2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту»

«Инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар – тренинг тақырыбы: «Инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту» Мақсаты: Оқу үдерісінде ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қолдауға арналған әдіс-тәсілдермен бөлісу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін_______________

2 ЖББМ директоры

Б.М.Отепбекова

Семинар – тренинг тақырыбы: «Инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Уақыты: 20.04.2022ж

Мақсаты: Оқу үдерісінде ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қолдауға арналған әдіс-тәсілдермен бөлісу.

Өтетін орны: Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 ЖББМ акт залы.

Тренингті жүргізуші мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева А.Ж.



Тренинг барысы:

  1. «Сәлем – сөздің анасы». Семинарға қатысушы ұстаздармен сәлемдесу. Әр ұстаз өзінің есімін атайды және есімінің бірінші әріпімен өзінің бойындағы ерекше бір қасиетімен өзін сипаттайды.

  2. Топқа бөлу. Қатысушыларды жеке заттары арқылы 4 топқа бөлу.

  3. Қысқаша баяндама оқылады слайд арқылы. Ерекше білім беруді қажет етеін оқушы дегеніміз кім?

Жауап: Қазақстан Республикасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға «денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін, білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар» жатады.

Біздің елімізде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушыларды оқыту және қолдауды дараландыру ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабында: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілер: ...білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде оқуға құқығы бар»,-деп көрсетіледі.

  1. Ерекше білім беруді қажет етеін оқушыны қалай анықтаймыз?

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау барысында оқушының ата-анасы қабылдау комиссиясына өткізген жеке құжаттарын мұқият зерттейді. Әсіресе баланың денсаулығы жөніндегі медициналық картасын оқып толық меңгереді. Егер мұғалім өз сыныбынан ерекше баланы анықтаса мектеп әкімшілігіне хабар беріп, арнайы мамандардың (мектеп дәрігері, психолог, логопед, дефектолог мамандар) көмегіне жүгінеді.

Мектеп әкімшілігі ерекше білімді қажет ететін оқушының қалалық ПМПК – дан өткендігін растайтын құжаттарын талқылайды. Арнайы құжатта оқушының диагнозы және оқу процесі барысында қандай бағдарламамен, қандай мамандармен жұмыс жасау қажеттігі бар екендігі жазылады. Осы құжатқа сәйкес мектепішілік бұйрық шығарылып сол бұйрықтың негізінде тиісті жұмыстар жасалады.



Өз тәжіриебеммен бөлісу:

Нұржігіт Ерасыл Хасенұлы

2016-2017 оқу жылы 3-сыныпта менің оқушым атанды. Ерасыл жеке мектептен жалпы білім беретін орта мектепке ауысып келді. Ата-анасынан оқушының мектеп ауыстыру себебін сұрағанымда анасы: Бұрынғы мектебінде сыныптастары ерекше бала болғаны үшін мазақтап, күлетін тіпті кейбір кездері қол көтеретінін айтты. Мектеп басшысы мен сынып жетекшісі ата-анадан ерекше оқушыны мектептен тез арада алып кетуін өтінген. Баланың да мектепке баруға деген қызығушылығы мен құлшынысы төмендеп кеткенін айтты. Жеке мектептегі ұстаздарға хабарласып мән-жайдың анық-қанығына көз жеткіздім. Ерекше оқушымен жұмыс жасауды бастап кеттім.

Сыныптағы ерекше оқушыны өзге оқушылардың тарапынан жасалатын буллингтен қалай құтқарамыз?

Буллинг дегеіміз не?

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. 

Буллингтің алдын-алу жолдары:

- сынып оқушыларымен ерекше бала жоқ кезде жиналыс жасау;

- жиналыс барысында баланың неге «ерекше бала» екендігін басқа оқушыларға түрлі әдістер арқылы түсіндіру.



«Құлаққап» әдісі арқылы оқушыларға ерекше балалардың мүмкіндігі шектеулі екенін түсіндіру. Парақтағы сөздерді, ұғымдарды құлаққап киген қатысушы басқа қатысушыларға сөйлемей, ештеңе естімей түсіндіреді.



«Көзіңді жұм, ойлан тап!»

Бір қатысушының көзін байлап алдында тұрған қағаздан қажетті сомманы алуын өтінемін. Қатысушы қателесуі мүмкін. Осы ойын арқылы оқушыларға мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда қателесуінің себебін ұғынады.



Сынып жиналысынан кейінгі нәтиже:

Ерекше оқушы сыныптағы оқушылар толықтай қабылдап, үнемі қолдау білдіретін болды. Оқушым Ерасыл өз сыныбымен жақсы қарым-қатынас орнатты. Мектепке Ерасыл көтеріңкі көңіл күйде асығып келетін болды.

Білім алу барысында инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту

  1. «Макаронды жіпке тіз» Білім алу барысын шығармашылықпен ұштастыру арқылы оқушының оқуда жеткен жетістіктерін көруге болады.

Математика пәнінде санау жүйесін түсіндіру барысында түрлі-түсті макаронды жіпке тізу арқылы ерекше оқушы санау жүйесін қалыптастырады.

Тапсырма: 4 түсті пайдаланып үлгіде көрсетілгендей жаса.

2. «Түрлі-түсті құммен жұмыс»

Қатысушы топтар түрлі-түсті құмға өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелейді.

Тапсырма:

  1. көңілді/көңілсіз;

  2. тіктөртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш, шаршы;

  3. күн,бұлт,жұлдыз,ай;

  4. балықтар, балапан, қоян, аққу;

  1. «Шиыршықталған қағаз»

Ерекше оқушыға жаңа сабақта өткен термин сөздерді, ережелерді, тапсырмаларды қағазға жазып шиыршықтапғ бүктеп береміз. Бүктелген қағазды өз қолымен жазып ашады, ішіндегі тапсырманы оқиды және орындайды.





Тапсырма: Қатысушы 4 топтың әрқайысысына бүктелген қағаздарды береміз. Ашып саусақтарының көмегімен жазады, тапсырманы оқып орындайды.

3.«Көлеңке театры»

Қатысушаларға ертегілер мен кейіпкерлер таратылады. Өз қолымен кейіпкерлерді қиып таяқшаға жапсырып, ертегі желісі бойынша көлеңке театрында қойылым жасайды.



Ертегілер:

  1. Түлкі мен қарға

  2. Қызыл телпек

  3. Бауырсақ

  4. Шалқан

«Қарға мен түлкі»

Ерте ,ерте,ертеде бір қарға ұшып жүріп ,

Жерден бір түйір ірімшік тауып алып.

Ағашқа Қарға  қонды барып .

Тоқ санап  ірімшікті  көңіліне,

Жей қоймай , отыр  еді ойға қалып

Қашаннан белгілі  аңқау ала Қарға

Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма ?

Шығатын шығасыға  болып себеп,

Ағашты зылым түлкі аралар ма!

Тістеген ірімшігін Түлкі көріп

Аяғын ептеп басып  жақын келіп

Түлкі: Сәлеметсіңбе қарға ! Сен қандай әдемі құссың,көздерің,қанаттарың қандай әдемі.Даусың қандай тамаша.Сен ән салғанда барлық құстар мен аңдар тоқтай қалып тыңдайды. Қане маған бір ән салып берші?

Мұндай мақтауды естіген қарға,бар даусымен Қ-А-Р-Қ етті,аузынан ірімшік жерге салып етті,-қу түлкі ірімшікті алып жеп қойды. Аңқау қарға түлкінің сөзіне алданып аш қалды.

Қызыл телпек

Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы, — дейді.

Қызыл телпек:

Жарайды, анашым, апарып берейін, — деп бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді.

Қызыл телпек, сен қайда барасың? — деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.

Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, — дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.

Ал әжең қайда тұрады? — деп сұрайды қасқыр.

Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, — деп

Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.

Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен ана жолмен жүрейін, — деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.

Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол - жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.

Тоқ - тоқ - тоқ!

Бұл кім? — деп сұрайды әжесі.

Қасқыр дауысын жіңішкертіп:

Әже, бұл мен ғой, немере қызың — Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, — дейді.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: — Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, — дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.

Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. — Тоқ - тоқ - тоқ!

Бұл кім? — дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр.

Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.

Бұл мен, сіздің немереңіз — Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:

Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, — дейді. Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көрпемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:

Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, — дейді. Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды. Қасқыр енді:

Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, — дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:

Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? — деп сұрайды.

Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым.

Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?

Сені жақсы есту үшін, қызым.

Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?

Сені жақсы көру үшін, қызым. — Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?

Сені тезірек жеу үшін, қызым - ау! — деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады. Байғұс қыз айғайлап та үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды. Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгіме-дүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.

Бауырсақ

Бір шал мен кемпір болыпты. Бірде шал жалынып:

Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, — дейді.  

Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

Әй, кемпірім-ай!  Қойманың түбін қырнап көрсеңші, бауырсақтық ұн табылып қалар.  

Кемпірі қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, майға бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қояды. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

— Бауырсақ, Бауырсақ!
Мен сені жеп қоямын! — дейді.

Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін, онан да соны тыңда.

Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
   
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қоян сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!

Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі, қоян аңырап қала береді.

Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зымырап бара жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Бауырсақ әндете жөнеледі:
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
   
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқыр, сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған!
деп, Бауырсақ домалай жөнеледі. Қарсы алдынан қорбаңдап аю шығады. Ол:

Әй, Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! — дейді.   
 
— Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін, — деп жауап береді

Бауырсақ.  
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
   
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!

Бауырсақ домалай жөнеледі, аю оның ізіне үңіліп қала береді.  

Бауырсақ зымырап бара жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

Амансың ба, Бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, оған  жақындай береді.  

Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,
   
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қояннан да сытылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,
Түлкі сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Әдемі өлең екен! — дейді түлкі.

Айналайын-ай, қартайған шағым ғой, құлағымның мүкісі бар. Кәне, менің мына тұмсығыма шық та, өлеңінді тағы бір шырқап жіберші.

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына қарғып шығады да:

Әжей қойма қырнаған — деп өлеңдете бастағанда түлкі бауырсақты «ап» деп бір-ақ асапты.  

Шалқан

Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.

Көмекке әжені шақырады.

Әже — атадан, атай — шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Әжесі немере қызын шақырады.

Немересі — әжесінен, әжесі — атасынан, атасы — шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Немересі итті көмекке шақырады.

Ит — немересінен, немересі — әжесінен, әжесі — атасынан, атасы — шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Ит мысықты көмекке шақырады.

Мысық — иттен, ит — немересінен, немересі — әжесінен, әжесі — атасынан, атасы — шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Мысық тышқанды көмекке шақырады.

Тышқан — мысықтан, мысық — иттен, ит — немересінен, немересі — әжесінен, әжесі — атасынан, атасы — шалқанның жапырағынан ұстап тартып — тартып.

Осылай бәрі қосылып бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды.

Оқушым Нұржігіт Ерасылдың видеожолдауымен, фотосымен бөлісемін.

Қорытынды сөз: Құрметті әріптестер бүгінгі менің сіздерге арналған тренингім өз мәресіне жетті. Келесі кезекті әріптесім, мектеп-психологы Қуаныш Ақжан Есенбайқызына беремін.



















































Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 ЖББМ







Семинар – тренинг тақырыбы:

«Инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту»









Жауапты: Жиенбаева А.Ж.







2021-2022 оқу жылы



08 Қаңтар 2025
182
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі