|
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
Сыртқы
интеграция: (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін
пайдалану)
«Өзін-өзі тану» пәнінің 5
«Т» әдісімен
ұйымдастыру.
5 «Т» ережесін сақтау:
Тәртіп, талап, тыныштық, татулық,
тазалық.
Тыныштық сәті. Тыныс алуға
зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін.Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің
ақылымыз дем алады.Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш
қабылдаймыз.Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды
сыртқа шығарамыз.
Кәне,
дайындалайық,балалар.
Көзімізді жұмамыз
...,арқамызды тіктейміз ..., қолдарыңызды тізеге қоюға болады
...
Дем ал ..., шығар ... (жаймен
9-10 рет)
Рахмет.
Оқушыларды сүйек түрлеріне
қарай үш топқа бөлу.
1-топ:
«Жалпақ
сүйектер»
2-топ:
«Қысқа
сүйектер»
3-топ: «Ұзын сүйектер»
2.Үй тапсырмасын
сұрау.
Сұрақ қою әдісі бойынша
сұрақтар қойылады:
1.Сүйектің қандай жасушалары
шеміршек ұлпасын жояды?
Ол не үшін
керек?
2.Адам ағзасына оссеин нәруызы
не үшін керек?
Жас өскен сайын оның мөлшері
қалай өзгереді?
3.Остеон цилиндрлері арасында
орналасқан зат неден тұрады?
Олар қандай қызмет
атқарады?
4.Сүйек қандай заттардан
тұрады?
Қандай заттар сүйекке беріктік
қасиет береді?
Сабақты биологиялық диктант
арқылы қорытындылау:
1.Сүйек дәнекер ұлпасының бір
түрі болып табылатын ... түзілген. (сүйек
ұлпасынан)
2.Сүйектің ұзынына өсуіне
түтік тәрізді сүйек басында болатын ... әсер етеді. (шеміршек
ұлпасы)
3.Жас өскен сайын сүйек
құрамында ... мөлшері азаяды. Сүйек иілгіштік қасиетін жояды.
(органикалық заттардың)
Ішкі
интеграция: (Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына
интеграциялау)
Үй тапсырмасын сұрағанда
сүйектердің иілгіштік және беріктік қасиеттерін «Иілгенге иіл, құлы
болмайсың» мақалымен
түсіндіру.
Адамның бір-біріне
кішіпейілдік танытып, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау, дұрыс
әрекетке жетелейтіні, адамның бір-біріне қайырымдылығы,
сүйіспеншілік сыйластығы
айтылады.
3.Сабақтың
дәйексөзі.
«Таяқ еттен өтер, сөз
сүйектен өтер»
Халық
мақалы
Дәйексөзден қандай ой
түйдің?
Дәйексөздің мағынасын ашу.
Хормен қайталату.
Ұл балалар қайталайды, қыздар
қайталайды.
Балалардың жауаптарымен
дәйексөздің мағынасын
ашамыз.
Ауыр сөздің мәңгіге есте
сақталып қалатынын, сүйекке жететінін
түсіндіру.
|