Интеллектуалдық сайыс «Кім
алғыр, кім жүйрік»
М.М.Айткенова
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия мектебінің математика пәнінің
мұғалімі
Оқушылардың математика пәніне
қызығушылығын арттыру барысында мектептегі пән апталықтарының,
сыныптан тыс жұмыстардың да айтарлықтай үлесі бар. Оқушы
математикалық білімнің тек сабақта ғана маңызды емес, өмірмен де
байланысты екенін түсінеді. Түрлі ребустар, сөзтізбектер,
оқушылардың өз қолдарымен жасалған модельдер, буклеттер, слайдтар
оқушыға ой салады, математикалық ой ұшқырлығын дамытады, сабақта
алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдана білуге үйренеді.
Математика апталығының оқушылардың сабақта алған білімдерін
жетілдіріп, оқушыға ой салатындай деңгейде, мазмұнды өтуіне үлкен
мән беремін.
Осы орайда математика
апталығында 6 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы» деген айдармен
өткізген сайыстың жоспарын әріптестеріме ұсынып
отырмын.
Қатысушылар - 6- сынып
оқушылары.
Сайыстың
бағдарламасы:
-
Бәйге;
-
Тапқыр болсаң шешіп көр!» -
жанкүйерлер сайысы;
-
«Полиглот»
сайысы;
-
Ғажайып
ұяшықтар;
-
«Математикалық шеберлік» -
суретшілер сайысы;
-
Жарнамалық роликтер - жанкүйерлер
сайысы;
-
Қорытынды
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі
азамат. «Білімді азамат- ел ертеңі», «Білекті – бірді, білімді –
мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі математикалық
білім сайысына 6 а,б сыныптары қатысқалы келіп
отыр.
Асып әсте
саспа,
Батыл қадам
баста!
Еркін ұстап
өзіңді,
Жарыста сен қалыспа!
1-жүргізуші: Сіздерді аламан сайысқа
шақырамыз,
Есеппен бастарыңызды қатырамыз.
Саралап математиканы ұғындырып,
Шынайы білімдеріңізді толтырамыз.
2- жүргізуші: Сайыс қазір басталады,
Ұмыт болғанды еске салады.
Қиын да болса, қызық болады,
Қоржындар ұпайға толады.
1-жүргізуші: Сайыскерлер төрге
озыңыздар!
2- жүргізуші: Жанкүйерлер
ыстық қолдаңыздар!
1- жүргізуші:
Ойнаңыздар!
2- жүргізуші: Ойлаңыздар!
1- жүргізуші: Жайбарақат болмаңыздар!
2- жүргізуші: Қызықтан шет
қалмаңыздар!
І кезең.
«Бәйге»
1.Баскетбол ойынында алаңда
неше ойыншы ойнайды? (5)
2. 4 орындаушыдан тұратын
музыкалық ансамбль қалай аталады? (квартет)
3. 1- ден кем бөлшектер қалай
аталады? (дұрыс
бөлшектер)
4. «Ертөстік» ертегісіндегі
Ерназар байдың неше ұлы болған? (9
ұл)
5. «Айнал» командасы берілгенде жауынгер қандай
бұрышқа бұрылады?
(180 градусқа)
6. Ежелгі Отырар қаласында тұрған Орта Азия
философы, математигі?
(Әл-Фараби)
7. Тәуліктің 1/24 бөлігі
? (сағат)
8. Бір- бірімен тік бұрыш
жасап қиылысатын түзулер (Перпендикуляр
түзулер)
9. 75 –тен 25 нешеге
тең? (1/3)
10. 1 пұт неше килограмға
тең? (16
кг)
11. 5 адамнан құралған
музыканттар ансамблі қалай аталады? (квинтет)
12. Ерасыл бұрылыста терезеден
қарағанда алдында 9 вагон, артында 7 вагон бар екенін байқады.
Ерасыл келе жатқан поездің неше вагоны бар?
(17
вагон)
13. Али - Бабаның неше сарбазы
бар? (қырық)
14. Вундеркинд сөзі нені
білдіреді? ( Өте дарынды
бала)
15. 25% неше бөлікке
тең? (1/4)
16. Апа-әжелеріміздің басына
тартып жүрген орамалдары қандай математикалық фигураға негізделіп
жасалған? (шаршы)
17. Әкесі мен баласы бөренені
кесіп жатыр. Бөренеде 10 тілік жасалғанда неше бөлік пайда
болады? ( 11 бөлік
)
18. Волейболл ойынын алаңда
неше ойыншы ойнайды? (6
ойыншы)
19. Тік бұрышты координаталар
жүйесін оның құрметіне атаған француз математигі?
(Рене
Декарт)
20. 1/5
бөлік
неше процентке
тең? ( 20
%)
21. Ең кіші жай
сан? (2)
22. Таяқшаның неше ұшы бар
екені белгілі. Сонда төртжарым таяқшаның неше ұшы
бар? (10)
23. Екі қатынастың теңдігі
қалай аталады? (пропорция)
24. Оның есімімен Алматы
қаласындағы республикалық мамандандырылған физика – математикалық
мектеп-интернаты аталған, қазақ халқының дарынды ұлы, академик кім?
(О.А.Жәутіков)
І кезең бойынша әділ қазылар
алқасының қорытындысы шығарылады. Осы сұрақтарға дұрыс , әрі
басқалардан бұрын, шапшаң жауап берген оқушылар сайысқа іріктеліп
алынады.
ІІ кезең. Жанкүйерлер
сайысы.
Сайыс жүріп жатқанда жанкүйерлер де тыс қалмау
үшін олардың қатарынан да топ құрылып өзара жарыс
ұйымдастырылады.
Жанкүйерлер тобына берілген
тапсырмалар:
1. Нашар жабылған краннан
минутына 110 тамшы, 1 сағатта 600 грамм су далаға ағып кетеді.
Сонда 1 айда және 1 жылда неше литр су далаға ағып
кетеді? (432 л, 5184
л.)
2. Командадағы 11 футболшының
орта жасы 22 жас. Ойын кезінде ойыншылардың бірі жарақаттанып
алаңнан кетті. Енді алаңда қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды.
Алаңнан кеткен футболшы неше жаста?
(32 жаста)
3. Кроссворд шешу:
1. Алымы бөлімінен кіші
болатын бөлшек;
2. Алымы бөліміне тең немесе
одан үлкен болатын бөлшек;
3. Бүтін және бөлшек бөліктен
тұратын сан;
4. Алымы 1 саны, бөлімі 1- ден
өзге натурал сан болатын бөлшектер;
5. ¼
бөлшегі
қалай аталады;
6. Көбейту амалының
компоненті;
7. Көбейту амалының
нәтижесі;
8. Тең бөліктердің
атауы;
9. ½
бөлшегі
қалай аталады;
Шешуі:
|
|
|
|
д
|
ұ
|
р
|
ы
|
с
|
|
б
|
ө
|
л
|
ш
|
е
|
к
|
|
|
|
|
б
|
ұ
|
р
|
ы
|
с
|
|
б
|
ө
|
л
|
ш
|
е
|
к
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
а
|
р
|
а
|
л
|
а
|
с
|
|
с
|
а
|
н
|
б
|
і
|
р
|
л
|
і
|
к
|
|
б
|
ө
|
л
|
ш
|
е
|
к
|
т
|
е
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ш
|
и
|
р
|
е
|
к
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
к
|
ө
|
б
|
е
|
й
|
т
|
к
|
і
|
ш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
к
|
ө
|
б
|
е
|
й
|
т
|
і
|
н
|
д
|
і
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ү
|
л
|
е
|
с
|
т
|
е
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ж
|
а
|
р
|
т
|
ы
|
|
|
|
|
ІІІ кезең.
Полиглот. Сайыскер берілген жұмбақтар
мен сұрақтардың жауаптарын қазақ тілінде айтып, соңынан орыс,
ағылшын тілдеріндегі аудармасын да айтуы тиіс.
1.Қабат- қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
2. Түзудің бойындағы екі
нүктемен шектелген бөлігі (кесінді
)
3. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез,
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын
күмбез.
(аспан)
4. 3600 секунд неге
тең (1
сағат)
5. Ілулі тұрған кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын
өшіріп. (Тақта)
6. Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға,
Шекесінен қараған.
Сан осін қақ бөлуге,
Сол саныңыз
жараған. (нөл
саны)
7. Жоқ өзінде бас та, қас та,
мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр
бойында. (сызғыш)
8. Қосу амалының
нәтижесі (қосынды)
9. Өзі сөйлей білмейді,
Салған
ізі сөйлейді. (қалам)
10. Түзудің бір нүктемен
шектелген бөлігі (сәуле)
11. Жолды уақытқа бөлгенде
шығатын нәтиже (жылдамдық)
12. Бір нүктеден шығатын 2
сәуледен құралған фигура (бұрыш
)
ІІІ кезең бойынша әділ қазылар
алқасының қорытындысы.
ІV кезең. Ғажайып
ұяшықтар.
-
-
-
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
40
|
40
|
40
|
20 ұпайлық
сұрақтар:
1). Қандай сан барлық санға
қалдықсыз бөлінеді? (0)
2). 0,1,2,3,4,5,.... 9
сандарының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
3). Өзің оқып жүрген
математика оқулығының авторы кім?
(Алдамұратова Т.)
30 ұпайлық сұрақтар:
1). 20 мың теңге шығынды
қандай санмен өрнектейді? (-
20 000)
2). 0 ≤ х ≤ 4 қос
теңсіздігінің шешімі болатын сан аралығын жазып көрсет және ата;
, кесінді
3). (-5; -3), (-2; -6) нүктелері қай координаттық
ширекте орналасады?
( ІІІ)
40 ұпайлық сұрақтар: Қазақ
халқының ежелгі өлшем бірліктері туралы сұрақтар:
1). Қазақта сүйемді қалай көрсетеді?
2). Қазақтың «құлаш » ұғымы
нені білдіреді? (ұзындықты)
3). Қазақта сынық сүйемді қалай
көрсетеді?
Әділ қазылар алқасы ІV
кезеңнің және жанкүйерлер тобының орындаған тапсырмаларының
қорытындысын шығарады.
V кезең. «Математикалық
шеберлік» - суретшілер сайысы.
Барлық қатысушыларға бірдей
тапсырма беріледі. Берілген нүктелерді
координаталық жазықтықта ретімен
белгілеп, көршілес
нүктелерді тізбектеп
қосатын болсаңдар нәтижесінде белгілі бір сурет
шығады.
Тапсырма:
Берілген
нүктелерді координаталық
жазықтықта ретімен
белгілеп, көршілес
нүктелерді тізбектеп қосыңдар:
-
бөлік:
(3;-8), (2,5;-7), (2;-5),
(1,5;-3), (1;0),
(2;5),
(1;3), (0,5;5), (0;3), (-0,5;5),
(-1;3), (-2;5),
(-1,0), (-1,5;-3), (-2;-5), (-2,5;-7),
(-3;-8).
2- бөлік:
(-2;5), (-2; 5,5), (-1;6,5), (0;7), (1;6,5), (2;
5,5), (2;5).
(Тапсырма дұрыс орындалса
Астана қаласындағы «Астана - Бәйтерек» кешенінің суреті
шығады.)
Сайыскерлер осы тапсырманы
орындап жатқанда келесі кезең - жанкүйерлер
сайысы
жүргізіледі.
VІ кезең. Жарнамалық
роликтер - жанкүйерлер сайысы:
Әр сыныптың жанкүйерлері өздері дайындаған
математикалық мазмұнды жарнамалық роликтерін көрсетеді.
VІІ кезең.
Қорытынды. Сайыскерлердің жинаған
ұпайлары саналып, жеңімпаз анықталады.