Материалдар / Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада инклюзивті білім беру мәселесі туралы айтылған. Статистикалық мәліметтер келтірілген. Қазіргі таңда мүгедек балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жүйесі болып табылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Ата Заңымыз Конституцияда қарастырылған ең басты екі мәселе: біріншісі, мемлекеттің құрылымы, екіншісі, адам және оның құқығы. Конституцияны бүкіл заңдардың заңы деп атаудың себебі де сонда. Мысалы, Ата Заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Олай болса арамыздағы кездесетін мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек жандар да тең құқықты,олар да денсаулықтарына байланысты, өздері қалаған ортадан білім алуын мемлекетіміз қарастырған. Қазіргі таңда мүгедек балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жүйесі болып табылады. Осы бағытта жұмыс жасау үшін әрине, біліктілікті арттыру қажеттілігі туындауы сөзсіз. Өткен оқу жылында колледждің жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Колледжде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын. Біліктілікті арттыру курстарында оқу кезінде «Замануи білім берудің тұжырымдамалары мен түйінді идеялары: трендтер мен бағдарлар», «Пәндік мазмұнды дамыту» модульдер бойынша тиісті білім мен дағдыларды меңгердік. Аталған тақырыбта өткен біліктілікті арттыру курсының да пайдасы зор болды. Себебі курс мазмұнының басты мақсаты жаңа заман оқытушыларына лайықты кәсіби шеберлігін дамыту және инклюзивті білім беруді дамыту барысында кәсіби шебер мамандар өте қажет екендігін көрсетті.

Инклюзив сөзін латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге оқытып, білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан мүмкіндігі шектеулі балаларды тең құқылы жеке тұлға ретінде қарап, білім беру.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы деп білеміз. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгертеді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Республикамызда арнайы инклюзивті білім беру үшін тарихи маңызы бар 2002 ж. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы» заңының қабылдануы. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді .

Толық бұл заңды БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізген екен.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады. Дамыған Европа елдерінде «Коррекциялық педагогика институтының» директоры Николай Малофеев былай дейді: «...1950 жылдарда педагогика мамандығын алатын студенттер міндетті түрде ауыр балаларды оқыту түрімен танысу курсын өткен. Сонда мұғалім ондай балаға қалай көмек беру керек, қалай оқыту керектігін алдын –ала білген. Басқа Европа елдерінде бұл оқыту түрінің саясаты 1970-80 жылдары басталған.

90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Қазіргі таңда АҚШ-та «Инклюжен» бағдарламасы іске асырылады екен. Оның негізі 1973 жылы заңды түрде қаланған. Ұлыбританияда инклюзивті оқыту 1978 жылдан бастап оқу бағдарламасына енгізілген. Италияда 1977 жылы бірінші нормативтік акті қабылданған: сыныпта 20 бала оқыса, оның екеуі мүгедек бала болған. Бұл сыныптарға педагог-дефектолог мамандарымен бірге пән мұғалімдері білім берген. 2005 жылдан бастап мүгедек балалардың 90 % қалыпты мектептерде оқыған. Испания мемлекетінде «Арнайы білім беру» тіпті ерте басталған екен. 1940 жылдары жалпы білім беру заңдарына енгізіліп, бекітілген.

Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері келесідей:

Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежеті өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Қазіргі кезде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144783

баланы құрайды, оның ішінде 96555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста. 2016- 2017 оқу жылында 10% балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 бала, 44 % немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады. ( 40 мыңнан астам бала). Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттері, 58 психологиялық - медициналық – педагогикалық консультацияларды, педагогикалық коррекциялау қолдауды көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды

Мамандардың көз-қарастарына келетін болсақ Ресейлік ғалым А.А. Левитская былай деп есептейді, инклюзивті білім беруге көшкен кезде кейбір ойланбай істеген жағдайлардан балаларға қиындық тууы мүмкін, себебі олар бір-біріне үйренісе, қалыпқа келе алмай дұрыс білім алмауы мүмкін. Сондықтан қоғам әрқашан есептесуі керек, баланың неге қызығушылығын, ой–өрісін қалай дамытуға болатындығын. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекетіміздің басты парыздарының бірі. Педагогта әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Сөйтіп олар да осы өмірден өз орнын тауып,мектепте алған білімдерінен кейін тандаған мамандықтарының иесі болып, өмірде өздерін кемтарлыққа бой жібертпей, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқандай дүниенің бір кірпіші болып қаланар еді.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектептен кейінгі өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курсында қарастырылған модуль біздің көптеген сұрақтарымызға жауап беретінін түсіндік.

ГЛОССАРИЙ

1. Виктимдік балалар- бұл дезадаптация, әлеуметтік ауытқулар, әлеуметтендіруге қайшы жағдайларға әкелетін өмір шарттарының құрбаны болуға бейім балалар;

2. Бақылаусыз қалған балалар- тұратын жері бар, бірақ ата-аналар тарапынан қамқоршылықсыз қалған балалар.

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалар- 18 жасқа толмаған, дене және/немесе психикалық кемшіліктері бар, заңнамамен қарастырылған тәртіппен расталған туа біткен, тұқым қуалаған, кейін пайда болған аурулар немесе жарақат салдарынан тіршілік әрекеті шектеулі балалар.

4. Девиантты мінез-құлық- бұл нақты қоғамдастықтардың белгілі даму кезеңіндегі жалпы қабылданған, әлеуметтік тарапынан қолданған, кеңінен тараған және қалыптасқан нормалардан ауытқыған мінез-құлық .

5. Қосымша білім - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту үдерісі.

6. Оқытудың жеке бағдарламасы - оқушының өзекті даму деңгейін, меңгеріп жатқан пән саласы және дамудың жақын аймағындағы білімдері мен дағдыларын есепке алу арқылы оқушы үшін жасалатын бағдарлама.

7. Инклюзивті білім - бұл ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғаларды олардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру үдерісіне қосуды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі.

8. Түзету сабақтары - оқушылардың дене және (немесе) психикалық кемшіліктерінің орнын толтыруды немесе төмендетуді қамтамасыз ететін сабақтан тыс уақытта білім беру үдерісін ұйымдастыру формасы

9. Инклюзивті оқыту сыныптары - бұл мүмкіндіктері шектеулі балалар және мұндай шектеулері жоқ балалар бірге оқитын жалпы білім беру мектептерінің қалыпты сыныптары;

10. Білім беру - имандылық, зияткерлік, мәдени, жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процессі.

Назарларыңызға рақмет!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!