Материалдар / ИНТЕГРАЦИЯ: ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНТЕГРАЦИЯ: ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада этнопедагогикалық құндылықтың пәндер арасындағы байланыс арқылы қалыптастырылуы туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
142
0 рет жүктелген
4500 ₸
Бүгін алсаңыз
+225 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +225 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИНТЕГРАЦИЯ: ПӘНДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

А. К. Есениязова

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Атырау облысы Махамбет ауданы

Адам – табиғат перзенті. Табиғаттың құдіретіне тең келер ешнәрсе жоқ. Неше ықылым заманнан бері адам баласы талай құпияның сырын біле алмай келеді. Оның көзге көрінбейтін тіршілік иесінен бастап зорға дейін белгілі өлшеммен кесіп – пішіліп өлшеніп жасалған. Адам баласының өзі жұмбақ. Жұмбақтың кілтін адам баласы әу бастан білімнен іздеген. Халықтың ұлттық құндылығы осы жұмбақтың шешіміне жол көрсетеді.

Еліміздің білім беру мекемелерінің этнопедагогикалық білім мен тәрбие беру мәселесі зор сұранысқа ие болып отыр. «Өзіңді – өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» демекші әр ұрпақтың өз тегін, дәстүрін, таза қанын, мәдениетін, тілін меңгеруінің маңызы өте жоғары. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Көкірегіне сәуле тұнған ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың алдымызға қойған мұрат, мақсатымыз болуы шарт. Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырының халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдында жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән адамдық парызын орындау.

Халқымыздың рухани тәрбиесі ізгілік ұстанымдарға тәрбиелейді, халық даналығын түсінуге көзқарас қалыптастырады. Әрбір ата- ана өз баласының білімді, білікті, тапқыр да ойлы болғанын қалайды. Бірақ алдымен балаларымызға ұлттық нақыштағы құнды қасиеттерімізді сіңіргеніміз абзал. Өзімен – өзі үндестікте өмір сүру, табиғи болу, сөзі мен іс – әрекетінде шынайы болуға үндейді. Егер тәрбиеленушінің ойы дұрыс болса – сөзі дұрыс. Сөзі дұрыс болса- ісі дұрыс. Ісі дұрыс болса- нәтижесі дұрыс. Нәтиже дұрыс болса – тағдыры дұрыс болады. Адам дүниеге келген соң, өмірдегі барлық қажеттілігінің қанағаттандырылғанын қалайды. Заман ағымы алдымен тәрбие беруді, рухани жаны жадау тартқан ұрпақты қазақы тәрбиемен сусындатуды қажет етуде. Мейірімділік пен тектілік, шынайылық пен мәрттік біздің халқымыздың қанында бар қасиеттер. Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Айтылар сөз шекпен айтылып, сөзге тоқтау да текті ұлттың ділінде бар құбылыс. Адамдар әрбір өлшемнің өзіндік атқарар міндеті бар екенін білген. Сөйтіп оны рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған екен. Заттың тұрқы, биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі де түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Өлшем бірлікті білдіретін көне сөздер, тіркестер қазақ тілінде көптеп кездеседі. Бұл мақаламызда оқу пәндері мен математика ғылымы арасындағы байланысты қазақы өлшеммен келістіре өзектестіруді айтамыз. Айтқанымыздай пәнаралық интеграция – бұл әртүрлі оқу пәндеріндегі білім мен дағдыларды оқу мен үйрену процесінде біріктіруге бағытталған білім берудегі тәсіл. Пәндер атаулары бөлек болғанымен өзара байланысты, сонымен қатар білім алушылар алған білімдерін жан-жақты қарастыруға, зерттеуге мүмкіндік алады немесе тереңірек түсіне алады. Пәндер арасындағы интеграция білім алушыларға өзге қырынан ойлауға, проблемалық сұрақты шешуді шығармашылықпен ойластыруға түрткі болады. Қазіргі білім беру жүйесінде сан алуан технологиялардың табыс кілті болып жатқанындай, әралуандықты жақсы көретін және өзгерістерді қалайтын оқушылар үшін интеграцияны этнопедагогикамен ұластыра қолдану да қызықты білім алудың жолы бола алады. Көркем әдебиет пен математика ғылымдары арасындағы байланыс таңсық көрінуі мүмкін, бірақ бұл пәндердің өзара байланысын түсінуді қаласаңыз терең ойдың жатқанын аңғаруға болады. Мәселен, әдебиеттік оқу пәніндегі математикалық тапсырмаларды, сюжетті құру, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен математикалық ұғымдарды зерделеуді алалық. Алдымен оқушылар әдеби шығарманы немесе математикалық элементтері бар әңгімелерді таңдайды, көбінде бастауыш сыныпта педагог материалды баланың жас ерекшелігіне байланысты бірден де ұсынады. Алынған материалдың мазмұны математикаға қатысты логикалық жұмбақтарды немесе есептеуді қажет етуі тиіс. Екінші қадамында оқушылар шығарма мазмұнынын түсіне отырып, математикалық есептердің, логикалық басқатырғыштардың немесе концепциялардың кейіпкерлердің шешімдеріне қалай әсер ететінін немесе оқиғаның қалай өтуіне қалай әсер ететінін зерттеуді іске асырады. Зерттеу қорытындысын презентациямен немесе эссе жазумен демонстрациялауға болады. Оқушылар әдеби шығармадағы математикалық есепті немесе жұмбақты талдау барысын көрсетіп, мәтіннен дәйексөздерді қамтып интеграциялық байланысты сезіне алатын болады. Керісінше, өз ойлауларымен есеп немесе басқатырғыштар құрастыруда оқыған әдеби шығармаларының тақырыптарын, өздері талдаған кейіпкерлерінің образдарын математикалық тұжырымдамалармен дәйектей алатын болады. Бұндай жұмыс үдерісі білімге біржақты емес, сан қырынан қарауға, өзіндік ой қосуға, әрқашан ойлау туралы ойлануға итермелейді. Сөзіміз дәйекті болуы үшін қазақ ертегілерінен «Түлкі мен ешкі» ертегісін қарастырып, оның математикалық шамалармен байланыстылығына есеп ойластыруды қарастыралық. Алдымен жоғарыда айтқанымыздай шығарма мазмұнымен таныс болғанымыз дұрыс, бұл әрекет сыныптағы барлық оқушылардың үдеріске белсене қатысуларына себепші болады.

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

  • Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

  • Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан екі қарыс мүйізіне табан тірепті де, сондай жерде ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты. [1]

     Тапсырма: Енді ешкінің су ішем деп түскен апанның тереңдігін анықта.

1-кесте

Қарыс

Picture 4

- бас бармақ пен шынашықтың керіп ұстаған арасы, 19-20 см мөлшері

Шешімі: қарыс – 20 см шамасы. Ешкінің мүйізі екі қарыс, ол – 40 см.

Сондай жер дала дегені де – 40 см.

Енді ешкінің тұрқы шамамен 70 см десек, апанның тереңдігі 40+40+70=150 см, яғни 1 м 50 см болғаны.

Бұл ертегі ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі бола тұрып, оқушының сындарлы ойлауын этнопедагогикалық ұғыммен қабыстырып, біртұтас нәтижеге бағыттайтыны сөзсіз.

Жаман жолдас

Екі дос келе жатты. Алдарынан бір аю шығыпты. Бұлардың біреуі ауру екен. Екіншісі мықты жас жігіт еді. Ол аюды көрді. Содан соң бір биік ағаштың үстіне шығып кетіпті. Ауру жігіт өлген адамға ұқсап жата қалады. Аю қасына келіп иіскелейді де, жөніне кетеді.

-Аю құлағыңа не деп сыбырлады? – дейді жолдасы.

-Жолдасын тастап қашатын адаммен дос болма деді, - депті.

