Инклюзивті оқыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инклюзивті оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті оқытудың арнайы бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Павлодар облысы Лебяжі ауданы

Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі





Педагогикалық шеберлік



Педагогикалық үміттер номинациясы



Зерттеу жұмыстың тақырыбы:

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУШЫНЫҢ ПСИХОМОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ













Дайындаған: Асанова Айбану Сериковна

Педагог-психолог









Кіріспе


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды жынысына, этникалық діни қатыстылығына, дамуындағы ерекшеліктері мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, оқу үдерісіне және әлеуметтік бейіделуіне тарту үдерісі, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың мамандандырылған мекемеде емес, керісінше әдеттегі білім беру ұйымында оқуын қарастырады. Сондай-ақ олар арнайы мекемелерде де білім ала алады. Денсаулығы мүмкіндігі шектеулі бала мүгедектерге арналған мекемеде оқу арқылы шынайы қоғамнан алшақтайды, бұл оның дамуын барынша шектейді. Ол кез келген бала секілді құрдастарымен бірге білім алуға, тәрбиеленуге және олармен араласуға мұқтаж. Инклюзивті білім беру осындай балалардың қарапайым мектепке барып, басқа балалармен бірге оқуын мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беруден өтетін сау балалардың түсінігі, жанашырлығы және сезімталдығы қалыптасады. Психологияда бұл-эмпатия деп аталады. Олар ашық әрі шыдамды болады, бұл толеранттылығы төмен қоғам үшін аса өзекті. Инклюзивті білім беру оқу ұжымдағы иерархиялық көріністерді күрт төмендетеді.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру  боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі)  қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.  Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.

Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:

I. Диагностикалық бағыт: 
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу 
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.

Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.

Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.

Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.

II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:

Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады.

Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: 
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; 
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; 
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.

Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: 
- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу 
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; 
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; 
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу; 
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; 
- ата-аналармен жұмыс: 
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; 
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; 
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; 
-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.



Негізгі бөлім

Адамның әрекет пен іс-әрекетінің әртүрлі психикалық құбылыстарының байланысын И.М. Сеченов психомоторика деп атаған. Оның ойынша психомоторлық іс –әрекетінің алғашқы элементі болып қозғалғыштық әрекет болып табылады. Жаттығу немесе қайталану барысында дамитын қозғалғыштық әрекетті қозғалғыштық немесе психомоторлық дағды деп атайды.Кез келген қозғалыс немесе саналы әрекеттің әрдайым мақсаты болады, яғни бағытталған.Сондықтан да біздің күшіміздің жұмсалатын белгілі бір өрісі болуы тиіс.Психомоторика проблемаларын қарастырғанда бұл өрісті моторлық өріс дейді. Ода басқа саналы әрекет жасау үшін біздің күшіміз жұмсалатын өріс сенсорлық өріс деп аталады.Бұл өрістен ақпарат қабылданады.Психологияның дамуына орай іс-әрекеттің ұйымдастырылу жүйесі туралы түсініктер өзгеріп отырады.И.М. Сеченовтің «Бас мидің рефлекстері» деген еңбегінің жарыққа шығуымен және «психомоторика» терминінің дәлелденуімен , одан соң И.П. Павловтың шартты рефлекстерді ашуына орай психологияда іс-әрекеттің рефлекторлық табиғаты түсінік берік сақталған. Қабылдау мен жауап әрекетінің байланысы сенсомоторлық процесс деп аталады. Психомоториканы зерттеу барысында зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөліп шығарды: қарапайым сенсомоторлық реакция,күрделі сенсомоторлық реакция және де сенсомоторлық координация. Кез-келген сенсомоторлық реакция жеке әрекет немесе күрделі психомоторлық реакциялар шартты рефлекстер ретінде көрініс алды. Психомоторлық процестердің ерекше түрі ретінде сенсоричивті және идеомоторлық реакциялар ерекшеленеді. Сенсомоторлық реакциялар тәрізді сенсорлы реакциялардың да үш кезеңі болады: сенсорлық, орталық және моторлық. Бірақ орталық кезең өте күрделенген және де екінші дабыл жүйесінде өтеді. Ал моторлық кезең сөйлеудің, қимыл компоненті ретінде айқындалады.

