылымының бір саласы елімізде қарқынды дамып келе жатыр.Кез-келген балабақшаларға, мектептерге, мектепке дейінгі даму орталықтарына, арнайы мекемерлерге,оңалту орталықтарына дефектолог маманына қажеттілік артуда.
Дефектолог –дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы маман.Бұл мамандықтың қыр-сыры өте көп. Жаңадан дамып келе жатқан жас ғылымдардың қатарында. Әр мамандықтың бір қиындығы болады. Мәселен, мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор. Бұл менің мамандығым , менің сүйікті жұмысым. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс таңдау жасағаныма күн санап көзім жетуде.Жалпы, дефектолог-жан дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді ,өзіне сенімді тұлға. ХХ ғасырдың неміс педагог –дефектологы П.Шуман атап өткендей : «Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы неғұрлым төмен болса,ұстаздың білімдігі мен біліктігі соғұрлым жоғары болуы қажет». Сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік,дағды қалыптастыру қажет.
Баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарамай, сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесі – инклюзивті білім беру болып табылады.Оның басты мақсаттарының бірі–даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның құқығын кемсітпеу, барлығына теңдік қатынасты қамтамасыз ету арқылы арнайы жағдай қалыптастыру болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігішектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі.Әрбір баланың мектеп талаптарына сәйкес болуы немесе сәйкес болмауына қарамастан, оқуышыны сыйлау және жеке даралығын қабылдауды қамтамасыз ететін иклюзивті білім берудің Қазақстанда таралуы педагогтерге жаңа талаптарды туындататыны заңды.
Инклюзивті білім беруде дефектолог маманының алатын орны зор.Атқаратын жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға шығармашылық қуанышын және өз қабілеттеріне деген сенімділікті табуға көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті сабақ беретін дефектолог алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайды.Баланың ойлауын, қиялын, зейінің тұрақтылығын, есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында түрлі тесттер мен әдістерді қолданады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырады..
Қорыта келсек,біз,балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы- ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек.Бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру- білім беру ұйымдарының және сол ұйым қызметкерлерінің міндеті болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2.Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология . Павлодар ,-2011
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология ,2000ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Инклюзивті білім беруде дефектолог маманының рөлі

Инклюзивті білім беруде дефектолог маманның рөлі
Дефектолог-бұл әлемде ең қажетті, сұранысқа ие мамандықтың бірі болып табылады. Себебі түрлі факторлардың әсерінен дамуында психикалық және физикалық ауытқушылығы бар балалар саны күннен-күнге артуда. Мұндай ауытқулардың негізгі себептеріне: жүкті әйелдің денсаулығына салғырт қарауы, түрлі жұқпалы аурулармен ауыруы,генетикалық факторлар және туғаннан кейінгі баланың жұқпалы ауруларға шалдығуы және т.б. жатады. Міне, осылардың бәрі баланың кейінгі өміріне кері әсерін тигізеді. Әрине, бұл қуанатын жағдай емес, керісінше өте өкінішті. Дегенмен,бұл педагогика ғылымының бір саласы елімізде қарқынды дамып келе жатыр.Кез-келген балабақшаларға, мектептерге, мектепке дейінгі даму орталықтарына, арнайы мекемерлерге,оңалту орталықтарына дефектолог маманына қажеттілік артуда.
Дефектолог –дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы маман.Бұл мамандықтың қыр-сыры өте көп. Жаңадан дамып келе жатқан жас ғылымдардың қатарында. Әр мамандықтың бір қиындығы болады. Мәселен, мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор. Бұл менің мамандығым , менің сүйікті жұмысым. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс таңдау жасағаныма күн санап көзім жетуде.Жалпы, дефектолог-жан дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді ,өзіне сенімді тұлға. ХХ ғасырдың неміс педагог –дефектологы П.Шуман атап өткендей : «Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы неғұрлым төмен болса,ұстаздың білімдігі мен біліктігі соғұрлым жоғары болуы қажет». Сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік,дағды қалыптастыру қажет.
Баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарамай, сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесі – инклюзивті білім беру болып табылады.Оның басты мақсаттарының бірі–даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның құқығын кемсітпеу, барлығына теңдік қатынасты қамтамасыз ету арқылы арнайы жағдай қалыптастыру болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігішектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі.Әрбір баланың мектеп талаптарына сәйкес болуы немесе сәйкес болмауына қарамастан, оқуышыны сыйлау және жеке даралығын қабылдауды қамтамасыз ететін иклюзивті білім берудің Қазақстанда таралуы педагогтерге жаңа талаптарды туындататыны заңды.
Инклюзивті білім беруде дефектолог маманының алатын орны зор.Атқаратын жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға шығармашылық қуанышын және өз қабілеттеріне деген сенімділікті табуға көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті сабақ беретін дефектолог алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайды.Баланың ойлауын, қиялын, зейінің тұрақтылығын, есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында түрлі тесттер мен әдістерді қолданады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырады..
Қорыта келсек,біз,балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы- ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек.Бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру- білім беру ұйымдарының және сол ұйым қызметкерлерінің міндеті болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2.Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология . Павлодар ,-2011
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология ,2000ж.
шағым қалдыра аласыз