Ы. Алтынсарин [2]

Тапсырма: Енді осы өсиетті әңгімедегі талдың биіктігін өлшеп көрелік. Тал - бұталы және ағаш тектес өсімдік. Табиғатта талдың 170 түрі бар. Биіктігі 10-15 қарыға тең, кейбір түрлерінің биіктігі 40 қарыға дейін де жетеді.

Шешімі: Қары – оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, сол қолдың ортаңғы саусақ ұшына дейінгі аралық. Ол – 1 метрге тең шама болады.

2-кесте

Қары


Picture 4

оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, сол қолдың ортаңғы саусақ ұшына дейінгі аралық

Өсиет әңгімедегі кейіпкер өрмелеп шыққан талдың биіктігі 10, 15, 40 қарыға тең болды дейтін болсақ, 10 метр, 15 метр және 40 метр деген қорытынды шығаруға болады.

Интеграция әртүрлі элементтерді, идеяларды, пәндердегі деректерді біртұтастықта біріктіру процесін білдіретінін келтірілген мысалдардан байқаймыз. Біз өзіміздің ұлттық рухани нышандарымызды пәндердегі тапсырмаларда орынды және әртүрлі оқу пәндерінен алынған білімді байланыстыруды қолдана алатын болсақ, ұлт тәрбиесіне елеулі үлесіміз болары анық. Білім берудегі пәнаралық интеграция тақырыбы көптеген ғалымдар мен педагогтердің назарында. Білімнің өзі біржақты болмайтынын, оның санқырлылығын өзіміз де аңғарғанымыздай интеграция идеясының дамуына өзіміздің тарапымыздан да басқаша тұрғыда қарап жатырмыз. Жубауова Ж. Р. «Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру» атты мақаласында «Қазіргі таңда проблемалық оқыту өзекті болып, лидерлік позицияда тұр. Өйткені, проблемалық оқыту оқушының өз бетінше ізденуіне, мұғалім мен оқушының арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты нығайтуға, ортақ мақсатқа жетуге, танымдық белсенділік пен құзырлылықты арттыруға негізделген. Бұл жағдайдағы оқыту субъектілердің бірлесіп ізденудегі әрекеттері деп есептеуге болады. Себебі оқушы проблемаларды шешуші болса, ал мұғалім бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы және көмекшінің рөлін атқарады. Проблемалық оқыту интеграциялық негізде оқытудың жетекші ұстанымдары мен білім беруді дамытудың бағыттарымен ұштасады», - деп сипаттайды. [3] Тәрбиенің бастауы болар этнопедагогикалық шығармашылық тапсырмаларды құрастыру арқылы өзіндік ойлану, өмірмен байланыстыру, қолдана алу қабілетін шыңдау өте қажетті үдеріс.

Көркем әдеби шығармалардағы құрастырылған тұрмыстық ойлы есептер мазмұны беріле отырып, ауызекі сөйлеу арқылы қазақы өлшемдердің атауын білуге үйретеді. Тіл дамыту мен математикалық өлшемдер қазақы болмыста беріліп, ой жүйріктігі шыңдалып, қозғалысқа түсіп, белгілі бір дәрежеде ішкі даму сатысына көтерілері сөзсіз ақиқат. Ұлтымыздың ұмыт бола бастаған қазақы өлшемдерді жаңғырта отырып, сындарлы ойлауды дамытамыз. Сонымен бірге бұл өлшемдердің қазіргі өлшемдерімізге шамамен ғана жуықтайтындығын ескерген жөн. Өйткені, бұрындары тұрмысқа қажетті өлшемдер қолда бар заттармен немесе адамның өз дене мүшелерінің шамалық өлшемдеріне сүйенгенін түсінген дұрыс болады. Осыған сәйкес тағы мысал қарастырамыз.

Базардан – базарлық

Сәлім базаршылап кетіп барады. Алдына салған құнан өгізін пұлдаса, үй-жайға керекті біршама дүниелер бар еді. Барды, өгізін сатты. Қолындағы пұлына 10 кез көйлектік мата, 7 қадақ шай, 2 пұт қант, 1 арқа ұн алып келді. Қалған сабан ақшаны қойнына тығып, үйге қайтты.

Тапсырма: Сәлім сатып алған тауарлардың салмағын анықта.

Шешімі: 1 кез – 50 см, сонда 10 кез мата – 5 метр болады. 1 қадақ – 200 грамм, 7 қадақ шай 1400 грамм немесе 1 кг 400 г болады. 1 пұт – 16 килограмм, 2 пұт қант – 32 кг тең. 1 арқа жүк – 50-60 кг тең, демек 50-60 кг шамасында астық алып келген екен деп тұжырымдаймыз.

Жоғарыда салалап түсінгеніміздей, көркем әдеби шығарманы таңдап алып, оны түрлендіре есептер құрастыру білім алушылардың көзқарасының өзгеруіне, шығармашылық талпынысының ұшталуына жетектейді. Сол мақсатта көненің көзіндей боп ұмытыла бастаған ескі өлшемдерді интеграциялап қолдануды шығармашыл педагогтерге ұсына отырып, этнопедагогикалық тәрбиенің жаңғырып түлеуіне үлес қосуға шақырамын.

3-кесте

Білем


Picture 10

-ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық

   Бір уыс

 


Picture 9

-қол саусақтарын жұмдастыра бүккендегі ішкі шұқыр өлшем

 Шөкім

   

Picture 7

ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем

Шынтақ

Аршын



Picture 6

шамамен екі қарысқа тең мөлшер

шынтақ пен саусақ басының аралығы

Қарыс

Picture 4

- бас бармақ пен шынашықтың керіп ұстаған арасы, 19-20 см мөлшері

1 сүйем


Picture 3

бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, шамамен 17-20 см 

Кез


қолдың ұшы мен қолтық аралығы

Шымшым


Picture 1

ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем

Кере қарыс


Picture 11

бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық, 21-22 см

Тұтам


Picture 10

бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық, 4 еліге тең ұзындық

Сере


Picture 9

сұқ саусақ пен шынашақтың арасы, ол 15 см-ге тең

Елі

Picture 8

- сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең болатын өлшем, 2 см

Қарыс сүйем


Picture 7

бас бармақ пен ортан саусақтың аралығы , 21-22 см

Сынық сүйем

Picture 1

бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық

Қос уыс

Picture 3

-қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі ішкі шұқыр өлшем

Кере құлаш


Picture 2

-иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы, шамамен 9 қарыс

Қадам

Picture 14

жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы

Аттам

Picture 16

екі аяқты кере созғаңдағы қашықтық


Табан

Picture 13

аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы


Қорытындылай келе, интеграцияның өз қызметінде этнопедагогикалық сипатта білім мен тәрбие берудің көзі ретінде қарастырылуы оң өзгерістерге бағыттайтынына сенімдімін. Пәндерді өзара интеграциялау ұлттық құндылықтармен өзектестіріліп, өтілген тақырыпты басқа пәндегі материал арқылы тереңірек түсінуге немесе бекітуге мүмкіндік береді. Оқушы алған білімдерін өзара сабақтастырып, байланыстырады, пәндік білімдерін тереңдетеді.




Қолданылған дереккөздер:

  1. Түлкі мен ешкі - Ыбырай Алтынсарин – Ертегілер – (bilim-all.kz)

  2. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. Ана тілі Г. Уайсова, Г. Т. Сәдуақас, А. С. Бесірова. Алматы «Атамұра» 2021 77-78-б

  3. Жубауова Ж. Р. Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру//Молодой ученый. – 2014. - №1.2 (60.2). – С. 57-60. – URL: https://moluch.ru/archive/60/8932/

  4. Байырғы қазақ өлшемдері- Уикипедия (Wikipedia.org)








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!