Материалдар / Интеллектуалдық сайыс " Алтын сақа"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалдық сайыс " Алтын сақа"

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 сынып мұғалімдеріне арналған интеллектуалдық сайыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

                                     


«Алтын сақа» ойыны

Тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауыз әдебиеті шығармаларынан оқығандарын еске түсіру. Ойлы сөйлеуге, өнер – білімге шақырып, алғырлыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөз мағынасын түсіне білу, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Оқушыларды Отанды сүюге, Отан алдындағы борышы мен міндетін айқын сезінетін, асқақ арман, биік мұраттарға талпына білетін ұлтжанды ұландар тәрбиелеу
  Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, әдет-ғұрыпты сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асық, конверттер.

Сабақтың типі:танымдық

Сабақтың мазмұны:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық  даярлық.

І. Кіріспе:

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітаппен достассаң көп білесің. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім-бұлағы, білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші.

Ендеше, балалар мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.

-Әдебиет жанрының неше түрі бар?

- Дұрыс айтасыңдар, Жазбаша және ауызша әдебиет жанрлары бар.

-Жазбаша әдебиетке анықтама бере кетсек?

-Ауызша әдебиет деп қандай шығармаларды айтамыз?

- Әрине

-Сол ауызша әдебиет жанрының ішіндегі өзінің ерекшелігімен көзге түсетін қандай шығармалар тобы?

-Иә батырлар жыры

- Олай болса, сайысымыз халық ауыз әдебиетіне жататын Алпамыс батыр жыры жайлы болмақ. «Алпамыс батыр» жыры – қазақтың қаһармандық эпосы, батырлар жырының көне әрі көркем үлгілерінің бірі. Жырда қазақ халқының тұрмыс – күйі, әлеуметтік қарым – қатынасы, әдет – ғұрпы, дүниетанымы айқын бейнеленген. Жырдың негізгі идеясы – халықтың тәуелсіздігі, бейбіт, тыныш өмірі, адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әділет адамгершілік жолындағы күрес. Жыр қазақтан басқа түркі тілдес өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай, тәжік т. б. кездеседі. Жыр тұңғыш рет 1899 жылы Қазанда «Қисса – и – Алфамыш» деген атпен басылды. Жырды халық арасынан жинап, бастыруда, таратуда және насихаттауда Ә. Диваев еңбектерінің маңызы ерекше.
... Әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі, өрнек етіп аламыз? Әрине... жырларды, жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді айтамыз. (А. Байтұрсынов)

- Бүгін міне құрметті ұстаздар, оқушылар сол ауызша әдебиет жанрының батырлар жырына жататын Алпамыс жыры бойынша «Үздік оқырман» атты сайысымыз болғалы жатыр.

-Оқушылар аталмыш шығарманы оқып, тоқып міне дайындықпен ортамызға келіп отырсыздар. Сайысымыз арқылы қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз. «Үздік оқырманды» анықтау. Өз біліміңді ортаға салар кез келді.Ендеше оқырмандарға іске сәт!

- Бүгінгі біздің ойынымыз әдеби олимпиада түрінде болмақ, ол «Алтын сақа» деп аталады. «Алтын сақа» ойыны 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 5 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл, сары, көк, жасыл) Өздері жөнінде мәліметтер береді.

Әр күймеде алты асықтан болады. Жауап бере алмаған оқушы сол ойынның кезеңінде қалады. Егер сұраққа жауап беріп жатса келесі сайысқа өтуге мүмкіндік алады.. Сонымен сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.


Өтілу жоспары:
1. Табалдырық
2. Әудемжер
3. Қозыкөш
4. Жолайрық
5. Алтын көмбе

Ендеше бірінші сайысымыз «Табалдырық» бұл сайыста ойыншыларымызды, оқырмандарымыздың арасынан сұрақ қою арқылы таңдап аламыз.

Іске сәт!

1. Табалдырық сайысы

(Сұрақ қою оқушылардың арасынан 5 ойыншыны таңдап алу)
Ер үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Ел үшін жаннан етіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас.

СҰРАҚ:

  1. Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

Сырлы асасы қолында,

Өзі ақтың жолында,

Бір диуана келді де,

Асамен түртіп оятты. Ол кім еді? (Жауабы: Шашты Әзиз)


  1. ......Неше? жасы толғанда,

Кетем деп, байғұс, арманда,

Қайғылы болып қамықты

Перзентсіз болып қалғанға.

Құбылаға бас беріп,

Екі көзге жас беріп,

Байбөрі Хаққа налынды: (Жауабы: сексенге)


  1. Бенденің бар ма шарасы?

Атадан жалғыз ер еді,

Еңіреген ердің бірі еді,

Жоқ екен іні-ағасы.

Кім ? деген туысқан —

Немере мен шөбере

Екеуінің арасы. (Жауабы: Құлтай)


  1. Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бай бопты,

Төрт түлігі сай бопты.

Неше мың ? екен қорасы, (Жауабы: тоқсан мың)


  1. Бұрынғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда,

... Жиделі Байсын жерінде,

Қандай елде?

Байбөрі деген бай бопты, (Жауабы: Қоңырат)


  1. Әудемжер сайысы

Жүргізуші: Мінекей, сайысқа қатысушыларымызды анықтап алдық. Ал, енді сайыскерлерімізі өз-өздерін таныстырып өтсе. (оқушылар өздерін таныстырады.)

-Өте жақсы.Осы кезеңнің талаптарымен таныстырып өтсек. Күйменің түсіне қарай 5 асық алынады. Бірінші жауап беру үшін асықтары иіріледі. Қай асық алшысынан тұрса, сол бірінші жауап береді. Келесі сайысымыз: Әудемжер
1. Алшы

2. Тәйке

3. Шік

4. Бүк

5. Қынжы
Қазір экраннан ұяшықтар шығады әр оқушы өзі қалаған ұяшықты таңдап жауап береді. Кім дұрыс жауап береді сол ойыншы келесі сайысқа өтеді.

1

5

2

6

3

7

1 ұяшық: , Шекті деген елінде Кім деген бай бар еді? (Жауабы; Сарыбай)

2 ұяшық: Сарыбай деген бай бар еді, онда да перзент жоқ еді. Байбөрімен екеуі сөйлескенде, екеуі не деп арман қылатын еді? (Жауабы:«Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау»,— деп жылайтын еді.)

3 ұяшық: Біртүрлі болды нұсқасы,

Порымды мынау баланың.

Алдымдағы жақсылар,

Келбетіне қарағын.

Кеудесі болды кепедей,

Мұрны болды төбедей,

Күрек тісі кетпендей,

Кеңірдегінің тесігі

Жүгімен түйе өткендей.

Құлағы болды қалқандай,

Мұрынына қарасаң,

Сығымданған талқандай.

Көзі терең зындандай,

Басқан ізін қарасаң,

Көрінед оттың орнындай.

Аузы үлкен ошақтай,

Азу тісі пышақтай.

Иегі бар сеңгердей,

Бір батыр болды сол күнде-ай. Кім жайлы айтылып тұр? ( Жауабы:Ұлтан)

4 ұяшық: Байбөрі мен бәйбішесінің түсінде қандай аян беріледі? (жауабы: Ей, бишара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты Алпамыс,

Қызыңның аты Қарлығаш,

Атса, мылтық өтпейді,

Шапса, қылыш кеспейді,

Қалмақтармен болар қас.

Түрегел де қолың жай,

Болады өзі өмір жас!»

5 ұяшық: Сол уақытта Сарыбайдың бәйбішесі бір қыз туып, оның атын кім деп қойды? (Жауабы: Гүлбаршын)

5. Байбөрі байдың бәбішесі кім еді? (Жауабы: Аналық)

6.Алпамыс он жасқа толғанда қандай бала болып өседі? (Жауабы: Ойнап жүріп ұрған баласы өліп қала беретін болады)

7.Баласы өліп қалған кемпір Алпамысқа не дейді? (Жауабы: Жасыңнан саған айттырған

Сарыбай бір күн ойлады,

Алғыр құстай бойлады:

«Жалғыз қызым бермеймін,

Артынан бала тумады —

Алпамыс қыран өледі,

Артында жоқ көмегі.

Алпамыс батыр өлгесін,

Құлға қызым тиеді.

Құлға қызым тигесін,

Қандай қорлық көреді?!»

Осыны ойлап Сарыбай,

Бөліне көшіп жөнеді.

Күшің болса, барсаңшы,

Жесіріңді алсаңшы!

8. Гүлбаршын тасқа не деп жазды?( Жауабы:Алпамыс жалғыз келсе деп,

Жазған хатты көрсе деп,

Тасқа қалам басады:

«Алпамыс» деп ат жазып,

Өзінің атын қосады.)

9. Мұрындық, ноқта тимеген,

Түйешілер мінбеген

Неше мың екен маясы? (Жауабы: Сексен мың)

Мінекей дұрыс, мүдірмей жауап берген ойыншыларымыз келесі кезеңге өтеді. Ал, өкінішке орай жауап бере алмаған ойыншымыз «Табалдырық» кезеңінде қалады.

.


  1. «Қозыкөш» сайысы

  1. Менің күйеуім Алпамыс жалғыз болды, егер жазатайым өліп кетсе, қызым Ұлтан құлға қор болар, қызымды бермей, жер ауып көшейін»,— деп ойланып, Ол қай елмен бірге тегіс көшіп кетті. (Жауабы: Шекті елі.)

  2. Жүгендеп басын алғанда,

Үстіне ер салғанда,

Шұбар ат неше жасар ат болды? (Жауабы: сегіз жасар)

  1. Енді Алпамыс бақырып,

Не деп ұран шақырып?

Қалмаққа жалғыз тиеді. (Жауабы: Алатаулап)

  1. Қалмақтарда бар екен

Әрқайсысы бір мыңнан

Он қарадан бір қара

Зекеттеп алып жеп жатыр.

Қызметінде көп батыр.

Кім деген бір батыр.бар еді? (Жауабы: Қараман)


  1. Жолайрық

Ал , міне Жолайрыққа да жетіп қалыппыз. Жолайрыққа қош келдіңіздер. Бұл кезеңде әр ойыншыға жыр бөлігінен түсіп қалған сөздерді қойып жыр шумағын толықтырулары қажет

1.Астындағы шұбар ат

Сүмбідей болып жарады.

Бет алдына қараса,

.............................. көрді,


2. «Бұл қалай?»— деп таң көрді.

Шаң астына қараса,

....................................көрді.


3. Ту астына қараса,

Жер қайысқан қол көрді.

Қол артына қараса,

Ақ шатыр мен көк шатыр

.................................көрді.


5. Алтын көмбе

  1. Қазына аузын ашқалы.

Таратты алтын-күмістен

Қалғанынша мысқалы.

Алтын-күміс арттырып,

Асыл кілем жаптырып,

Түйеден алды бураны.

Қаны қашып бетінен,

Іреңі жаман қуарды.

Қай күні Байбөрі мен бәйбішесі жол жүрмекке қосын шығарды.

(Жауабы: Сәрсенбі күні сәскеде)

Сұраққа жауап берсе, ол жеңімпаз болып табылады.

"Кері байланыс:

«Ал ең соңында айтарым"

Оқушыларға жүйелі үш сұраққа жауап беру ұсынылады:

  • Үміттеріңіз қаншалықты расталды және ол үшін кімге алғыс білдіресіз (мұғалімді қоспағанда)?

  • Не расталмады және неліктен?

  • Менің және біздің келешегіміз?

Оқушылармен керібайланыс жүргізіп сайысты аяқтау.

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!