Психомоторикада әрекет пен оның орындалуы түсінігін байланыстыратын идеомоторлық процесстер ерекше орын алады. Психомоторика мәселелерін өндіру өзінің жемісті нәтижелерін берді. Оның нәтижелерін спорт саласында, әскери істе, арнайы оқытуда т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Психомоторканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі сенсорлық дабылға жауап реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, әрекет әрдайым саналы болады, яғни ол сана өрісімізде болып бақыланады.






Психомоторика мәселелерін өндіру өзінің жемісті нәтижелерін берді. Оның нәтижелері спорт саласында, әскери істе, арнайы оқытуда, т.б. салаларда кеңінен қолданылды. Бірақ психологияның дамуы барысында іс-әрекеттің компоненті болып есептелетін әрекеттің сенсомоторлық процеске қарағанда құрылымы күрделірек болып келеді. Психомоториканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі сенсорлық дабылға жауап реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, әрекет әрдайым саналы болады, яғни ол біздің сана өрісімізде болып, бақыланады. Сана әрдайым белссенді болатынын ескерсек, саналы қимыл мен іс-әрекет те реактивті емем, белсенді болады. Адам белсенділігі мен іс-әрекетінің қайнар көзі сыртқы ортаның әсері емес, адамның психикасы, оның қажеттіліктері мен мотивтері болып табылады.

Әрине, сенсоморлық процестерді жоққа шығаруға болмайды. Олар адамның іс-әрекетіне қатысады, бірақ сенсоморлық процестер саналы әрекеттердің барлық механизмдерін түсіндіре алмайды.

Әрекет ұйымдастыруының механизмдері. Психологияда қазіргі таңдағы әрекет физиологиясы туралы түсінікті экспериментальды түрде дәлелдеген белгілі Ресей ғалымы Н.А.Бернштейн.

Жоғарғы білімі бойынша невропатолог-дәрігер, ал ғылыми қызығушылығы бойынша физиолог болған Н.А.Бернштейн ғылыми әдебиетте белесенділік принципінің жақтаушысы болды. Бұл принцип – іс-әрекеттің теориясының іргесі болып есептеледі. 1947 жылы Бернштейннің “Әрекеттің құрылымы” деген негізгі кітабы шықты. Бұл кітап Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Бернштейннің зерттеу объектісі қалыпты организмнің және адамның қимылдары болып табылады. Бернштейннің зерттеулерінде еңбек қимылдарына көп көңіл бөлінді.

Бернштейн жасаған алғашқы қорытынды мынандай болды: ол әрекеттерді басқарудың жаңа принципін ұсынды. Ол сенсорлық коррекция принципі деп аталынды.

Бернштейннің ойынша, әрекеттерді орындау барысына әсер ететін факторларды қарастырайық. Біріншіден, әрекетті орындау кезінде реактивті күштердің құбылысы пайда болады.

Екіншіден, әрекетті орындағанда инерция құбылысы пайда болады, яғни инерциялық күштер орын алады.

Үшіншіден, белгілі сыртқы күштер әрекеттің орындалуын өз ықпалын тигізеді.

Төртіншіден, тағы бір әрекетті орындаған кезде көп ескеріле бермейтін фактор бар, ол – бұлшықеттердің бастапқы күйі. Бұлшықеттердің күйі әрекетті орындаған кезде ұзындықпен қатар өзгереді.

Осылайша, әрекеттің орындалуына тікелей әсер ететін бірқатар факторлар бар. Сондықтан орталық жүйке жүйесіне әрекетті орындау барысы туралы тұрақты ақпарат қажет. Бұл ақпарат кері байланыс дабылдары деп аталады. Бұл дабылдар миға бұлшықеттерде бір уақытта бірнеше каналдардан түсуі мүмкін. Мысалы, приприоцептивті рецептерлерден, көру органдарынан, есту арқылы, т.б.



Даму мүмкіндігі шектеулі балалар ойындарды қызығушылықпен орындайды. Дидактиикалық ойындар баланың сабақты қызықушылықпен қабылдауына мүмкіндік береді. Сабақ оқыту кезіндегі ойындар баланың ойын кезеңінен қалай өткенін байқамай қалады. Балалардың мәтінді оқуы және ойын түріндегі оқуы, санауы,есеп шығаруы, неше түрлі фигураларды құрастыруы баланың ой-өрісінің дамуына, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді.Дидактикалық ойындар баланың мүмкіндігін, қиялын шарықтатады, көңілін көтереді. Ойындар баланың мүмкіндігін, қабілетін көрсетеді. Ол кезде бала физикалық және психикалық түрде дамиды. Ойын баланың қалыптасуына көмектесетін ең күшті фактор. Ойын ең бірінші баланың жылдамдығын, икемділігін, шынайлығын, ойлау қабілетін арттырады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлықтары жылдам өзгеріп тұрады, көңілі басқа нәрсеге жылдам ауып кетеді, содан кейін оның көңілін белгілі бір тапсырмаға, сабаққа әлде бір ойынға аудару үшін көп күш керек. Негізінен ойынды таңдағанда оқушыны тәртіпке шақыратын, шыдамдылыққа үйрететін ойындар қажет.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлауының жетілмеуі, қабылдау, сөйлеу тілінің практикалық әрекетінің және шығармашылық қабілетінің дұрыс дамуымен байланысты. Шығармашылық деңгейі төмен екені анық білінеді,бұл кемістікті ойын арқылы дамытуға болады.

Есте сақтау және логикалық тапсырмалар: «Суреттер бір –бірінен несімен ерекшеленеді?» «Бұлардың қайсысы артық?» Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады? «Әр матрешканың гүлі мен бантигін тап», «Сәуленің ойыншықтары: қоян, қонжық, піл, арыстан, көбелек, тышқан, қайда жасырынған?» Дөңгелектерді қызыл ұшбұрыштарды сары, шаршыларды жасыл түске боя», «Суреттерді аяқта».

Релаксациялық жаттығулар

Эмоциялық аяны дамыту, өз-өзіне сендіру және бұлшықет кернеуін төмендету.Танымдық үрдістерін дамыту және түзету ойындары мен жаттығулар. Зейін, есте сақтау, қиял, қабылдау, ойлау, тіл дамыту.

Тыныс алуды үйлестіру жаттығулары. Мидың бағана бөлігінің жұмысын жеделдету және жиілету, оң жақ, мишықты бір қалыпты жұмыстандыру.

Симметриялық суреттер. Қозғалысты үйлесітру мен сызбалық дағдыларын дамытуға бағытталған, мидың қатпарлы құрылысын және жарты бөлігі арасындағы өзара әрекетті белсендіру.

Қол қимылы гимнастикасы. Психикалық қызметтің дамуына (назардың, жадының, ойлаудың және сөйлеудің) сондай-ақ, ол білегінің қимылы мен иілгіштігіне жәртемдеседі.

Сызбалық диктанттар . Білік дағдыларының дамуның ереже бойынша және үлкеннің тапсырмасы бойынша өз бетімен дамуына бағытталған, сондай-ақ кеңістікті бағдарлау және сақ қол қимылының дамуына бағытталған.

Ойын: Жаңбыр  
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
-Құм терерапия жаттығуы.
-Қолды құмға салу.
-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
-Қолды құмға жасыру.
-Құмды себелеп құю.













Қорытынды

Қорыта келгенде, балалармен ұйымдастылған әр түрлі ойын түрлері балалардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар:

*Қамқорлықты

*Ілтипатты

*Кішіпейілділікті

*Қарапайымдылықты

*Зер салуды

*Сезімталдықты қажет етеді.

Балалармен қарым –қатынас жасаудың қарапайым және тиімді түрлері:

-Оқушыны аттарымен атау. Өйткені, баланың атын атап шақыру жәке намысының қалыптасуына көмектеседі;

-Баланың жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалау қажет;

-Өзін-өзі төмен бағалайтын оқушылары бар. Жұмыс барысында олардың кішкентай жетістіктерін көре біліп және мадақтау арқылы қолдау көрссетіп, оларды ұжымның шығармашылық істерінен шетте қалдырмауға тырысу керек. Сонда ғана олар мұғалімнің өздеріне деген ізгі қатынастарына сенеді;

-Балалардың жетістіктерін бақылауда, қорытынды шығаруда, оларды барынша басқа балалармен салыстырмауға тырысу қажет;

-Оқушылардың еңбегі оң бағалау керек.













Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың  2011-2020 жылға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж

  2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау  туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы

  3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы журналы №11 (95) 2014ж

  4. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы журналы №2 (86) 2014 ж

  5. Мектептегі психология журналы №4 (82) 2015 ж

  6. Мектептегі психология журналы №1 (79) 2015 ж





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
12741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі