Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Инклюзивті оқыту - өмір қажеттілігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Хасанова Ақшархат Бекболатқызы
Әлеуметтік педагог
«Қарақұм орта мектебі» КММ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы
Инклюзивті оқыту – өмір қажеттілігі
Қазіргі уақытта барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы әлемдік мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. «Инклюзивті білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада да, Америкада да, Латын Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын сөздік. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Шыны керек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген тендік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті оқыту- негізгі қағидасына:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
-
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
-
Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
-
Барлық адам бір-біріне қажет.
-
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
-
барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
-
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
-
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 2 түрлі бағдарлама бойынша реттеген дұрыс:
-
жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
-
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы;
Қазіргі уақытта мен инклюзивті оқушылармн жұмыс жасаймын. Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын талаптар:
-
МШБ оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
-
мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, арнаулы жиһаз);
-
кадрлармен қамтамасыз ету:
-
жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;
-
арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
-
педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.
Инклюзивті білім беру –балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін балаларды бір-бірінен ажыратып,кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын тиімді жолмен құру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет.
Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік- экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:
-
Жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;
-
Балалардың отбасындағы жағдайы;
-
Оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының қатысуы;
-
Мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;
-
Жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу
-
Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;
-
Демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдеу;
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру
Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы. Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протездіортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» – деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес. Дегенмен, «ерекше» балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе болып отыр. Аталған балалар категориясын қоғамға интеграциялауға дайындаудағы жағымды бет алыстардың алдын-алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады. Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л.С.Выготский) Психиканың тарихи-мәдени қалыптасу теориясында Л.С.Выготский кезкелген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей білім алуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен, бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесінен қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) топтар мен логопункттер. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялықпедагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т.б. сияқты сюжеттірольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарымқатынастың қалыптасуына әсер етеді. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады.
Қорыта айта кетсем қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Инклюзивное образование: построение и организация инклюзивного образовательного пространства»
І часть Е.В. Шестакова, Т.В. Сорокина. Ақтөбе 2011
2. Жалмухамедова А.К., Халыкова Б.С. Раннее развитие детей с ограниченными возможностями. Алматы 2012
3. Коррекционная педагогика: методика обучения и воспитания детей с нарушением развития № 1, 2013
4. Научно-практический журнал «Специальное образование в Казахстане» №2,2012
5. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж
6. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж
7. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы