Материалдар / Интеграция сабақ "Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеграция сабақ "Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл кіріктірілген сабақ жоспары өзін-өзі тану пәнінің мұғаліміне арналып жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2018
691
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану

сабағының жоспары

Мектеп №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп

Мерзімі: 18.03.2017ж

Тақырып: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, көмектесу

Сынып 2 Оқушы саны: 16

Мұғалім: Надирбаеве Н.Ж Мавленова Күләш

Сабақтың мақсаты: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы мәлімет беру.

Міндеттері:

Білімділік: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы ұғым ,оны қорғау туралы түсінік беру,олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қаблетін,сөздік қорын дамыту,қамқорлық жасауға көмектесуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Оқушыларды қамқорлық жасауға, көмектесуге тәрбиелеу.

Ресурстары: суреттер,

плакаттар,

фламастер,

АКТ

Бейнебаян

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,назарын сабаққа аудару

Жануарлар арқылы топқа бөлу


Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте жарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


Үй тапсырмасын тексеру

74 бет Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»

  1. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген өсідіктерді ата.

  2. Сендер қалай ойлайсыңдар,кітап неге «Қызыл» деп аталады?

  3. Өсімдік өсу үшін не қажет?

  4. Өсімдік мүшелерін ата?

  5. Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

  6. Өсімік қалай көбейеді?


Үй тапсырмасын қорыту.

Өсімдіктердің адамға пайдасы өте көп сондықтан біз оларға қамқорлықпен қарауымыз керек.


Жұмбақ

Үсті толы ине.

Бірақта, іс тігіп,

Қадамайды түйме.

Жауабы (Кірпі)


Жеміс-жидек жегенім,

Балды жақсы көргенім.

Жауабы (аю)


Әңгімелеу

Жабайы жануарлар қорегін өздері табады жауларынан қорғанады. Олар өздеріне арнап тұрақ жасайды,көбейеді және балаларын қорғайды.

Осы жерде адамдарды жануарлармен салыстырып көрейікші,дәл жануарлар сияқты адамда өз баласын қорғайды қамқорлық жасайды. Үй жануарларын адамдар өсіреді,қолға үйретеді,қоректендіреді қорғайды. Оларға қора салады және төлдеріне қамқор болады.

Адамның бойында жақсы қасиеттер көп болса жануарларға қиянат жасамайды.Азайып бара жатқан жануарларға көбейюіне көмектесу керек.Ауыл маңындағы жабайы жануарларды,қорғау.Біздің ауылымызда ақбөкендер көп болған.Қазір кезде жоқ.Себебі адамдардың дұрыс әрекет жасамағанан.Олар жер аударып кетті.

Ақбөкен шөл,шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты,Ақбөкен жұп тұяқты жануар.

Қаншама көптүрлі болғанымен адам мен өсімдік сияқты жануарға да бес түрлі жағдай қажет.

Ол жағдайлардың бірі жоқ болса жануарлардың тіршілік етуі қиындайды.Осы жерде адамдарға келетін болсақ қиянат жасамау үшін адам баласына 5 құндылық міндетті түрде қажет екен. Қане балалар 5 құндылықты атап жіберейікші. Сүйіспеншілік,ақиқат,дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,қиянат жасамау.


Жануарлар туралы бейнебаян көрсету


Сұрақтар

1. Қандай жабайы жануарларды білесің ?

2.Үй жануарларына нелер жатады?

3.Жануарлардың тіршілігіне не қажет?

4. 5 Құндылықты атап беріңдер?

5.Жануарлармен адам баласының айырмашылығы неде?

6. Ал балалар жануарларға қамқорлық жасап көрдіңдер ме? Әңгімелеп беру.

















Топтық жұмыс

1-топ Жанурлар туралы мақал-мәтел айтқызу

2-топ Үй жанурлары туралы постер қорғату


3-топ Жануарлар тақырыбына байланысты суретерді бояу

4-топ Жануарлар түрлеріне байланысты кесте толтыру


Жыртқыш жануар

Шөпқоректілер

Жәндік қоректілер








Үйге тапсырма

81-82 бет Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі тақырыбын оқуға

Өзің білетін жануарлар туралы ақпарат жинап келу.



Соңғы тыныштық сәті

Жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды туған жерімізге, жанымызға жақын жандарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет!

Сау болыңдар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!