Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияларды қолдану тиімділігі жөнінде айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
















Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

















Құрастырған:

Сыздыкова Ж.К.,

бастауыш сынып мұғалімі





Екібастұз 2017ж.

Павлодар обысы Екібастұз қаласы

18 жалпы орта білім беретін мектеп-КММ

бастауыш сынып мұғалімі Сыздыкова Жанагуль Кайратовна



 Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. [1,5].

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже.

Білім берудің жаңа мазмұнына байланысты бастауыш сыныптарда да оқытудың инновациялық тәсілі кең түрде дамытуда. Инновациялық тәсіл – білімді өз күшімен игеруге ұмтылдыру, оқушының интеллектуалдық қабілетіне қарай іздену жолына түсіру, жаңа ситуацияда жол табуда өз бетінше тұжырым жасауға, іскерлік қабілеттерін арттыруға бағытталған жол.

Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр. Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейдегі қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең таралған.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін камтамасыз ету. [3,6].

Мұғалімдерге арналған негізгі материал сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.

Бағдарламаның модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Жеті модульдың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Жеті модульді ықпалдастырылып жүргізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Себебі сабақтар шаттық шеңбері, мерейлі доға жаттығуларын орындатудан басталып, сабақ тақырыбына лайықталған топқа бөлу әдістері, ойындар, сергіту сәттері, кері байланыстар ұйымдастырылады. Әрбір сабақта топтық, жұптық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттелген жұмыстар жүргізіледі. Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақалып, кейбір жерде ұтымды пайданылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдалынбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғанын тұлғанын қалыптасуын қамтамасыз ету-аталмыш теорияның негізгі мақсаты.

Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне, тәуекелге барады.

Оқу пирамидасы:

10 % - оқу, 20 % - аудио-визуалды қабылдау, 30 % - көрсетілім, 50 % - талқылау, 75 % - практика, 90 % - білім беру. [2,35]. Қытай даналығына сүйенсек, «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін», - делінген.

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барысында күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білім береді.

Сыныптағы оқу үдерісінің айқындайтын негізгі факторлар мыналар: (1) балалардың оқу үдерісін түсінуі; (2) нені оқу керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; (4) оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндігін игеру. [3,32].

Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлаудың қолданған өте тиімді екенін көрдім. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабңлеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты міндеті – алдағы жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту, дайындау. Ой шақыру кезіндегі жұмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары болады.. Қай тәсіл болса да, ол тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.Сабақтарымда түрлі суреттер, ұлы адамның сөзімен, ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Іс-әрекетті ой елігінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойылған міндеттерді шешуге ынталанады, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, оқулықтағы мәліметтерге сүйенеді. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылап отырады. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейінөзге топқа реттік нөмерлері бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттармен бөліседі. Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін постерге түсіру арқылы жеткізеді. Топтық жұмыста, біріншіден, ұйымшылдық туады. Екіншіден, бір бала да өзін керексіз деп сезінбейді, яғни әрқайсының өз рөлі болады. Үшіншіден, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, яғни әңгімелеседі.

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш-жігер жұмсайды екен [4. 40].

Бұрын сабақтарымда оқушылар диалог құрғанда көбінде «ия» және «жоқ» деп дайын жауап бере салатын. Осыны қанағат етіп, олардың ойын әрі қарай өрбітуге назар аудармаған екенмін. Байқасам, осындай қысқа жауап оқушының сындарлы ойлау қабілетін өсірмей, білім алуына кедергі жасайды екен. Ал қазір оларға алға жетелейтін дұрыс сұрақтар қойылған соң  жауабына «меніңше, өйткені, себебі, неге десеңіз» т.б. сөздері қосатынын аңғардым.

Білім алуда диалогтік әңгіме сабақтың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің  үш түрі бар.

1.Әңгіме- дебат;

2.Топтық әңгіме;

3.Зерттеушілік әңгіме

Сабақтарым топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгімеге бағытталады . Топтық әңгімеде оқушылар постер құру, «Венн диаграммасы», «Синквейн» түрлерін орындап, топқа берілген тапсырмаларды өзара талқылау жасап, ортақ шешім шығарауға үйренеді. Топтық әңгімеге белсенділігі төмен балалар да басқалармен сұхбаттасу арқылы қатысып отырады. Зерттеушілік әңгімеде топтық жұмыс та іске асты. Мұнда қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын дәлелдеп, мәліметтер ұсынып, жұмыстарына баға бере отырады.

Сабақ барысы диалогтік оқыту тәсілі арқылы топтық жұмыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлініп, білім деңгейлері әр түрлі балалар араласып отырады. Бұрынғы сабақтармен салыстырғанда олар топқа бөлінбей жеке жұмыс істейтін. Сол себепті кейбірі өздерінің білгенін басқалармен бөліспей келетін. Топтық жұмыстың пайдасы көп екеніне көзім жетті. Топтық жұмыста, біріншіден, ұйымшылдық туады. Екіншіден, бір бала да өзін керексіз деп сезінбейді, яғни әрқайсының өз рөлі болады. Үшіншіден, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, яғни әңгімелеседі.

Сабақтағы диалогтік әңгіме топтық жұмыстан басқа жұптық жұмыста да көрінеді. Оқушы түсіндіру әдісі арқылы өзінің жұбына  сөз тіркесі жайлы мәліметтерді түсіндіреді. Оқушылардың белсенділігі артып, бірігіп жұмыс істеуіне септігі тиеді.

Топтық жұмыстардан кейін балалар бәсекелестік емес, достық қарым-қатынаста тарқағанын байқаймын. Кейбірінің жай отырғанын аңғарамын. Сондықтан осы балалармен жұмыс істеуді жалғастырып, оларға көбірек назар аударуым керек деп өзіме түртіп аламын. Келесі сабақтарымда оларға топта басты рөл беріп, диалогқа тартуға басшылық аламын.

Сабақтағы диалогты қарым-қатынас ұйымдастыру мен дамыту нәтижесінде оқушылар Сабақтағы диалогтік оқыту әдісі сыни тұрғыдан ойлаумен тығыз байланыста . Өйткені диалог барысында берілген тапсырмаларды  сыни ойлауға бағыттап отырамын. Диалогтік оқытудың төмендегідей тиімді жақтарын байқадым:

1.Оқушылар сыни ойлау арқылы пікір алмасады.

2. Бір-бірін тыңдау арқылы тақырыпты меңгереді.

3. Оқушылар бір-бірін оқытады

Сабақта түрлі кедергілер де кездесті. Мәселен, кейбірі әлі де өз ойын толық жеткізе алмайды, қайталанған сұрақтар қояды, сабақ тақырыбынан аса алмайды.

Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында аз уақытта оқушылар диалогтік әңгімелесу нәтижесінде сыни ойлауға үйренді, ойлаған шешімдерін салыстыра алады. Графикалық диктант орындау барысында құрастырылған сөз тіркестеріне талдау жасайды, жұмыстарына ауызша баға береді. Тақырыптарға байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелейтін практикалық тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылай келе, жаңашыл дәстүріне өтетін сабақтар сыни тұрғыдан ойлауы, барлық модульдерді ықпалдастыра пайдалану келешекте оқушыларды шығармашылыққа жетелейді. Өз білімімді жетілдіруде  әр сабағым оң нәтиже беретініне сенемін


Пайдалынылға әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.

  2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей.

  4. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы.

  5. Педагогикалық альмонах. №5 2013.

  6. Көшімбетова с: Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруге пайдалану мүмкіндіктері. – А: Білім, 2008.

5


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі