«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР»
Махатова Айгерим
Муратовна
«Астана» халықаралық
университетінің педагогикалық колледжі
Баяндаманың
жоспары:
-
Кіріспе
бөлім. Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның
классификациясы.
-
Негізгі
бөлім. Ақыл-ойы
кемістік классификациясына қарай оқыту. Үйде
оқитын бала церебральды сал
ауруы (ДЦП)диагнозының ерекшелігіне қарай
ерекше оқыту, әдіс-тәсілдер.
-
Қорытынды
бөлім.
І. Негізгі
бөлім. Ақыл-ойы кемістік ұғымы және оның
классификациясы.
Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен
болса,
соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу
керек.
Неміс педогог-дефектолог
Шуман.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім
беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы
бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Оқушының
эмоционалдық және психикалық таным процестері төмен деңгейде дамып
жатыр.
Психологияның негізін қалаушы
ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ
«Сау бала
мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және
дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей.
Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму
кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және
спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр
баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың
көлемі оның деңгейіне лайықтап
беріледі.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек
белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен
тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық,шығармашылық
қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Баланың диагнозы - церебральды сал
ауруы (ДЦП) дейік.
Үйде оқитын балаға (ақыл-ой
кемістігі төмен деңгейімен) арнайы оқу жүктемесімен мұғалімдер
сабақ беріледі.
Ондай оқушымен математика,
айналадағы әлем, қазақ тілі, орыс тілі сабақтары мектепалдыдаярлық
сыныбының оқушыларына сабақ бергендей өткізу қажет. Себебі оқушы
бүгін берген білімді ертеңіне ұмытып қалуы мүмкін. Ақыл-ой тежелуі
өте баяу болғандықтан және тіл кемістігі мен көру қабілеті орташа
болғандықтан көп мамандар жұмыс істеуіне тура
келеді.
Қазіргі кезде балаларда
жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатологиялық синдромдармен
күрделінген болады: гипердинамикалық, психологиялық тәрізді,
эпилептикалы, неврозды
тәрізді.
2.
Ақыл-ойы
кемістік классификациясына қарай оқыту. Үйде
оқитын бала церебральды сал
ауруы (ДЦП) диагнозының
ерекшелігіне – ерекше оқыту;
Ақыл-ой кемістігінің
классификациясының ішінде үйде оқитын бала имбецил
типтегі бала. Ақыл-ой кемістігі бойынша диагнозы –
церебральды сал ауруы
(ДЦП).
Және де
моторикасы дұрыс дамымаған, саусақтарымен қалам мүлдем ұстай
алмайды. Имбецил
(милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл
психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық
дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне
сәйкес. Интеллектуалды
коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл
кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу,
селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет
етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал
өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар
дамыған.
Имбецилдердің
сөздік қоры небары 200-300 қарапайым
сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты
түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ
және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау
қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын
түсінуге және жазуға бейім
емес.
Имбецилдердің
ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс
жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау,
кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді
еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз,
бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге
қабылетсіз, олардың эмоционалды реакциялары өте әлсіз және
бірыңғай.
Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар
үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет
етеді. Олар еркін өмір сүруге
бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп,
олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз
болып қалады.
-ақыл-ойы кем балаларды
оқыту және тәрбиелеу шарттарын
қалыптастыру;
-дәрігерлік –
педагогикалық кездесуді даярлау;
-қажетті оқу бағдарламасын
құрастыру.
Дәрігер В.П. Кащенконың
кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-санаториі бұл уақыттарда
емдеу тәрбиелеу және оқыту жолдарымен балалардың даму жетістіктері
түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған, алғашқы емдеу
– тәрбиелеу мекемесі болып
есептеледі.
Олигофренопедагогиканың
қарқынды дамуына өз үлесін қосқан ғалым
Граборов А.Н. (1885-1949). 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург
қаласында ең алғаш рет жеке меншік мектеп-пансионатты ашты, уақыт
өте келе пансионат орталық арнайы мектеп деп
есептелді.
Сондықтан ақыл-ойы кем балалар
үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастыру арнайы мектеп-пансионатта
жүзеге асырған жөн. Себебі оқушыға:
-
Педагог
-
Психолог
-
Медбике (массаж,
т.б.)
-
Логопед
-
Олигофренолог
3. Церебральды сал ауруы
(ДЦП) диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балаға инклюзивті білім беру
барысындағы әдіс-тәсілдер, сабақта қолдануға болатын
ресурстар:
«Өзін-өзі үйрету»
(самоучка) қаламсабы.
Моторикасын
дамытады;
Өз бетінше қалам ұстап,
жазу дағдысын қалыптастырады.
Bilimland (Мектепалды
даярлық)Imektep. «Айналадағы әлем»
Қоршаған заттарды
жаттау,айналамен танысады.
«Жұмсақ кілемше»(мягкий
коврик). «Қазақ тілі»
Әріптерді ажыратады, ауада
жазу, әріптерді сәйкес ұяшыққа
орналастырады.
«Айналадағы
әлем»
Қоршаған заттарды
жаттау,айналамен танысады, көкөністерді сәйкес ұяшыққа
орналастырады.
