Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Интеллектуалды сайыс: "Математика және біз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Математика және біз....» сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыс

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы арқылы өткізу. Сыныпты безендіріледі. Шарлар, қанатты сөздер.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі 3 «Б» сыныбыда өтетін «Математика және біз » атты интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер ! Бүгінгі «Математика және біз,,, » интелектуалды сайысына қатысушы 3”Б” сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Алғырлар” және ”Тапқырлар” топтарын ортаға шақырып, құрмет – қошемет көрсетіп қояйық.

Мұғалім: Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейін.

 Әділ қазылар алқасының төрайымы–мектеп директоры -----------

 Мүшелері: Оқу ісі жөніндегі орынбасары –-------

 Бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі -------


Мұғалім:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар-дегендей бүгінгі сайысқа қатысатын “Алғырлар” тобымен таныстырып өтейін.

Топ жетекшісі – Юсанов Шахмурат

Мүшелері: Алымов Ельшат, Юсупжанова Шадиана, Ушурова Алинур, Турганов Амир, Имаров Алишер.

Сонымен сөз кезегін сәлемдесу рәсімі бойынша “Алғырлар” тобына береміз.

Топтың ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: 1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Келесі кезекте мен сіздерді “Тапқырлар” тобымен таныстырып өтейін.

Топ жетекшісі – Бакиева Набина

Мүшелері:Алымов Арман, Мамтиева Интизар, Дильшатов Ильяр, Жалилов Дияр, Ходжахмет Сабина.

- Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Алғырлар” тобына ұсынамын.

Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,

Сәлемдесуі: 1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.


Сайыстың жүру кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап.

2-кезең. “Жорға” – Математикалық жұмбақ есептер .

3-кезең. “Көкпар” сайысы

4-кезең-“Сиқырлы әріптер”

5-кезең-Топ басшылар сайысы


Мұғалім: Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,

Есептердің нақ шешімін беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біздің сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Бәйге» кезеңін бастайық.Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.

1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі,2 минут ішінде сол сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпай .

«Алғырлар» тобына:

1.Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз)

2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш. (Шаршы )

3.4 ондықтан құралған сан. ( Қырық )

4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр)

5.Кеміту амалы. ( Азайту )

6.Екі нүкте арасын қосқанда қандай пішін шығады? (кесінді)

7.Жеңіс күні қашан тойланады ? (9 мамыр)

8.Ең үздік баға (5)

9.Бастауышта неше жыл оқисыңдар? (4)

10.1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

11.Сабақтың басталатын уақытын ата (8сағ 00 мин)

12.1м-де неше см бар? (100см)

13.Қосу амалының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосынды)

14. Жүзде неше нөл бар? (2)

15.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір)

16. Кез келген санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады? ( содан кейінгі сан)

17.Үстелдің беті төрт бұрыш. Оның бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады? ( 5)

18. 1 см- де неше мм бар? (10 мм)

19. Санға нөлді қосқанда неше болады? ( сол санның өзі шығады?)

20.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм)



«Тапқырлар» тобына:

1.Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99)

2.Қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең геометриялық фигура. (тік төртбұрыш )

3.8 ондықтан құралған сан. (80 )

4.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата ( мм, см ,дм, м )

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (Шеңбер)

6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)

7.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)

8. Ең нашар баға. (2)

9.Сабақтың ұзақтығы неше минут?( 40 мин)

10. 1 жылда неше ай бар? (12)

11 Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Үйде неше адам отыр? . (3 )

12. 1сағ неше минут бар? (60 мин)

13.Азайту амалының компонеттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

16.Кез- келген саннан 1-ді азайтқанда қандай сан шығады? (сол санның алдындағы сан)

17. Ең үлкен бір таңбалы сан( 9)

18. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады? (3кг)

19.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен.... (қосындының мәні өзгермейді)

20.Жалпы мектепте неше жыл оқисыңдар? (11 жыл)


Мұғалім: Алғырлар мен тапқырлар,

Бар өнерін салады.

Білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады-деп келесі сайысымызға өтейік.



2-кезең. “Жорға” – Математикалық жұмбақ есептерді шешу.


Әр топқа екі есептен беріледі. Бір минут ішінде жауабын беру қажет. Жауап дайын болмаған жағдайда келесі топ жауап береді.

«Тапқырлар » тобына:

  1. Аулада 60 үйрек ,

Қорада 20 үйрек.

10 үйрек тығылды,

10 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (60)

2) 11 түйе, бес жылқы,

2 сиыр, бір ешкі.

2 қоян, үш түлкі

Болды сонда нешеуі? (24)


«Алғырлар» тобына:

1)Табақта 55 алма,

Қолымда 5 алма. 

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

5-еуін бердім апама,

5-еуін бердім атама

Қалды өзімде нешеуі? (50)


2) Көлден ұшты 50 қаз ,

Қайтып қонды 20 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қәне кім тез шешеді? (30)


Мұғалім:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі «Көкпар» сайысына көшейік.


3-кезең- «Көкпар» сайысы.


Әр бөліктегі ұяшықтардағы есептерді шығару керек 2 минуттың ішінде.

Мұғалім: Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озық келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады қапылыста.

Picture 2







4Picture 2 -кезең. “Сиқырлы әріптер” . Екі топ берілген есептерді жылдам шығару керек.












5-кезең-Топ басшылар сайысы . «Кім жылдам?»


Бұл бөлімде 30-дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап бері керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді.


Сол жақтағы 30. Математикалық шәкілдерді ата?
Ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/
Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44см, қабырғасы неше тең?/11см/
Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/
Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.
Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? /Ажар/
Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/
Ортадағы 50: Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады?(12/22)


Мұғалім: Математика-толған тәртіп, мағына мен мән,

Математика- толған тамаша заңдылық пен сән.

Математика -толып жатқан терең сыр

Шетсіз,шексіз дариядай бейне бір- деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Назарларыңызға көп-көп рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
1086
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12