Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалаларға әлеуметтік қолдаудың маңызы
Сәт Зубайра Қабылқызы
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№ 13 мектеп гимназиясы логопед маманы
Қазіргі жас ұрпақ біздің келешегіміз болып табылады. Аталмыш жас ұрпаққа қалыпты дамыған балалар және даму мүмкіндігі шектеулі балалар да кіреді. Сондықтан қоғам болып бұндай ерекше балаларды бөле жармай бәріне бір көзқараспен қарап, олардың болашағының жарқын болуына ат салысуымыз керек. Бір мезгіл өзімізді осындай ерекше балалардың орнына елестете отырып, олардың қандай қиын сәттерден өтіп жатқанын сезіне отырып, алдағы уақытта ерекше балаларды әркез қолдауымыз қажет деп есептеймін. Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отырған инклюзивті білім беру үрдісі еліміздің көптеген мектептерінде іске асырылып отырғанымен де біршама әлеуметтік ортада өз деңгейінде әлі де қолдау таппай жатыр. Әлеуметтік қолдау деп отырғанымыз осы үрдіске қатысушылар есебіндегі ата-аналар мен тіпті бұрынғы қөзқараста қалған кейбір мұғалімдер арасында мынадай сұрақтар орын алуда: басқа балаларға кедергі жасамайды ма, неге ол балалар өз ерекшелігене қарай арнайы мектептерде оқымайды т.б. Ерекше балаларымызға инклюзивті білім беру ең алдымен тезірек әлеуметтенуге ықпал ететінін естен шығармауымыз керек және инклюзивтік білім ерекше балға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Біз үшін «инклюзивті білім беру» түсінігі инклюзивті білім беру тұжырымдамасына күдіктену сезімі болғандықтан жаңа болып көрінетіні сөзсіз. Қазіргі уақытта баласының тез әлеуметтенуіне бірден бір көпір ретінде көмектесетін осы инклюзивті білім беруде деп ойын өзгертіп жатқан ата- аналар қатары көбеюде. Олар ерекше балаларын қарапайым мектепке бергілері келмейді, өйткені олар балаларын шеттетіп, оқытушылар және оқушылармен келіспеушілікке келіп қалады деген ойда болады. Ал, қарапайым балалардың ата-аналары ерекше балалар оқу процесі кезінде мұғалім мен оқушыларға кедергі келтіреді, соның салдарынан барлық сынып оқушыларының білім деңгейі төмендейді деген ойдан аулақ болулары керек. Себебі бұл процеске қатысушы барлық тараптар әсіресе ерекше балаларға қолдау көрсетуші қарапайым балалар біліммен қатар адамгершілікке тәрбиеленетіндерін ата-аналары түсінулері керек деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру жүйесінің өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады, яғни инклюзивті білім беру жүйесін дамыта отырып, біз инклюзивтік қоғам , яғни барлығы үшін қоғам әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Міне инклюзивтік білім берудің кілті осында.
Инклюзивті білім беру 8 принципке негізделеді:
- Адамның бағалығы оның мүмкіндіктері мен жетістіктеріне байланысты емес;
- Әрбір адамның ойлануға және сезінуге икемі бар;
- Әрбір адам жанасуға және тыңдалуға құқылы;
- Барлық адам бір-бірін қажет етеді;
- Дұрыс білім нағыз қарым-қатынас контекстінде орындалады;
- Барлық адам замандастарының достығы мен қолдауын қажет етеді;
- Барлық оқушылар үшін алға басу жетістігі олардың бірдеңе жасай алуы;
- Әртүрлілік адам өмірінің маңызын күшейтеді.
Инклюзия – өте күрделі, бірақ олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім бағдарламасының көмегімен әрбір оқушыны жан-жақты ашу.
Инклюзия – даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өздеріне сенімділігін арттырумүмкіндігі, оларға басқа балалармен достарымен, көршілерімен бірге мектепке бару қажеттігін дәлелдеу.
Инклюзия осындай талпыныстарды өмірге айналдыруда даму ерекшеліктері бар балаларға ғана емес, ол барша балалардан ерекшеленетіндерге де көмектеседі.
Инклюзивті білім беру пайдасы белгіленетін фактілер.
Аталған бағытта білім беруде:
- сабақ үстінде берілген тапсырманы түсіндіртуге;
- оқушылардың селқостығына;
- сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық танытуға;
- жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен жұмыс жасау;
- бір мезгілде жаңа материалдарды үлкен мөлшерде түсіндіруге;
- оқушыларды қабілеттеріне байланысты топқа бөлуге;
- ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға;
- стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет.
Оқу процесіндегі қажеттіліктер:
-
оқытудың белсенділік танытатын эксперименттік әдісін қолдану;
-
оқытудың пікірталас, әңгімелеу сияқты белсенді әдістерін қолдану;
-
жаңа материалдарды кезеңдік игеру тәсілін қолдану;
-
көркем әдебиет оқуға көп уақыт бөлу;
-
оқушылардың тапсырмаларды орындауда жауапты екенін түсіндіру;
-
оқушыларға таңдау еркіндігін беру;
-
мектепте демократиялық қатынас принципін енгізу;
-
әрбір оқушының сезімталдық талаптары мен мінез-құлық мәнерінің өзгеруіне көп көңіл бөлу;
-
сыныптың топтасуына әсер ететін біріктіруші қызмет түрлерін пайдалану;
-
жалпы білім беретін мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға мамандандырылған көмек көрсету;
-
оқытушыларды, ата-аналарды, мектеп әкімшілігін және мүдделі ұйымдар мен қоғамды қызметтестікке тарту.
Инклюзивті білім білім берудегі ең маңызды қағидалардың бірі – ол оқытуды адамның ерекшеліктеріне қарамастан орындалуы керек жалпыға бірдей құқық деп санайды. Осылайша осы тұрғыдан басқарылатын жүйелер барлық адамдарға білім беруге кепілдік беруге тырысады.
Екінші жағынан инклюзивті білім беру – бұл шынайы әділ жүйе, бұл әр оқушының ерекшеліктерін ескеретін және олардың барлығына оқудың минималды деңгейіне жету үшін қажетті көмек көрсетуге тырысатын жүйе деп саналады. Осылайша, бұл - теңдікке қол жеткізуге бағытталған икемді білім беру моделі.
Инклюзивті оқыту – дамуында шектеулігі бар балаларға мектепке дейінгі ортада, мектепте, мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай балалар арасындағы кедергілерді жоюға, ата- аналарын белсенділікке шақыруға, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік шара болып табылады.
Әдебиеттер:
-
Архипова Е.Ф. Логопедическая работа с детьми раннего возраста. АСТ. Астрель, 2007
-
Шеримова А.С. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды ілеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы. 2015
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз