Интеллектуалды-стратегиялық
ойындар
Әртүрлі мемлекеттерде құралған
бұл ойындар 3-14 жас аралығындағы балаларға арналған. Интеллектум
дегеніміз – ақыл-ой ойындар жүйесіӘр ойын балаға әртүрлі бағытта
дамуға көмектеседі. Ақыл-ой дегенде оның ішіне: байқағыштық,
анықтағыштық, жан-жақтылық және т.б. қасиеттер
шоғырланған.
Ақыл-ой
ойындарына:
Интелектуалды ойынды ойнатудың
ең бірінші мақсаты - баланың жетістігі, егер бала оқу орнында өзін
жеңіл әрі, көңілді ұстаған жағдайда үйге қайтқысы да келмейтіні
байқалады. Германияның ғалымдарының зерттеулері бойынша, балалар
көп сөйлейтін мұғалімдерді жақтырмайтыны белгілі болды. Балалардың
ішінде біразы ғана сабаққа толық араласып қатыса алады. Қалғандары
тек тыңдап немесе жазып ғана отырады. Ал бұл жағдай бюаланың
толылғымен дамуына, ашылуына, дүниетанымының кеңеюіне кедергі
жасайды. Бұл ойындар баланың арман-қиялын, ой-өрісін жетілдіреді.
Әр бала алдыңызға ойын ойнауға немесе оқуға келген кезде сіз бірден
оның көзқарасын, мінез-құлқын, ойын, арманы мен жоспарын, тіптен
болашақта кім болғысы келетінін зерттеп, тани бастауыңыз керек.
Ойын ойнаған сәтте балаларды суретке тусіріп, ата-анасына
көрсеткенде, олар өз баласының осылай істей алатынына таң қалған
екен. Егер шәкіртіңіз жеңіске жетсе, ягни сіз оны аша білдініз
деген сөз. Осы ойындар арқылы окушылар жазуын да түзеген кездер
болған. 8-9 жасқа дейінгі балада өз бетімен ойлау қабілеті
толығымен қалыптаса қоймағандықтан көптеген жетістіктерге жетем
десе балаға шахмат ойнауға ертерек.Олар өздері қате жібергеннен
кейін ғана ойлана бастайды. Балаға әрдайым дұрыс бағыт-бағдар беріп
отыру керек.
Ойындарды 3-6 сынып оқушылары
арасында өткізгенде 3 сынып оқушылары барлық ойынды жақсы үйреніп,
сәтті аяқтады. Ал 7 сыныптар бұл ойын үйрене алмаған кезде қатесін
түзеп, түсінгісі келмейтін жағдай да болды. Себебі, олар өздерінің
ерте даму уақытын өткізіп алды. Ойын баланы орнықты, тиянақты
болуға, сондай-ақ жан-жақты дамуға үйретеді. Әр ойынның топ
жетекшісі ауысып отырады, себебі олардың әр ойынға деген көзқарасы,
икемі бөлек. Ойынның қызығына кіргеннен кейін балалар өздері-ақ
бір-біріне көрсетіп, үйрете бастайды, оларда қызығушылық пайда
болады. Әр ойынға берілген әдістемелік кітапты қолдана отырып,
бэалаға өз бетімен істеуге үйрету. Әдістемелік кітаптар барлық
ойынға түсініктеме береді.
1-11 сыныптар аралығындағы
оқушыларға арналған 32 ойын түрі бар. Оның ішінде 14 ойын мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған.Олар:
1.
«EQUİLİBRİO»(стабильность-тұрақтылық) - мектеп жасына дейінгі
балалар үшін, баланы уақытты бағалауға үйрету, бөліктерді бір
уақытта тепе-теңдік сақтап қоюға бейімдеу, еш мінсіз жасауға
уйретуге бейімдейді.
2. «LOOK LOOK» - байқағыштықты
дамытады. Суретте көрсетілген белгілердің өз мағынасы бар. Соны
мұқият қарап, орындау керек. Әр топта 4 адамнан болады, ең бірінші
болып 2 рет «LOOK LOOK» сөзін құраса сол
жеңеді.
3. «REVERSİ»- аудару деген
мағынаны білдіреді. Тура және диагональ бойынша ғана жүруге
болады.
4. «PENTAGO»- паралель немесе
диагональ бойынша өз тас түсіңізден 5 рет жүрсең жеңіске
жетесің.
5. «QBİTTZ»- өрнкті
кубиктерден берілген тапсырмадағы суретті қайталап жасау керек.
Ойын ережесі барған сайын қиындай түседі. Балаға жеңілінен бастап
үйрету керек.
6. «ZIPZIP (SKİPPİTY)» -
Ойынды 4 адам ойнайды. Фишкалар жинайды, кімде көп сол бірінші
орынға шығады.
7. Умелый конструкции -
Жұмасына 2-3
рет балалармен құрылыс
жобасын жасауға болады. Үй, гараж, спорт алаңы т.б. қызықты құрылыс
жасау арқылы бала бойында жақсы қасиеттер орнығады. Жас мөлшері мен
кісі саны маңызды емес. 1 адам топ лидері болады, жеңілінен бастап
ойнатқан дұрыс.
8. «DİZİOS» - фигураларды
түсіне қарай дәлдеп қою керек, 4 адам ойнайды. Қарсыластың жолын
жауып, жүрісін бөгеу керек. 4 карточкадан
таратылады.
9. «Q-WİRKLE» - түстеріне
немесе фигураларға байланысты қатар құру керек. Қатарынан 6 бірдей
түс не түрі шықса оны 2- ге көбейтіп ұпай санын жазып отырады. Ұпай
саны көп ойыншы жеңеді.
10. 3 D кубики – Ең күрделі
ойындардың бірі болып табылады. Тапсырмалар бойынша кубик не басқа
форма құрау қажет. Бұл ойын балаларға өз проблемаларын шешуге
көмектеседі. Әртүрлі фигуралар құрастыру үшін олар өз нұсқаларын
ұсынады.
11. «TANGRAM» - фигураларды
жинау керек. Жеңілінен ауырына қарай ойнаған
дұрыс.
12. «SİX» - Түрік
ойыны.
13. «MANGALA» - халықаралық
ойын. Шыққанына 4000 жыл болған, тарихы тереңнен тамыр алған ойын.
Қазақтың тоғызқұмалақ ойынына ұқсайды.
14. «META FORMS» - кеңістікте
бағдарлау үшін қажет. Алғашқы 20 беті жеңіл, қиындай түскен сайын
көмек көрсетпеген дұрыс. Әр балаға тапсырманы әр беттеен беру
керек. Қиындай түскен сайын 7-8 сынып оқушыларына да ойнатқан
дұрыс. 20 беттен бастап көмек қажет етеді. 1сабақта 10 бет
орындауға болады.