«Математика»
Фигуралардың пішініндерін
ажырату, түстерін атау, сәйкес ұяшыққа орналастырады. Сандардың
оқылуын, жазылуын үйренеді, сандарға сәйкес заттардың санын
орналастырады, сәйкес ұяшыққа сандарды
қояды.
«Артығын тап».
«Айналадағы әлем»
«Танымдық әрекеттерін
түзеу және сөйлеу»
Қоршаған заттарды
жаттайды,айналамен танысады, 4-ші артық затты табуға
ойланады. Bilimland (Мектепалды
даярлық) Imektep.
«Немовтың 4 жастағы
балаларға арналған психологиялық
әдістемелері»
«Танымдық іс-әрекеттерін
түзеу және сөйлеу»
Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар
Ұсақ моториканың
дамытудағы ең үздік 40 ойындар
(40 игр для развития мелкой
моторики – лучшая подборка).
https://www.youtube.com/watch?v=age0oAohCVY&t=37s
Құм
терапиясы.
(Песочная терапия. Занятие с
живым песком). https://www.youtube.com/watch?v=fEKFt7wCcto&t=86s
https://www.youtube.com/watch?v=BQZB8Dg4bGA
Ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың коммуникативтік
сферасын дамытудағы тиімділігі.
Дефектология саласындағы зерттеулер
арнайы білім беру жағдайларындағы негізгі міндеттерді шешу үшін
педагогикалық процесінде АКТ- нің тиімділігі арнайы педагогпен
келесі бағыттар бойынша жұмыс өткізудің сапасына тәуелді деп
анықталды. Сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану мақсатында
ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың
танымдық, эмоционалдық, коммуникативтік дамуына жетілдіруге
үлесінің зор екендігі практика жүзінде жүргізілген жұмыстардың
нәтижесінен көруге болады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі
шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан
тиімділігі:
- Әдістемелер арқылы
іс- әрекет барысында логикалық, операциялық, анализдеу сынды
әрекеттері дамып, қалыптасады;
-Ақпараттық интерактивті технологияларға қызығушылықтары артып,
зейін шоғырландыру, тұрақтандыру, соның ішінде ырықты зейінді
қалыптастыруға ықпалы зор;
-Психологиялық интерактивті жаттығулар, әдістер арқылы мүмкіндігі
шектеулі балалардың қиялын ұштауға қанаттандырады;
-Дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы қолданыла
көрсетілген көрнекі- жабдықтар бала есінде ұзақмерзімді сақталып,
есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді;
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық- эмоцияналдық сферасы
жағынан тиімділігін қарастырсақ:
-Ақпараттық технологияларды қолдануда тиімді интерактивті
әдістерді пайдаланып, мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін
арттыру;
- Релаксациялық- медитациялық жаттығуларда ақпараттық технологиялық
құралдарды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ішкі
психологиялық ахуалдарын тұрақтандыру;
-Вербальді емес психологиялық сферасын тұрақтандырып, қалыптылыққа
негіздеп, дамыту;
-Қоршаған ортамен, ұжыммен, топпен жұмыстанып, бірлесе әрекет
жасауға;
-Вербальді, вербальді емес қарым- қатынасын түзете- дамытып, ортада
өз «Менін» қалыптастыруға;
Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттық- коммуникациялық
технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай
дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып,
түзете- дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың
заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі зор екендігі
белгілі. Инклюзивті оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп,
оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды
қолданудың тиімділігі зор.
ІІІ.
Қорытынды.
Инклюзивті оқыту- барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектеп
өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға
мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық
балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың
білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге
енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан
мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік
алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық
енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне
қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын
белсенділікке шақыруға балалардың түзеу- педагогикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның
балаларды жас ерекшеліктеріне
бейімделу.
Үйде оқытуда сабақ
беретін әсіресе церебральды сал
ауруы (ДЦП) диагнозымен оқытатын баланың дамуына ілгері жылжуына
аса басты үлкен назарда ұстап, оған үлкен жауапкершілікпен, үнемі
зерттеу процесінде болып, педагогикалық арнайы түзеу процесін
жүзеге асыру міндетті деп есептеймін. Қосымша
педагогиилық-психологиялық әдіс-тәсілдер, оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық
технологияларды қолданудың тиімділігі
зор.
Неміс педогог-дефектологы Шуманның тағы да
мынадай сөзімен қорытындылағым келеді: «Бала кемістігінің даму
деңгейі неғұрлым төмен болса,соғырлым мұғалімнің білім деңгейі
жоғары болу керек»- деген
екен.
Пайдаланылған
әдебиеттер
-
http://www.izden.kz/referattar/psihologiya/683
-
«Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»
Астана, 2010 ж
-
А. А. Байтұрсынова «Арнайы
педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008
ж
4. Дефектологиялық сөздік
.
5. «Педагогика және оқушы
психологиясы, 2013жыл 9- 12 бет
6. Немов «Психологиялық
әдістемелер» 3-4жастағы балаларған арналған психологиялық
әдістемелер
7.40 игр для развития мелкой
моторики – лучшая подборка
https://www.youtube.com/watch?v=age0oAohCVY&t=37s
8.Песочная терапия. Заняте с
живым песком
https://www.youtube.com/watch?v=fEKFt7wCcto&t=86s
https://www.youtube.com/watch?v=BQZB8Dg4bGA